Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:55, 21 июня 2017

«23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне арналған мерекелік салтанатты жиын өтті

«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20қаңтардағы №3827 Жарлығынасәйкес 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілгені белгілі.

Аталған мерекені атап өтудің басты мақсаты қазақстандық патриотизм және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік аппараттың жұмысының негізгі мақсаты халыққа қызмет ету екендігін және мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуды қоғамға жеткізу болып табылады.

Осы мерекеге байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп  2017 жылдың 21 маусымында Батыс Қазақстан облысы маслихаты аппаратының  үлкен мәжіліс залында «23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні» мерекесіне арналған мерекелік салтанатты жиын өткізді.

Аталған шараға облыстық деңгейдегі барлық  мемлекеттік органдардың басшылары, персоналды басқару қызметі басшылары, өзге де мемлекеттік қызметкерлер,әдеп жөніндегі уәкілдер және мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері қатысты.

Салтанатты жиынды Батыс Қазақстан облысының әкімі А.С.Көлгінов бастады.

Жиында  қазіргі заманғы, кәсіби және дербес мемлекеттік аппарат құру, мемлекеттік қызметкердің құқықтық мәртебесі мен сапалы мемлекеттік қызмет көрсету тетіктері, Қазақстандықтардың  азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайту, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы туралы  мәселелер  көтеріліп, келелі ойлар  айтылды.

Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен облыс әкімі А.С.Көлгінов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.А.Исақов және мемлекеттік қызмет ардагері мен жас мемлекеттік қызметші   құттықтап, қызметтеріне жетістіктер тіледі.

Мереке аясында мемлекеттік қызметке алғаш, жаңадан кірген мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде  Ант қабылдады.   Мемлекеттік қызметтегі мінсіз, адал қызметі үшін еңбегімен ерекшеленген облыстық, аудандық  мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері «Үздік мемлекеттік қызметші» Төсбелгісімен, облыс әкімінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті  басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.

 
0
3621
0