место в рейтинге
  • 153935
  • 4
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

«Туған жер» бағдарламасы бойынша балалар үйіне 170 млн теңге аударылды

Алматы қаласы әкімдігі және Алматы қаласының халыққа білім беру басқармасы, «Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім беру қоры» және «Халық» Қайырымдылық қоры» бірлесе меморандумға қол қойды, ол меморандум бойынша № 1 балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетілетін болады.

«Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім беру қоры» директорының орынбасары Ғайша Сыздықованың айтуынша, бағдарлама аясында спорт залды қайта жөндеуден өткізу, тамақтану блогын өңдеу, ауланы тазалау, компьютерлік құралдармен жабдықтау, ресурстық базаны жаңалау сияқты жұмыстар жүргізіледі.

«Президентпен ұсынылған «Туған жер» бағдарламасына алғашқы болып үлес қосатындардың қатарында болу біз үшін маңызды, және біздің парыз деп білемыз. Жергілікті басқарма қолдауымен және «Халық» қайырымдылық қорының көмегімен №1 балалар үйін қайта өндеуден өткізгіміз келеді. Жұмыстың үлкен бөлігі білім беру саласына бөлінді, білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеру мақсатымыз. Ақпараттық технологияларға үйрету, мектептен тыс бағдарламалар бойынша үйірмелер, әртүрлі шығармашылық үйірмелер ұйымдастыру жоспарлануда. Балалар үйінің ұстаздарының біліктілігін арттыру шаралары қолға алынатын болады» - деп атап өтті Ғ.Сыздықова.

Өз кезегінде «Халық» қайырымдылық фондының директоры Асел Тынышбекова осы келісім аясында іске асатын шаралар туралы өз ойымен бөлісті. Үш жастан он сегіз жас аралығында тәрбиеленетін балалар үйінде 109 бала тәрбиеленуде. Бұл балалар үйінде  білім беру мен тәрбиелік іс-шаралары, материалды-техникалық қамтамасыз ету, балалар үйінің инфраструктурасын дамыту үшін 170 миллион теңге бөлінетінін де атап өтті. Тағы бір атап өтетін жағдай, «Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім беру» қоғамдық қоры 1998 жылы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің  бастамасымен құрылған болатын. Қордың мақсаты – Қазақстанның білім беру жүйесінің халықаралық стандартқа сай  дамуына ықпал ету.

«Туған жер» бағдарламасы Алматы өміріне жаңа не алып келеді? «Туған жер» бағдарламасы аясында Алматы қаласында тағы қандай іс-шаралар өтеді, өтуде.

Алматы қаласында «Туған жер» бағдарламасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін 61 адамнан тұратын комиссия құрылатын болады. Комиссияның атқарушы органы 9 қалалық департаменттен тұратын Жобалық кеңес болады. Кеңсенің жетекшісі қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Лаура Іргебаева болады.

Атап өтетін тағы бір жағдай, осы шараны жүзеге асыру бағдарламасы бойынша Алматы қаласында әлеуметтік өмірдің төрт саласын қамтитын 84 ірі іс-шара жоспарланған.

Мәселен, мектептерде «Туған жердің тарихы» атты факультатив сабақ өткізілетін болады, ол сабақта Алматының 1000-жылдық тарихы баяндалады. Экологиялық жағдайды жақсарту үшін іргелес аумақтардағы коммуналдық қызметкерлер мен азаматтардың арасында конкурс ұйымдастырылады. 70 мың тұрмысы төмен мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында еріктілер тобы жиналатын болады. Бизнесті қайырымдылық көрсетуге ынталандыру жұмыстары жүргізіледі.

«Бүгінде қалада 170 мың бизнес субъекті іске қосылды. Бизнес 20-дан аса әлеметтік маңызға ие нысандарды салуда, олардың жалпы соммасы 12 миллиард теңге, мәселен, Наурызбай районында 1 200 орындық мектеп 1,8 миллиард теңгеге салынуда. Алатау ауданында 120 бүлдіршінге арналған бала-бақша жалпы соммасы 320 миллион теңгеге бой көтеруде, осы ауданда жыл соңына дейін жеңіл атлетикадан нысан қолданысқа берілетін болады, нысан 400 миллион теңгеге тұрғызылды. Жалпы спорт саласына бюджеттен тыс салынған қаражат 8 миллиард теңгі» - деп мәліметтермен қала әкімінің орынбасары Арман Кырыкбаев бөлісті.

Сонымен қатар, қала кәсіпкерлері қаланы жақсартуға қаражат салуда.

«Мысалы, қазіргі уақытта Қарғалы өзенін тазалау жұмыстарына 110 миллион теңге бөлінді, қазір тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ызығушылығы, аталған тақырыпта ойлары бар тұрғындар үшін консорсингті онлайн-платформа ұйымдастыру жоспарлнуда » - деді әкім орынбасары.

