«Нұр Отан» партиясының бастапқы партиялық ұйымдарының 102 мүшесі Спартакиадаға қатысты.

Alaupalace 2017 M08 10
42
0
1
0

 «Алау» мұз айдыны сарайында бастапқы партиялық ұйымдардың арасында Астана қаласындағы «Нұр Отан» партиясы филиалының Төрағасының кубогі үшін спартакиада өтті.

2017 жылдың 5-тамыз күні «Алау» мұз айдыны сарайында бастапқы партиялық ұйымдардың арасында Астана қаласындағы «Нұр Отан» партиясы филиалының Төрағасының кубогі үшін спартакиада өтті. Спартакиадада қатысушылар волейбол, шағын футбол, үстел теннисі және шахмат секілді спорт түрлерінен бақ сынасты.

Волейболдан және шағын-футболда 42 қатысушы, үстел теннисінен 12 адам, ал шахматтан 6 адам өз ұшқырлықтарын көрсетті. Жалпы қатысушылар саны 102 көрсетті.

Бұл спорттық шараның басты мақсаты – бұқаралық спорт түрлерін дамыту, партия мүшелерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға үндеу, негізгі партиялық ұйымдардың арасында үздік спорттық ұйымдарды анықтау. Ұйымдардың арасындағы ауызбіршілікті, достық қарым-қатынасты арттыру.

Спартакиаданың қорытындысы

Волейбол жарысының нәтижелері:

1 орын – БПҰ «Жас Өркен»;

2 орын – БПҰ «Оқушылар сарайы;

3 орын – БПҰ «ДАЗ» УДОРК .

Шахмат ойындарының нәтижелері:

1 орын – Мәдениет БПҰ;

2 орын – Жастар БПҰ;

3 орын – Қазақстан темір жолы.

Ерлер арасындағы үстел теннисі турнирінің нәтижелері:

1 орын – БПҰ «Қалкан»;

2 орын – Назарбаев Университеті;

3 орын – АҚ «Цеснабанк».

Әйелдер арасындағы үстел теннисі турнирінің нәтижелер:

1 орын – Назарбаев Университет;

2 орын – «Integra Construction » ЖШС;

3 орын – БПҰ «Қалкан».

Футбол ойындарының нәтижелері:

1 орын – Қаржыгер БПҰ;

2 орын –«Integra Construction» ЖШС;

3 орын – Ұлттық нейрохирургия орталығы.

Айтулы іс-шараның ұйымдастырушылары «Астана қаласының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ, «Нұр Отан» партиясының Астана қаласындағы филиалы және «Астана қаласы әкімдігінің спорттық –бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ болып табылады.

Оцените пост

1