Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:02, 24 августа 2017

Азаматтарды қабылдау

2017 жылдың 23 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшелері БҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы емтихан қабылдау бөлімі мен автовокзал аумағында тұрғындарға жеке сұрақтарымен қабылдау жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар таратты.

Сонымен қатар, мобильдік топ мүшелері тұрғындарға заңнамалық көмектер көрсетіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 
0
254
0