2019 жылдан бастап Қазақстандық медициналық мекемелерде қағазбастылық болмайды

Айнаш Ануарбек 2017 M07 14
98
0
0
0

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен бүкіл денсаулық сақтау секторы, мемлекеттік институт ретінде белсенді институционалдық реформалар жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен бүкіл денсаулық сақтау секторы, мемлекеттік институт ретінде белсенді институционалдық реформалар жүргізуде, адам ресурстарын дамыту саласының барлық деңгейлерінде және жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету, жаңа сапалы деңгейге жеткізу мақсатында қызмет етуде. Халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмектi жоғары деңгейде көрсету және ол қызметтің қолжетімді болуын қамтамасыз ету іс-шаралардың негізгі мақсаты. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын және жоғары технологиялық денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін өнеркәсіпте реформалар бағытын атап өткен еді. 2018 жылдың аяғына дейін еліміздегі медициналық мекемелер 100% жаңа технологиялармен жабдықталады деп күтілуде. 2019 жылдың басынан бастап емделушілер ауру тарихын және ем рецепттерін электронды түрде алатын болады. Осындай жаңалықпен Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов Үкімет отырысында бөлісті.

Еліміздің Алматы, Астана сияқты қалаларында медицина ұйымдарын технологияландыру жұмыстары барынша белсенді жүргізілуде. Ағымдағы жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша, Қазақстандағы медициналық мекемелерді ақпараттық құралдармен жабдықтау 74% құраған, ол өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Осындай жетістікке қарамастан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Жамбыл облысында көрсеткіштер төмен деңгейде. Осы орайда аталған өңірлердің әкімдері тиісті шара жүргізіп, ақпараттық жабдықтау жұмыстарын жүргізуге жол картасын жасады.

Атап өтетін тағы бір жағдай, алыс аймақтардың интернетпен аз қамтылғандығы немесе мүлде қамтылмағандығы бғдарламаның өз деңгейінде жүргізілуіне кедергі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы бойынша орта есеппен мед.мекемелердің ақпараттық қамтылуы 53% құрайды.

Медициналық мекемелерде қағазбастылықтан құтылу үшін аймақтарды барынша интернетпен қамту маңызды. Жоспар бойынша, 2019 жылдың басынан бастап барлық медициналық ұйымдар қағазсыз жұмыс істейтін болады. Емделушілердің электронды картасы, дәрігерлердің электронды кабинеті болады. Және емделушілер туралы ақпараттың толық болуы маңызды.

Тағы бір атап өтетін жақсы жаңалық, Отандық дәрігерлер халықаралық үлгідегі сертификаттар алды. ҚР ДСМ хабарлауынша, Отандық дәрігерлер базалық реанимация, жүрек-өкпе реанимациясы, балалар реанимациясы, жарақат алғандағы реанимация бойынша халықаралық сынақтарды табысты тапсырып, халықаралық үлгідегі сертификаттар алды.

Бюджет қаражатынан Республикалық санитариялық авиация орталығы дәрігерлері және медициналық жоғарғы оқу орны анестезиология және реаниматология кафедраларының оқутышылары 10 жаттықтырушы-нұсқаушы ретінде оқытылды. Болашақта аталған салалар бойынша біліктілігін арттырған мамандар тәжірибелерімен бөлісіп, жедел жәрдем қызметкерлеріне және стационарлық қабылдау бөлімдеріне оқыту жұмыстарын жүргізетін олады.

Жедел жәрдем қызметкерлері біліктілігін арттыру үшін көптеген шаралар қолға алынуда. Болашақта жедел жәрдем мамандарын даярлау халықаралық стандартқа сай жүзеге асырылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Үкімет отырысында ҚР ДСМ министрі дәрілік заттардың бағалары қалай қойылатыны, реттелетіні туралы айтты. Енді дәрілік заттардың бағаларын мемлекет қадағалайтын болады. Дәрілік заттардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатымен министрлік ұлттық дәрілік саясатты дайындаған.

Қазақстанда дәрілердің бағасы жоғарғы органдармен қадағаланбайды. Өндірушілер кз келген өз бағаларын қоюға құқылы. Бір қаланың өзінде әр түрлі дәріханаларда дәрі бағасының айырмашылығы жиырма пайызды құрауы мүмкін, ал кейбір препараттардың азайюы байқалса, дәрі бағасының аспандап кетуі әбден мүмкін. Дәрі бағасын жүйелеп отыратын Болгария елінде Қазақстанмен салыстырғанда дәрі бағасы қырық бес пайызға төмен.

Денсаулық сақтау министрінің хабарлауынша, дәрілік заттардың бағаларын реттеу үшін барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде.

Даярланған нормативтік-құқықтық актінің жобасына сәйкес әрбір өндіруші өндірілетін препараттардың құнын базистік жеткізу шартын қамтитын «франко-зауыт» жағдайларында, яғни дәрілердің құнын зауыт аумағында тіркейтін болады. Әрбір өндіруші өз бағасын ұсынады. Және бағаны не себепті, қандай жағдай негізінде сол деңгейде алғанын айтатын болады. Келесі қадамда препарат бағасы тіркеледі,   оған тауарды жеткізу, кедендік ресімдеу, қауіпсіздік пен сапаны бағалау шығындары, сондай-ақ Қазақстанда өндірушінің жеке заңды тұлғасы болған жағдайда маркетингтік шығыстар кіреді.

Барлық бағалау аяқталып, препарат бағасы бекітілгеннен кейін, министрлік дәрінің мүмкін болатын ең жоғарғы бағасын белгілейді, және бөлшек сауданың да ең жоғарғы бағасын белгілейді. Нәтижесінде, нарықтағы бәсекелестікті сақтау мақсатында, мемлекет дәрілік заттардың шекті бағаларын белгілейді, осыған сүйене отырып, әрбір дистрибьютор немесе дәріхана өз бағаларын жеңілдікпен ұсына алады. Бірақ та, бұл саясат қандай да бір препараттың тапшылығы жағдайында өндірушілер мен дистрибьюторларға ол препараттарының бағасын негіссіз көтеруге, артық табыс табуға мүмкіндік бермейді.

 

Оцените пост

0