Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
-1
05:38, 28 июня 2017

Қазақстанға 5 млн қытай келуі мүмкін

Blog post image

Алдағы жақын жылдары Орталық Азия елдерінде 8 млн қытай өмір сүруі мүмкін. Мұндай пікірді Ресейдің Ұлттық экономика зерттеу университеті Жоғары мектебінің шығыстану бөлімінің меңгерушісі Алексей Маслов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазТАГ.

Оның сөзінше, Қытайдың негізгі әрекеті Орталық Азияны өзінің экономикасына тарту болып отыр. Себебі мемлекет энергоресурстар нарығына шығып, капитал экспортын қолға алу керек. "Қазір Қытай саясатының солтүстік-батыс векторы бар. Оның негізі мынада: Қазақстанға жанаса орналасқан Синьцзян Ұйғыр автономды ауданында қоныстанған қытайлықтардың саны соңғы жылдары бірден көбейіп жатыр. 

Қазіргі таңда олардың саны шамамен 30 млн адам және алдағы уақытта 100 млн-ға жетуі мүмкін. Тіпті шетелге де қоныстанады", - деді ол менеджмент тәуекелдері жөніндегі 8 халықаралық конференцияда. Масловтың айтуынша, осы болжамдарға сәйкес, Орталық Азия елдеріндегі қытайлардың саны бірнеше жылда 8 миллионға жетеді. 

Ал ҚазТАГ журналисінің "Қазақстанға орналасатын қытайлардың үлесі қанша болуы мүмкін?" деген сұрағына ол "шамамен 2/3 бөлігі" деп жауап берді. Біз Қытайдың кейбір атышулы бағдарламаларына, ұйымдарына қатысып, экономикамызды көтереді деп сенім арқанымызбен, өзіміз тосқауыл бола алмайтын басқа да қауіптің астында қалумыз мүмкін. “

http://qazaqtimes.com/article/15399​​​

-1
630
1