место в рейтинге
  • 182307
  • 6
  • 6
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Астанадағы «Жасыл экономика» аясындағы іс-шаралар

Елбасы  Астананың орманды өлкесінде болды. Елбасы жасыл аймақты дамыту бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ормандарды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесін жыл өткен сайын байқауға болатынын айтты. Әуеліде аймақтың батыс тараптары жасыл болып тұратын болса, бүгінде ол үрдіс шығысқа да бет алуда. Сонымен қатар, ағаштардың түрі алуан түрлі, ақ қайың, қарағай, шырша. Соңғы 10 жылда барлығы бой түзеп, улкен орман қалыптасып келе жатқанын байқаймыз.

Елбасының айтуынша, Елорда маңы мен Бурабай  орманына қатысты  жұмыс аяқталды. Ендігі мақсат орманда өсе алмаған ағаштардың орнына асыл тұқымды ағаштар отырғызып, орманды жандандыру, қала сыртында 80 мың га жерге ағаш отырғызу. 25 жылдың ішінде орман аумағы ұлғайғанын, бой көтергенін байқауға болады. Осындай жұмыстардың бәрі болашақ ұрпақ үшін. Ертеңгі ұрпаққа біздің қалдыратын ең үлкен мұрамыз ну ормандар болмақ. Ұрпағымызға қалдыратын басты мұра. Сонымен қатар, демалыс орындары, 20 шақырым жерге созылатын велосипед жолы пайда болады.

Сонымен қатар, ел президенті елордада жаңа ботаникалық бақша, саябақтар болатынын айтты. Біз ЭКСПО тақырыбын жасыл энергетика деп алдық, және елімізде жасыл энергетиканы дамытып жатырмыз. Астананың жасыл аумаққа айналуы әрбір астаналықтың құзырында. Табиғатты қорғау, ормандарды жақсарту керек. Астананың тек орта бөлігі ғана емес, жан-жағы да гүлденіп, көркейіп келе жатқанын да атап өтті. Астанада жалпы саны 15 мың ағаш отырғызылған. Осындай көгалдандыру жұмыстары елорда  әсемдігін арттыра береді. Жасыл белдеудегі жұмыстар жүргізу 2020 жылға дейін жоспарланған.

Астана қаласында күніне 70 автобусты жоғарғы сапалы газ жанармайымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірінші газ құю станциясы орнатылды. «Global Gas Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің хабарлауынша, автобус үшін табиғи газды пайдалану жанармайды 50%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді және қозғалыс экологиялық талаптардың жоғары деңгейіне жауап береді. Жаңадан ашылған станция бір уақытта екі автобусқа газ құя алады, және газ құю уақыты 20 минут. Газбен жүретін автобус ЭКСПО-2017 қонақтарын тасымалдауда пайдаланылуда. Көрші елдер, Өзбекстан мен Ресейде табиғи газ үлкен мұранысқа ие. Табиғи газ экологиялық таза, ұзақ уақытқа шыдайды.

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Университет түлектерінің құрметіне саябақ ашылды. Университет түлектері басты корпус алдында тал отырғызды. Саябақтың салтанатты ашылуына оқу ордасының президенті Шигео Катсу қатысты. Ол барлық түлектерді құттықтап, бұл оқиға университет тарихында елеулі орын алатынын айтты. Ағаш отырғызу салтанаты оқу ордасының дәстүріне айналады деген үмітін білдірді. Осы жылы түлектердің үшінші легі бітірмек. Сонымен қатар, білім ошағының басшысы бұл олардың жолын жалғастыратын өскелең ұрпақ үшін жақсы сыйлық екенін атап өтті.

Тал отырғызу салтанатты шеруіне 2017 жылғы мектеп түлектері де қатысты. Докторантура бітіруші алғашқы түлектер өз кезегінде олардың ізін басушыларға сәттілік тіледі.

Мадина Тыныбаева – PhD алғашқы бітірушілердің бірі, Назарбаев зияткерлік мектебінің педагогикалық шеберлік орталығында жұмыс істейді. Университетке докторантураға  2013 жылы түсті.  Оның айтуынша, университет қабырғасында өткен 3 жыл өте пайдалы өтті, зерттеу жұмыстары жүргізілді және халықаралық деңгейде докторлық диссертация қорғалды. Университет білім алу үшін, әр түрлі зерттеу жұмыстарын жасау үшін барлық жағдайды жасады.

