«Алау» мұз айдынында Спорт күніне арналған спартакиада өтті

Alaupalace 2017 M08 21
40
0
2
0

20-тамыз күні «Алау» мұз айдыны сарайы» МКҚК, Қазақша және еркін күрестен спорт шебері, ақын  Жеңіс Қашқынов атындағы қормен, «Астана жастары» КММ-мен бірлесе отырып, Спорт күніне арналған үстел...

20-тамыз күні «Алау» мұз айдыны сарайы» МКҚК, Қазақша және еркін күрестен спорт шебері, ақын  Жеңіс Қашқынов атындағы қормен, «Астана жастары» КММ-мен бірлесе отырып, Спорт күніне арналған үстел теннисі, мини-футболдан спартакиада өткізді. Спартакиада барысында Қазақтың біртуар азаматы Жеңіс Қашқынов еңбектері мен жетістіктері жайындағы көрме қойылды. Спорттық шара салтанатты түрде ашылу рәсімімен басталды.

Спартакиадада Қазақстан ұлттық  телеарнасының бас редакторы Қайнар Олжай мырзаның бой көрсетуі «Алау» мұз айдыны ұжымы үшін үлкен мәртебе болды. Үстел теннисімен қатар ойын алаңында балалармен әртүрлі сергіту жаттығулары, ойын-сауық бағдарламалары жүргізілді.

Жарыстың нәтижелері төмендегідей болды.

Ерлер арасында үстел теннисінен: 
1-орын иегері – Биятов Ахметбек 
2-орын иегері – Қапашов Даурен 
3-орын иегері - Әнуарбеков Ерлан 
Әйелдер арасында үстел теннисінен: 
1-орын иегері – Қонақбаева Нұргүл
2-орын иегері – Мұсапирова Айнұр 
3-орын иегері - Тұрсын Іңкәр
Әрбір ойыншы естелік сыйлықтармен марапатталып, бас жүлдеге "Жеңіс Қашқынов атындағы қордан» 25000 теңге ақшалай жүлдеге және ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Іс-шараның жабылуы Жеңіс Қашқыновтың шығармашылығына арналған шағын концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.

 

Оцените пост

2