Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:13, 10 августа 2017

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 10 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері облыстық ШЖҚ «Облыстық кеңесші диагностикалық орталығы» МКК ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді. Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетіліп, қатысушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

 
0
162
0