Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
06:56, 05 июля 2017

Астана күні

Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қонақтары! Сіздерді “Алау” мұзайдыны сарайы Oтанымыздың жүрегі – Астана қаламыздың 19 жылдық мерейтойымен шын көңілден құттықтай отыра, әрбіреуіңіздің отбасыларыңызға бақыт пен шаттық, сәбилеріңіздің жүздерінде күлкі болуын тілейді!
Астана - спортшылардың қаласы. Осы уақытқа дейін ару қаламыз әлемдік деңгейдегі талай байрақты бәсекелердің ордасына айналып үлгерді, міне сондықтан да көптеген елдердің арасында ең жас дамушы қала ретінде танылғанын баршамыз білеміз. Алдағы уақыттарда да өз қаламызда әлі талай жеңістерді бағындырып, қаламыздың ғана емес Отанымыздың мерейін үстем болатынына сеніміміз мол. Астанамыз гүлденіп, халқымызды біріктіріп, айбынды және көркем болып, әлемдік қоғамдастықта өзінің орнын нығайта берсін! Ізгі жүректен мықты денсаулық пен бақыт-байлық, бейбітшілік пен амандық, толағай табыстар, Отанымыз Қазақстан Республикасының игілігі жолында жаңа жеңістер тілейміз!
1
409
0