Осы жылы бакалавриатты бітіріп жатқан Марат Тұрсынбеков та өз оымен бөлісті. Ол электринженер мамандығын алды. Оқу ордасына 2012 жылы, 5 жыл бұрын келген ол Университетте терең, сапалы білім алумен қатар, қиын мәселелерді шешуге де үйренгендігін айтты. Университет кәсіби тұрғыда өсу үшін үлкен ықпал етті. Түлектер ретінді университет алдындағы жақсылығын ағаш отырғызу арқылы қайтарсақ деген ниетін білдірді. Ол еліміздің алдыңғы қатарлы оқу ордасында алған білімін ел муддесі үшін пайдалануға тырысады.

Жалпы осы тал отырғызу ойын бітіруші түлектер ұсынған, ол идеяны басқа түлектер қолдай кеткен.

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы университет студент қабылдауды 2010 жылы бастады. Оқу ордасында осы жылы 528 адам бакалавриат, 247 адам магистратура, тағы 9 адам доктарантура тамамдады.

Елорданың Ботаникалық саябағы Еуропадан әкелінген өсімдіктермен толықтырылды. Елорда күніне орай бақ өсімдіктердің жаңа түрлерімен толықты. Ағаш отырғызу салтанатына қала әкімшілігі және ЭКСПО көрмесіне келген әр түрлі елдер азаматтары қатысты. Сонымен қатар, олар өздрі отырғызған талдардың жанына өз қолтаңбаларын қалдырды.

Шараға қатысушылар алдағы уақытта бұл өлке үлкен орман болатынына сенім білдірді. Бұл экологиялық іс-шараны шет мемлекеттердің өкілдері де қолдады. Сыйлық ретінде қала тұрғындары үшін Польша мемлекетінің билік өкілдері Еуропаның бақшасынан жөке, емен, алма, шетен секілді тал-теректерді әкелді. Салынып жатқан ботаникалық бақтың аумағына 214 ағаш отырғызылды.

Тағы бір жақсы жаңалық, Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу цехы іске қосылады. Елордада  «KazRecycleService» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоқыс сұрыптау зауытында қоқыс өңдеу цехы іске қосылады. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу саясаты бойынша, 2050 жылға дейін тұрмыстық қалдықтардың 50%-ға  дейін қайта өңделуі қажет. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында жасалып жатқан іс-шаралардың бірі осы цехтің ашылуы.

Қазақстан Республикасы Парламент сенаторлары «KazRecycleService» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қоқыс өңдеітн зауытта болды. Жалпы соммасы 36 млн еуро болатын жоба жылына 250 мың тонна тұрмыстық қалдықты қайта өңдейді.

Парламент мүшелері алдыңғы қатарлы Еуропа елдері техникасымен қағазды және пластикті өңдейтін және іріктейтін кәсіпорын жұмысын бағалады. Сонымен қатар, халық қалаулылары «Астана Эко-Полигон НС» кәсіп орнында болды. Бұл нысанды құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, бұл нысан 5-7 жылда 2 млн тонна қоқысты қабылдауға есептелген.

Жоба бағдарламасы қалдықтарды өңдеу тереңдігін ұлғайтуды, қоқыс тасымалдау паркін жаңартуды, контейнерлердің заманауи түрлерін қолдануды, құрылыс қалдықтары мен электр-тұрмыстық құралдарды кәдеге жаратуды және қалдықтарды көму полигонын оңтайландыруды көздейді.

Ақпарат көзі

Айнаш Ануарбек Anuarbek_Ainash
15 июля 2017, 16:52
208

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15973
  • 3
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12751
  • 3
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 8158
  • 92
Опровержение на статью «Самый большой мошенник в стране – Казахтелеком»

Опровержение на статью «Самый большой мошенник в стране – Казахтелеком»

По требованию компании АО «Казахтелеком», Блог-платформы YourVision» сообщает своим пользователям, что сведения, изложенные в статье, являются непроверенными.
yvision
вчера / 15:29
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 3172
  • 71
В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

Тут живут будущие повара, актрисы, журналисты, боксеры, баскетболисты, певцы, поэты и многие другие талантливые дети!
socium_kzo
22 нояб. 2017 / 14:49
  • 2588
  • 0
«Развитие Казахстана самими гражданами»: миф или реальность?

«Развитие Казахстана самими гражданами»: миф или реальность?

Проблем в обществе много: даже больше, чем догадывается среднестатистический казахстанец. И тут я хочу описать несколько, с моей точки зрения, проблем нашего общества.
Advokot
18 нояб. 2017 / 23:27
«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

В прошлом году на мероприятии "Слет Авиатора" я выиграла подарок - экскурсию на командно-диспетчерский пункт (КДП). Но тогда я даже не ожидала, что эта экскурсия выльется в такое интересное...
Aleksandra747
20 нояб. 2017 / 9:00
  • 1782
  • 6