2017 жылдың 23 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелерімен Тасқала ауданына көшпелі кездесу өткізілді.
Көшпелі кездесу шеңберінде мобильдік топ мүшелері аудандық колледждің оқытушылары мен студенттеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.