Тағы бір назар аударылатын бағыт ақпараттық қолдау болады. Арман Қырықбаевтің айтуынша, қалалық телеарнада «Туған жер» атты ақпараттық шоу эфирге шығады, халық ең көп келетін тарихи ескерткіштердің рейтингі құрылатын болады, қала өмірінің жақсаруына өз үлестерін қосып жатқан меценаттардың іс-шаралары туралы бұқаралық ақпарат құралдары тұрғындарды хабардар етіп отырады. Әлеуметтік объекттерге материалдық-техникалық көмек көрсетілетін болады. «Таза көше», «Таза аудан» және т.с.с. іс-шаралар жүзеге асырылатын болады. Туристтер картасы жсалады, жас тарихшылар жиыны өтеді деп жоспарлануда.

Археолог-этнограф Карл Байпақов Алматы қаласында ашық аспан астында музей жасау идеясын ұсынды. «Әрбір қаланың көркі ондағы музейлер мен театрлар санымен ашылады. Алматының өткен тарихымен байланысты музейлер көп болу керек. Ол музейлерден біздің балаларымыз, біз өзіміз де еліміздің тарихын көруіміз керек. Барлық ірі қорғандар – күрделі архитектуралық кешендер, олардың әрқайсында өзіндік ерекшелік бар. Көбісі жабық түрде. Розыбакиев көшесінде орналасқанірі сауда орнында ескерткіш бар, оны қорғанның қалдығы екенін көп адамдар байқаған да болар. Сол  ескерткіштен музей жасау ойы бар» - деген пікір танытты К. Байпақов. Өз кезегінде Алматы әкімі бұл бастаманы қолдап, ірі сауда кешені орналасқан жер тілімін мемлекет меншігіне қайтарудықолға алуды тапсырған болатын. Ол аэропорт жолынд да қорғандар сақталғандығын айтып, оларды да ашық аспан астындағы музейге айналдыру керектігін айтқан еді. Ол жерлердге иелік етіп отырған азаматтар еліміздің тарихын білуі керек және оны сыйлауы керек екендігін қала әкімі айтып өткен еді. Біз кейде қаламыздың тарихы көз алдымызда жойылып жатқанының куасы боламыз. Ең бастысы бұл жағдай еліміз үшін рухани, мәдени, экономикалық орны толмас шығын. Әрине, тарихымызды тас жодармен жауып бітеу оңай, алайда, сол тарихымызды сақтап, өсіп келе атқан жас ұрпаққа, ертең келетін ұрпаққа мұра етіп қалдырсақ пайда көбірек болмайды ма. Және «Туған жер» бағдарламасы аясында жасалған ізгі шараға да ұласатын ізгі іс болған болар еді.

Алматы қаласында «Туған жер» бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан шаралардың тағы бірі – Алматылық бизнесменнің К. Байсейітова атындағы мектепке спорт кешенін сыйлауы.

К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық орта мамандандырылған музыка мектеп-интернатында қайырымдылық қоры аясында спорт кешені салынды.

- Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық бизнес айтарлықтай күшейді және белгілі бір әлеуметтік бастамаларды іске асыра алады. Мемлекет президентінің «Туған жер» атты бағдарламасын қолдай отырып, мектепке жаңа спорт кешенін сыйлауға шешім қабылдадық. Жастарымыздың денсаулығы еліміздің денсаулығы. Оқушылар енді тек шығармашылық конкурстарда ғана емес, спорттық шараларда да топ жарсын, - деген ізгі ниетін білдірді кәсіпкер Ерболат Қасымов.

Оқу ордасының директоры Ондасын Абдуллаевтың айтуынша, «күніне 5 сағат шығармашылықпен айналысатын оқушылар үшін физикалық және рухани демалу өте маңызды, осы ретте спорт ерекше әсер етеді». Еуропалық стандарттарға сай салынған жаңа спорт кешенінде футбол ойнайтын алаң және баскетболға арналған әмбебап алаң бар. Австриядан алынған арнайы төсеу, озық дренаждық жүйе және жарықтандыру оқушыларға кез келген уақытта, кез келген ауа райында спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Нысанның жалпы құны 29 миллион теңге.

К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық орта мамандандырылған музыка мектеп-интернаты 1948 жылы салынған. Оқу нысаны 480 оқушыға, мектеп іргесіндегі интернат 110 оқушыға есептелген.

Айнаш Ануарбек Anuarbek_Ainash
15 июля 2017, 3:27
240

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8425
  • 78
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 5843
  • 22
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 окт. 2017 / 15:46
  • 3274
  • 12
«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

Чат дагестанских родителей в WhatsApp стал популярным в Интернете. Кто-то записал общение родителей в мессенджере и после опубликовал в Твиттере.
tala03
12 окт. 2017 / 15:10
  • 3270
  • 12
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Рядом с посёлком Актогай в ВКО расположено одно из крупнейших в мире неосвоенных медных месторождений. В октябре Актогайская обогатительная фабрика вышла на проектную мощность.
theYakov
12 окт. 2017 / 10:47
  • 3175
  • 23
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2480
  • 29
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 окт. 2017 / 15:15
«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

Зачастую казахские селебрити выходя в свет, привлекают внимание и обьективы камер только к своей персоне, оставляя свои вторые половинки в тени неизвестности.
gulshat87
13 окт. 2017 / 17:56
  • 1877
  • 6