Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
11:17, 02 июля 2017

Өз идеяңызды үш минут ішінде қалай сатуға болады?

Blog post image

Маған жастар өз өніміңе қалай таныстырылым  жасағаным және қалай жазғаным дұрыс деп жиі жазады.

Мен талай рет көпшіліктің алдында сөйледім. Таныстырылым жасауда тәжірибе болса да, залда 5000-нан астам адам отырғанын көріп, тұла бойың дірілдеп, тынысың бітіп, адреналин ойнап тұрады. Бірақ менің бір сезетінім – сен залға арнап айтайын деген ақпаратыңды ғана ойламай, эмоциямен, харизмамен, әзіл қосып сөйлеуге тырысу керек. Басқа спикерлерден ерекшелену, қазылар алқасының көзіне түсу, тыңдармандардың жүрегін баурап алу – міне, біздің міндетіміз. Мен әдетте сөзімді былай бастаймын: Менің аты-жөнім -  Арман Тосканбаев. Өкінішке орай, алдыңғы спикерлер сияқты менің дипломым жоқ, бірақ менің кәсіпкерлікпен айналысқаныма 10 жыл болды. Өз тәжірибем арқылы   байқағаным: табысты болу үшін ғалым болудың қажеті жоқ. Әсер ете алсаң болды.

Таныстырылымның ең маңыздысы харизма мен көзіңде от ойнап тұру екенін мен қашан түсіндім?

Бірде мен бір конкурсқа қатыстым. Онда бір өзінің ойлап шығарған сутегі двигателіне жан жүрегімен беріліп  сенген жігіт  сөйледі. Ол екі бөтелке су әкелді, оған сымдарды салып, оны батареяға қосты. Сосын ол тоқ көзіне қосқанда, оттегі сутегіден бөлініп шықты. Міне, осыны көрсете тұрып әлгі жігіт мұның сутегі двигателі екенін аузы көпіріп тұрып дәлелдеді. Оның өзіне деген беріктігі мен сенімділігінің күшті болғаны соншалықты – қазылар алқасына эмоциялық күйін жеткізе алды да, оған көлемінде ақшалай грант және үшінші орын берді. Міне, таныстырылым ережесі! Эмоция, харизма және көңілді бола білу.  Егер сіз интроверт немесе оқымысты болсаңыз, жобаңыздың таныстырылымын өзіңіз жасамаңыз, одан да сізге қарағанда жандырып қорғайтын адам табыңыз. Атағыңызды екінші қатарға жіберіңіз де, алға таныстырылымның табысты болуын қойыңыз.

Кейбіреулер әдеттенгендей терминдерді жаудырып қолданбай, қарапайым да түсінікті тілмен түсіндірген өте маңызды. Қаншама таныстырылымдарды көріп жүрмін: шынымен қызықты жобалар бар, бірақ қорғаушылар ноу-хау пайдасын аудиторияға жеткізе алмайды. Тура қорғаудағыдай жобаның кульминациясы да маңызды. Мен негізінде былай аяқтаймын: «Мен бүгін сіздердің алдарыңызда жобамды қорғап тұрмын. Менің басты мақсатым – миллионер болу, мүмкін, бір кездері жастардың өз бизнесін дамыту үшін мен өзім мүмкіндіктер жасайтын шығармын. Бірақ осылай болу үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет, сонда ғана менің компаниям толығымен табыс тауып, мен қоғамға пайда әкеле аламын.

Соңғы жағында эмоция басым болып, іске бастайтын сөздер болу керек.

 
2
632
0