Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
14:34, 14 апреля 2017

ӘҢГҮДІК АҢҚАУ ЕМЕС ЕКЕН ҒОЙ

Blog post imageЖасым толып зейнетке шыққанша, және одан кейінгі де жылдардағы еңбек жолымда мұғалім, насихатшы, лектор, аудармашы қызметтерін атқарған өтілдік жылдарым аз емес. Сол жылдардағы қалыптасқан әдетімде, күнделікті ағымдағы ақпарлар, оқығандарым ішінен өзіме әсер еткен дәйектерді, ойларды өзімнің күнделік дәптерлеріме жазып қоятынмын. Кейіннен оларды қайталап ақтарып, оқып толғанып жүремін.
Жуықта қолыма ілінген мына бір жеңіл-желпі езу тартқызар өмір көріністері өзімді терең ойға тоғытты. Өзіміздің облыстық «Дидар» газетінің соңғы бетінде кейде әзіл-сықақ жағдайлар жазылып тұрады ғой.
Сондай әзілдік әжуаға  ӘҢГҮДІК деген біздің жерлесіміз ілініпті. Оның баяғыда жерлестерінің күлкісіне айналған сөздерін бала кезімде мен де еститінмін. Сол туралы газеттің байырғы журналисі, зейнеткер жерлесім Мұрат Әміренов жазыпты.. Ол ойдан шығарылған жел сөз емес. Расында да, баяғыда қала іргесіндегі Ұлан ауданы қазақтары қазақша Өскемен атауы әлі қалыптаспаған кезде, оны ДОМ деп атайтын, мен бала кезімде мұны жиі еститінмін. Домға барып келген қазақтар онда көргендерін, бастан кешкен оқиғаларын жыр ғып айтып жүретін.. Олардың келіп айтқандарын біреулер таңырқап, қызығып тыңдаса енді біреулер қалжыңға, күлкіге айналдыратын.
Blog post image
Есімде бір қалғаны - сол жылдары Қ. деген біздің бір ауылдасты құрдастары әжуалап: ол, дейді, алып барған шыны шөлмектерін Ертіске жуамын деп сындырып ап: «шығынға баттым-ау!» деп санын соғыпты десіп, дәл соның даyысына келтіріп нақыштап айтып күлісетін. Тағы бір ауылдастың құрдастары оның қаладағы орыс балаларының «орысша сайрап тұр» деп таңырқағанын тәлкек етіп күлісіп жүреті. Бұл күлкіні ести жүріп мен оған мән бермейтінмін. Осы туралы кейіннен «Дидар» газетінде Мұрат Әмренов еске алып, біздің ауылда-деп жазады ардагер журналис- ӘҢГҮДІК деген аңқаулау ақсақал болыпты. Бірде ол кірешілерге еріп, зәуімен қалаға барып келіпті. Ол қалада не көріп не білгенін ауылдастарына ауыз толтырып айтқандарының ішіндегі күлкіге мәз еткені мынау:
Апыр-ай десеңші, менің білгенім сол, құдай-ау, Домдағы орыстың кішкентай балаларына дейін шеттерінен сайрап тұр-ау, сайрап тұр – деп таңданған екен. Ертеректе бұған мен де күлетінмін, түсінігімше орыстың баласы орысша сөйлегені несіне таңырқарлық.. Соңғы жылдары мен бұған күлмеймін, қатты ойланамын. Себебі менің де байқап, пайымдап салыстырып жүрмін, орыстың балалары өз тілінде мүдірмей сөйлеп, өз ойын ашық, айқын айта алады, Ал қазақ мектебінің балалары өз тілінде олай сөйлей алмайды.
Тағы да «Дидар» газетіміздің сөйлеу қабілеттігі туралы бір материалын әзіл-күлкі үшін емес, терең ойлап толғану үшін қиып алып сақтап жүрмін. Газеттің 1995 ж. 25 қаңтарда «Орыс білгір, қазақ ділгір» деген айдармен Шекербану Рахметолда қызының мақаласын жариалады. Онда Күршім ауданындағы пән аралық олимпиада туралы былай деп жазды: қазақ балалары өз тілінде еркін сөйлей алмайды. Өз тілінде нақышына келтіріп сөйлеуде Оксана Константинова, Илона Горохова, Дима Самусевтер сайрап тұрғандығы, ал қазақ балаларының сауатсыздығы, абыржуын көріп жүрегіміз ауырды деп жазған еді. Егер осыны оқып отырған оқырман, осы мәселеге тереңірек үңілсеңіз Сіздің де «жүрегіңіз ауырар». Ал осындай жағдайды сезе, пайымдай білген ӘҢГҮДІК ақсақал аңқау адам болмаған ғой.
Blog post image«Өнер алды қызыл тіл» - тек сөз ұйқастыру емес (...сексен сегіз - ...екпесеңіз) алдымен ойыңды не қазақша, не орысша қиналмай, ыңқылдамай жеңіл де мүдірмей айтып жеткізу. Қазақ балалары мен орыс балаларының өз ана тілінде қалай сөйлейтінін ӘҢГҮДІК АҚСАҚАЛДАЙ САЛЫСТЫРА ЖҮРІҢІЗ.
ӘҢГҮДІК сияқты зейін, сезім көбінесе институт дипломына ғана байланысты емес. Бұл мәселе мектеп ұжымдарының, мұғалімдер әдістемелік бірлестіктерінің, филология кафедраларының, ата-аналардың терең ойлауын, талқылауын қажет ететін маңызды мәселе.
1
2667
0