Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:27, 15 августа 2017

Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі тағайындалды

Blog post image

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінде әдеп жөніндегі уәкіл болып Жанат Жеңісұлы Жұмабаев – Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі 2017 жылдың 15 тамызынан бастап тағайындалды.

Жанат Жеңісұлы Жұмабаев 1979 ж.т., қазақ, Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының тумасы.

Үш жоғарғы білімі бар: заңгерлік, педагогикалық, мемлекеттік менеджмент мамандықтары бойынша.

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін аяқтап, «физика және информатика» мамандығы бойынша біліктілігін алды;

2003 жылы Солтүстік Қазақстан заң академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

2017 жылдың маусымы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін «мемлекеттік менеджмент» мамандығы бойынша  магистратурасын аяқтады.

Еңбек жолын 2000 жылдың қыркүйегі Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Александровка жоғарғы мектебін физика және информатика мұғалімі болып бастады.

2002 жылдың тамызынан Ақмола облысы денсаулық департаментінде жетекші маман, Көкшетау қ.

2005 жылдың ақпаны айында Ақмола облысы денсаулық департаментінің бас маманы болып ауыстырылды, Көкшетау қ.

2005 жылдың мамыры Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігі Медицина сапасын бақылау жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан басқармасы, ұйымдық-әкімшілік жұмысы бөлімі бастығы болып тағайындалды, Петропавл қ.

2007 жылдың қазаны Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің бас инспекторы болып тағайындалды.

2009 жылдың ақпаны Солтүстік-Қазақстан облысы әкімінің аппараты әлеуметтік-мәдени саласы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бөлімнің жұмысын үйлестірді, әлеуметтік-мәдени мәселелеріне жетекшілік етті (денсаулық, білім, мәдениет, спорт, ішкі саясат, тілдерді дамыту).

2010 жылдың мамыры Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды, Петропавл қ.

2011 жылдың 1 желтоқсаны Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысындағы Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

2012 жылдың 15 қазаны Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша басқармасы бастығының орынбасары – Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

2013 жылдың мамырынан 2014 жылдың қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі – департамент басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

2014 жылдың 26 қарашасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі лауазымын атқарып келеді.

Алғыстары мен мадақтаулары бар:

2006 жыл – Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің Құрмет грамотасы;

2011 жыл – Қазақстан Республикасы СҚО әкімінің  «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» Құрмет грамотасы;

2014 жыл – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасының Алғыс хаты;

2015 жыл – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  төрағасының III дәрежелі - «Мінсіз қызметі үшін» медалі;

2016 жыл – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрінің грамотасы.

Үйленген, қыз және ұл тәрбиелеп отыр.

 
0
379
0