место в рейтинге
  • 549
  • 0
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қарымды қаламгер Жеңіс Қашқынов атындағы турнир өтті

Елорда төріндегі «Алау» мұз айдынында спорт күніне орай үстел теннисінен белгілі ақын, қарымды қаламгер, КСРО Журналистер одағының, Жазушылар одағының мүшесі болған Жеңіс Қашқыновты еске алу турнирі өтті. Астана жастары және «Жеңіс Қашқынов» атындағы қор бірлесіп ұйымдастырған жарысқа әуесқой теннисшілер, шығармашылық өкілдері, журналистер қатысты.


Еске алу турнирінің ашылу салтанатында сөз алған Жеңіс Қашқыновтың баласы Ернат Қашқынов: – Әкеміз шығармашылықпен айналысып қана қоймай, спортпен де айналысқан. Қазақ күресі мен еркін күрестен спорт шебері. Қазаққа Қажымұқандай тарихи тұлғаның ғұмыры мен өмірдерегін жазып, танытты. Бүгінгі турнирді ұйымдастыру арқылы, әкемізді еске алып, оның спорт саласындағы жетістіктерін кейінгі ұрпаққа үлгі етуді ойладық. Жеңіс Қашқыновтың артынан өлмес мұра қалды. Әдеби шығармалары қалды. Сондықтан да салауатты өмір салтын берік ұстанып, спорттың сан-саласын серік еткен әкеміздің азаматтық тұлғасы халықтың жүрегінде мәңгі сақталатынына кәміл сенемін. Турнирға қатысқан барлық спортшыларға сәттілік тілеймін, – деді.

 


Көрнекті ақын Жеңіс Қашқынов 1942 жылғы 4 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы, бұрынғы «Қуаныш» ауылында туған. 1959 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы №12 қазақ орта мектебін, 1964 жылы ҚазМу-дің филология факультетін бітіріп шығады. Университет қабырғасында жүргеннен түрлі газеттерде өлеңдері, мақалалары жарық көріп, көзге іліккен жас ақын оқу орнын бітіргеннен кейін журналистік жолға біржола бет бұрады. Алғашқыда «Лениншіл жаста» (қазіргі «Жас Алаш») тілші болып, кейін 1965-1985 жж. аралығында Қазақ радиосында Әдебиет және драма редакциясын басқарады. Қазақ радиосында жұмыс атқарған кезінде М. Әуезовтың, Ғ. Мүсіреповтың, Ғ.Мұстафиннің, С. Мұқановтың, Қ. Бекқожиннің, Х. Ерғалиевтың, С. Мәуленовтың, Ғ. Қайырбековтің және М. Мақатаев сияқты ақын-жазушылардың; Ә. Қастеев, Ә. Жүсіпов, С. Романов сияқты суретшілердің; Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, С. Майқанова, К. Қармысов, Ш. Жандарбекова, С. Оразбаев сияқты тағы басқа да өнер адамдарының шығармашылық портреттерін жасап, дауыстарын радионың алтын қорына жаздырып қалдырды. Кейін Баспасөз комитетінде, «Мектеп» баспасында қызмет атқарды.

Жеңіс Қашқыновтың алғашқы өлеңдері 1959 жылы республикалық «Пионер» («Ақ желкен»), «Қазақстан пионері» («Алау») газеттерінде жарық көрді. Балаларға арналған тұңғыш «Кешкі күн» аталатын кітапшасы 1967 жылы, ал «Қоңыраулы сағат» атты бір томдығы 1989 жылы жарық көрді. Ақын бірқатар бауырлас елдер ақындарының жырларын ана тілімізге аударса, оның өлеңдері орыс, украин, өзбек, молдаван, грузин, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылды. Жеңіс Қашқыновтың «Кешкі күн», «Найзатас», «Алыптар мен арыстар», «Ақжолтай Ағыбай батыр», «Атыңнан айналайын, атамекен» кітаптары шыққан.

Ақынның құрметіне ұйымдастырылған үстел теннисі турниріне барлығы 40-тан астам әуесқой теннисшілер қатысты. Сайыс ұлдар мен қыздар арасында жекелей сында өтіп, ерлер арасында жеңіс тұғырына Ахметбек Биятов көтерілді. 2-ші және 3-ші орындарға Дәурен Қапашов пен Ерлан Әнуарбеков табан тіреді. Қыздар бәсекесінде Нұргүл Қонақбаеваға тең келер қарсылас табылмады. 2-орынды Айнұр Мұсапирова, 3-орынды Іңкәр Тұрсын алды. Жеңімпаз болған спортшыларға (Ұлдар мен қыздар сынына жекелей) «Жеңіс Қашқынов» атындағы қордың 25 мың теңгелік сертификаты табысталып, кубогі берілді. «Ең тәжірибелі ойыншы» аталымын «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бас редакторы, белгілі журналист Қайнар Олжай ағамыз қанжығасына байлады. «Ең жас қатысушы» номинациясына Екатерина Дремлюкова лайықты деп танылды.

Спорттық шара аясында ақынның салауатты өмір салтын ұстанған қырына байланысты құжаттар, суреттер мен бай мұрасы арналған көрме жұртшылық назарына ұсынылды. Жас әнші Ернұр Қабдраш Жеңіс Қашқыновтың сөзіне жазылған «Ақтоғайым – алтыным» (әні: Ескендір Хасанғалиев), «Сүйдім мен» (әні: Бағдат Омашев) әндерін әуелете шырқады. Ақын, журналист, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Олжас Қасым бастаған жастар біртуар қаламгердің өлеңдерін оқыды. Астанада өткен үстел теннисінің сайысына қатысқандардың көпшілігі – жүйрік журналистер мен ақын-жазушылар. Сондықтан келесі жылғы турнирді шығармашылық адамдары арасында ұйымдастырып, ақын, балуан атындағы бәсеке дәстүрлі додаға айналады.

 

Дереккөз:
http://adebiportal.kz/kz/news/view/19202

Alaupalace
24 августа 2017, 9:14
33

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2948
  • 34
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 2188
  • 38
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1824
  • 34
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 1780
  • 16
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1638
  • 14