место в рейтинге
  • 153935
  • 4
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Әлемдік көрме. ЭКСПО-2017

ЭКСПО немесе EXPO – Халықаралық көрмелер бюросынмен мақұлданған мамандандырылған халықаралық көрме. 2017 жылдың 10 маусым 10 қыркүйек аралығында Қазақстанның астанасы Астана қаласында өтуде. Көрме тақырыбы «Болашақ энергиясы». EXPO-2017 көрмесіне қатысуға 115 ел, 20 халықаралық ұйым тапсырыс берген. Көрмені тамашалауға 5 миллион қонақ келеді деп күтілуде.

ЭКСПО туралы жалпы мәлімет. Ең бірінші ЭКСПО 1851 жылы мамыр – қыркүйек айларында Лондон қалаcында өткен екен. Оны принц Альберт ұйымдастырған еді. Ол ғылымға жақын адам болды және көрмеге ХІХ ғасырдың ортасында жиналған барлық озық құрылғыларды жинады: бу қозғалтқыш, вулканизацияланған резеңке, мүгедектерге арналған протездер, стереофотография және көптеген басқа заттар. Гайд-паркте ол кездері болмаған ғимарат тұрғызды, ол шыны материал мен темірден бой көтерген Crystal Palace еді.

Фото wikimedia.org

5 айдың ішінде көрмеге 6 млн адам келді, Лондонның өзінде ол кездері 3 млн тұрғын бар еді. Пайда да өте көп түсті – 186 мың фунт стерлинг. Ол ақша бірнеше музейдің құрылысына жұмсалды, солардың ішінде атақты Виктория мен Альберт музейі де бар. Содан бері, көрме үнемі өткізіледі, және олардың мақсаты ғылым мен техниканың жетістіктерін көрсету, сондай-ақ  елдер арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту. Көрмеде әр ұлттың өз павильоны болуы дәстүрге айналды және әр ұлт өз павильонын ерекше, бірегей етіп жасауға тырысады, өзара бәсекелеседі.

Барлық Бүкіләлемдік көрмелер өткен 166 жылда көрмелерді үш кезеңге бөлуге болады: өнеркәсіптік дәуірі (1938 1851), мәдени алмасу (1939 - 1987)  және ұлттық  брендинг (1988 – бүгінгі күнге дейін жалғасыда).

Өнеркәсіптік Бүкіләлемдік көрмелер 1851 - 1938 жж. Өнеркәсіптік көрмелер технологиялық жетістіктерге арналды. 1876 жылы Филадельфиядағы көрмеде Александр Беллдің телефоны мен жазу машинкасы ұсынылды, 1878 жылы Парижде Томас Эдисон фонографпен таныстырды. 1889 жылы Парижде Эйфель мұнарасы бой көтерді (оны көрме өткеннен кейін қаата бұзу жоспарланған). Сонымен қатар, Париждегі ЭКСПО тоқыма машиналарының, бу қозғалтқыштарының, Бенц (Benz) автокөлігінің көпшілікке таныстырылуымен ерекшеленді.

Парижде 1900 жылы өткен көрме де ерекшеліктерге толы болды, ең алғашқы метро тармағы іске қосылды, Екінші Олимпиада ойындары өткізілді. Көрмені өткізілген 7 айда 50 млн адам келді, ал модерн (ар-нуво) стилі әлемге таралды.

Мәдени алмасу 1939-1987 жж. Нью-Йорктегі 1939 жылғы көрме жаңа стандарт алып келді: елдер арасындағы іскерлік және мәдени байланыстарды нығайту, ғылым мен техниканың жетістіктерін көрсету. 1939 жылғы көрме тақырыбы  - «ертеңгі күннің әлемін құру». Осы көрмеде алғаш рет тікелей эфирде  АҚШ Президенті Франклин Рузвельттің көрмені ашу салтанаты көрсетілді.

Жаңа дәуірдің символы 1937 жылдың көктемінде немістер бомбалаған испан қаласына арналған Пабло Пикассоның «Герника» өнер туындысы болды. 1937 жылы Париждегі көрмеде «Герника» испан павильонында ұсынылды, және көрермендер ойында екі ұшты пікір қалдырды. Екі жылдан кейін картина Нью-Йорк қаласында қайта қойды. Содан бері Экспо көптеген мәдени жаңалықтарға толы болады, суретшілер, музыканттар, актерлер ағымдағы тақырыптарды қайта қарастырып, мәдени өмірге жаңа дем беру де әдетке айналуда.

Фото artmanik.com

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірінші бейбіт көрме 1958 жылы өтті және «Прогресс және адамзат» аталды. Брюссельде АЭС және компьютердің прототипін спутниктік орналасуын ұсынды.

60 жылдары «түсіністік арқылы бейбітшілікке» тақырыбы көп көтерілді. Көрмелерде Юрий Гагариннің космостық капсуласын, бірінші компьютерлік IBM, телевизорлар және IMAX жүйесі көрсетілді.

