Айнаш Ануарбек 2017 M07 10
1762
0
17
0

Осындай игі бастаманы Елбасы ұсынды. Бұл ұсыныс республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде көшбасшының «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жарық көрді.

Туған жер... Сан ғасырдан бері көптеген жырларға, әндерге, дастандарға арқау болған мәңгі тақырып. Әр адамға кіндік қаны тамған жері ерекше ыстық болатыны да заңды құбылыс шығар. Дүние есігін алғаш ашып, аяулы ата-ананың ыстық ықыласына бөленіп, асыр салып ойнап, өскен орда.

Туған жері, туған елі туралы, тарихы мен мәдениеті туралы әрбір азаматтың хабардар болғаны жақсы, ал егер мақсаты Отанымыздың өткені мен бүгінін баяндап, халықты Отан сүйгіштікке шақыратын бағдарлама жарық көрсе нұр үстіне нұр емес пе? Осындай игі бастаманы Елбасы ұсынды. Бұл ұсыныс республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде көшбасшының «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жарық көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев туған жерге деген сүйіспеншілік кішкентай өлкеден, қаладан, алғаш қадам басып, ата-ананың ыстық ықыласына бөленген отбасынан, алғаш қолыңа қалам алып, әріп таныған мектебіңнен, бірге ойнап-ренжіскен достарыңнан басталатынын айтып өтті.

Өскелең ұрпаққа, жастарға дұрыс бағдар беріп, отансүйгіштікке тәрбиелеу ұлт болашағы үшін жасалатын міндетті жұмыстардың бірі. Туған елге деген сүйіспеншілікті жастардың бойына дарытудың алуан түрлі жолы бар, солардың бірі – еліміздің тарихи өлкелерін таныту, құнды жәдігерлерімізбен таныстыру.

Ұлан-ғайыр еліміздің кез-келген аймағынан ежелгі, ортағасырларға және жаңа заманға қатысты тарихи жәдігерлерді мен деректерді көптеп кездестіруге болады. Мақсат осындай тарихи өлкелерді танып біліп, табылған мәліметтерді жүйелеп, зерделеп, оларды жастар тәрбиесінде тиімді пайдалана білуді үйренуде.

Туған өлке әрбір адамға ыстық өлке болуымен қатар, халқымыздың басынан кешкен сан ғасырлық тарихтан сыр шертетін асыл мұра. Кең байтақ қазақ жерінде қанша тарих, қанша сыр, бізге бірі белгілі, бірі белгісіз аңыз-әңгімелер, оқиғалар жатыр десеңізші. Әрбір қарапайым адамның өмірінен тамаша туынды жазуға болатын болса, ел маңдайына біткен ерекше тұлғалар, ел бастаған, қол бастаған қанша азаматтар мен азаматшалар туралы сыр да кең дала қойнауында. Қазақстанның жарқын болашағының іргетасын қалайтын жастар, өскелең ұрпақ екені белгілі, және сол ұрпақтың саналы, көзі ашық, өткені мен болашағын айқын танитын болуы абзал.

Елбасы «Туған жер» бағдарламасының мән-мағынасын, мазмұнын, мақсатын түсіндіре келе, жалпы білім беру саласында өлетану жұмыстарының жүргізілуіне ерекше назар аудару қажеттігін айтып өтті. Орта мектептерде туған жердің тарихына назар аударылатын болады.

Еліміздің танымал тарихшысы М. Қойгелдиев ауылдық өлкедегі мектептерде «Туған жер» қызықты өткізуді ұсынды. Оның ұсынысы бойынша, мектепте тлім беретін әрбір пән мұғалімі өз сабағына қатысты қызық әрі танымды сұрақтарға оқушылармен бірге жауап іздеуі керек. Бұл әдіс бойынша дәріс беру қызық әрі баланың жадында да оңай сақталады, қызықты мәліметтермен балалар өзара бөліседі.

Мәселен, мектептегі тарих пәні ұстазы оушылармен бірлесе отырып, «Осы ауыл қашан пайда болды?», «Ауылдың негізін кімдер, қандай жағдайда қалады?», «Ауыл өз дәуірінде қандай оқиғаларды басынан кешірді?», «Ауылда қандай мықты әулеттер бар? Олардың даму тарихы қандай болды?» деген сұрақтарға бірге жауап іздеулері керек.

География пәні мұғалімі, «Ауылда қандай таулар, өзен-көлдер бар?», «Олар қалай пайда болған?», «Олар қанша жаста?», «Ауыл көшелері қалай пайда болған?», «Ауылдағы өзен сулар бастауын қайдан алып, қайда құяды?» деген сұрақтарға жауап іздесе, әдебиет, тіл ұстаздары оқушылармен бірлесе «ауылдың атауы неге осылай аталған?», «Көше атаулары кімнің құрметіне қойылған?» деген сияқты сауалдарға бірге жауап іздейді.

Биология пәні мұғалімі өз кезегінде, «Ауылда қандай өсімдіктер өседі?», «Тек осы ауылда ғана өсетін өсімдіктер бар ма?», «Дәпілік шөптер кездеседі ме?», «ауылда жалпы саны қанша түрлі өсімдік бар?» деген сұрақтарға оқушылармен бірге жауап іздейді.

Осындай тәсілмен оқытылған сабақтар, жоғарыда айтылып өткендей оқушылар жадында жақсы қалады және балалардың оқуға да, туған өлкені зерттеуге де құлшынысын арттырады.

Бұл жоба бойынша, осы іспеттес білім беру әдісі барлық ауылда жүргізіліп, осы сауалдар негізінде ауданда байқау өткізіледі. Жоа масштабы жағынан кеңейе келе облыстық, республикалық конкурс дәрежесіне дейін өседі. Нәтижесі осы жоба боййынша жауапты  министрлік басшыларымен тағайындалатын болады. Оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікпен өсірудің, тәлім-тәрбие берудің бірден бір жобасы осылай қалыптасады.

Тарихшы ғалымның осы ерекше ұсынысы жергілікті жерде өлкетанушылық жұмыстарды ұйымдастыруға ерекше дем, дұрыс бағыт беріп тұрғандай.

Бұл бағытта еліміздің білім беру ордаларында ежелден  қолданылып келе жатқан іс-шаралар бар. Қазақстанда тарихи өлкетануда жастарды араластыру, жастарен бірлесе тәжірибелік жұмыстар жүргізукеңес дәуірінен жақсы жүзеге асырылды, іске қосылды. Кеңес дәуірінде барлық мектептерде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында тарихи, өлкетану, революциялық, жауынгерлік даңқ, археологиялық, этнографиялық т.б. мұражайлар көп болды. Олардың жұмыстары жақсы деңгейде ұйымдастырылып, орталықтан үйлестіріліп, бақыланып отырды. Осындай тәрбие ошақтарында түрлі семинарлар, конференциялар, экскурсиялар, лекторийлер т.б. жұмыс түрлері ұйымдастырылып жастарды тәрбиелеуде пайдаланылды. Олар тек сол заманның талабына сай коммунистік идеологияға жұмыс істеді.

Кеңес дәуірінде жақсы қолдау тапқан бұл саладан қазір қол үзбеуіміз керек. Тәуелсіздік алған жылдары еліміздің  басым бағыты экономикаға бағытталғаны мәлім, сол тұстарда өлкетану саласы біраз бәсеңдегені де белгілі. Экономикамыз дамып, саяси беделіміз арта түскенде, тарихты естен шығармауымыз абзал. Саябырлап қалған өлкетану саласы бүгінде қайта жаңа қарқынмен жүргізіліп жатса, әрине, жас ұрпақтың тарихын іліп өсуіне үлкен үлес.

Өткен күннің бәрі тарих. Қазақ халқының басынан өткен қилы заман қойнауында қанша дерек бар. Сол тарихтың ішінде қандай асыл мұралар, болашаққа жол көрсетер білік, білім, бағдар жатыр десеңізші.

Жастарды отансүйгіштікке өлкетану арқылы тәрбиелеудің тағы бір қыры – жергілікті өңірдің археологиялық қазба байлықтарымен танысу. Еліміздің өңір өңірлерінде табылған көлемді, улкен жәдігерлер бар екені белгілі. Соларды көрсету, сондай ескерткіштер орналасқан өңірлерге экскурсиялар ұйымдастыру да өте пайдалы. Әрбір жас өз ауылында және ұлан-ғайыр қазақ елінің өзге де аймақтарында орналасқан мұндай асыл мұралардың мән-мағынасын, құндылығын біліп, көкейге түйіп өскені абзал.

Мысалы, Елордамыздан 123 шақырым жерден осындай ортағасырлық «Бытығай» кесенесін айтуға болады. Бұл кесене 11-12 ғасырға тиесілі кесене. Еліміздің ерте заманнан келе жатқан бай мұрасы. Сондай-ақ, бұл кесене елімізде орта ғасырдан қалған жалғыз кесене. Көптеген ғалымдардың айтуынша кесене сәулет-құрылыс өнерінің ерекше үлгісі болған. 19 ғасырға дейін жақсы сақталып, кейіннен көнере бастаған. Бұл ескерткіш жайында деректер көптеген ғалымдардың еңбектерінде кездеседі, сол ғалымдардың бірі – Шоқан Уалиқанов.

Астананың іргесінде, Ильинка ауылы маңында «Бозоқ» қалашығының орны бар. бұл қалашық 8 ғасырдан бастау алып, 16-17 ғасырларға дейін қалашық болған. Ғалымдардың пайымдауынша, 8-15 ғасырларда Қазақстанның орталық аймақтары қалалардың пайда болуына, бекініс баспаналардың тұрғызылуына жақсы орын болған. Сондай–ақ, бұл қалашықтарда әскери бөлімшелер, жергілікті билеушілер отыратын орындар болған. Отырықшы тұрмыстың дамуына ыңғайлы орда болған.

Бұл аталып өткен қалашық-кесенелер тек бастамасы ғана. Бай мұрамызды зерттеу, тарихымызды білу, саналы ұрпақ тәрбиелеу ортақ мақсат. Сол мақсатқа жету жолында әрбір азамат өз үлесін қосуы да заңды.

Оцените пост

17