Келесі кезең - 70-80 жылдары «адам өмірін жақсарту үшін ғылым мен техниканың дамуы». Бірінші орынға Жапония шығады: ұялы телефон, өте қуатты электронды микроскоп, жоғары жылдамдықты поездар және, әрине, роботтар.

Ұлттық брендинг 1988 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін. 80-жылдардың соңынан бастап елдер әлемдік көрмеге интенсивті дамушы елдің имиджін нығайту үшін қатысады. Көрме павильондарының құрылысына үкімет қыруар қаражат жұмсайды. Сәулет және әрлеу өнерлерін көрерменді көп жинау мақсатымен, миллиондаған келісімшарттарға отыру есебімен жасайды.

Соңғы он жылдықтың ең сәтті көрмелерінің бірі Шанхайдағы Экспо-2010 көрмесі деп есептеледі. «Жақсы қала - жақсы өмір» деп аталатын көрмеге 73 млн адам келді, 190 ел 5.3 гектар жерге өз павильондарын құрды. Көрмеге қатысқан компаниялардың кірістері кем дегенде 20% -ға өсті.

Бүгінде көрмелер екі түрлі: Әлемдік әмбебап көрме, 5 жыл сайын өткізіледі және мамандандырылған көрме Әлемдік көрмелер арасындағы интервалда, 3 ай көлемінде өткізіледі. Астанада екінші типті көрме өткізілуде.

ЭКСПО – 2017 Елімізге пайдасы. Әлемдік ЭКСПО көрмелер өткізу тәжірибесі көрме өткізу ұйымдастырушы елге айқын экономикалық және әлеуметтік пайда әкелетінін көрсетеді: осы заманғы инфрақұрылым, жаңа көлік желісі, туристік қызығушылық. Көрме технологиялық және экономикалық серпіліс үшін мүмкіндіктер туындатады.

Павильондарды салу үшін шығындар, жарнамалар, супер жұлдыздарды шақыру келушілердің санын арттыру мақсатымен жүзеге асырылады. Көрмеге көп адам келген сайын, олар технологиялық және инновациялық жаңалықтар жайында жақсы хабардар болады. Сонымен қатар, әлемдік көрме – ашылу, жабылу салтанаты өте жоғары деңгейде өтетін, көптеген мәдени шаралар өткізілетін ірі іс-шара.

Планетаның алдында ресурстарды үнемді пайдалану мәселесі, «Болашақ энергиясын»  іздеу мәселесі тұр. Осы тақырыпта  Астанада өтетін көрмеге 175 гектар жер бөлінген, 25 гектары павильондарға, қалғаны қонақ үй, ресторан, және басқа да инфраструктураға арналған. Қалаға кем дегенде 5 млн көрермен келеді деп күтілуде.

ЭКСПО көрмесі өткеннен кейін көрме қалашығы меншікті инфрақұрылымы бар қала ауданы болады деп күтілуде. Көрме павильондарында ғылыми-зерттеу орталықтары, кеңселер, конгресс-центрлер, музейлер және  т.б. жұмыс жасайды. Astana Expo 2017 Орталық Азия регионында өз үлгісінде ең алғашқы көрме болады, бұл әрине, өз кезегінде еліміздің имиджін, экономикалық және туристтік болашағына оң әсерін тигізеді.

Астанада өтетін көрмеде көптеген мәдени, спорттық іс-шаралар өтуде. Еліміздің және әлемді мойындатқан жұлдыздар концерттер қойса, классика және қазіргі музыка майталмандары көрме қонақтары үшін өнер көрсетеді. Театр, опера, балет бәрін де Astana Expo 2017 іс-шаралар шеңберінде тамашалауға болады. «TURKVISION», «Евразия» және басқа да фестивальдар 2017 жазында Астана қаласында өтеді. Сонымен қатар, спорттық іс-шаралар, каратэ, көркем гимнастика, ралли, үлкен теннис, бокс, жастар арасында футбол өткізіледі деп күтілуде.

Айнаш Ануарбек Anuarbek_Ainash
9 июля 2017, 10:24
232

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8425
  • 78
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 5843
  • 22
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 окт. 2017 / 15:46
  • 3274
  • 12
«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

Чат дагестанских родителей в WhatsApp стал популярным в Интернете. Кто-то записал общение родителей в мессенджере и после опубликовал в Твиттере.
tala03
12 окт. 2017 / 15:10
  • 3270
  • 12
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Рядом с посёлком Актогай в ВКО расположено одно из крупнейших в мире неосвоенных медных месторождений. В октябре Актогайская обогатительная фабрика вышла на проектную мощность.
theYakov
12 окт. 2017 / 10:47
  • 3175
  • 23
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2480
  • 29
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 окт. 2017 / 15:15
«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

Зачастую казахские селебрити выходя в свет, привлекают внимание и обьективы камер только к своей персоне, оставляя свои вторые половинки в тени неизвестности.
gulshat87
13 окт. 2017 / 17:56
  • 1877
  • 6