«Көт» сөзінің тіркестері.

N SYm 2010 M09 29
6575
18
4
0

Қазақта «көт» деген сөз бар. Негізгі мағынасы адамның дене мүшесі. Синонимі «құйрық», яғни отыратын жер. Орыс тілінде «задница» немесе «жопа». Ал осы қарапайым сөзді басқа сөздермен тіркестіріп...

Қазақта «көт» деген сөз бар. Негізгі мағынасы адамның дене мүшесі. Синонимі «құйрық», яғни отыратын жер. Орыс тілінде «задница» немесе «жопа». Ал осы қарапайым сөзді басқа сөздермен тіркестіріп қолданса, сан түрлі мағынаға ие бола алады. Бұл оның бір керемет ерекшелігі. Сол сөз тіркестерінің бір тобын айтып өтсек: 
1. «Көті шелектей болу» - мақтану, ырза болып қалу, дандайсу; 
2. «Көтінен жел шығару» - ысқыру; 
3. «Көтін жырту» - қатты дауыс шығарып айғайлау, ойбайлау; 
4. «Көтін айыру» - біреуді ұрып-соғу, быт-шытын шығару; 
5. «Көтін жеу» - мылжыңдау, бос сөйлеу. 
6. «Көтке кіру» біреуге жағымпаздану, жалбақтау; 
7. «Көтләктану» - біреуге жағымпаздану, жалбақтау; 
8. «Екі ортада көт болу» - екі адамның ортасына от салу; 
9. «Көтіне қарау» - өз шамасын білу, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалау; 
10. «Көті айналған» - өте қырсық адам; 
11. «Көтский» - онша емес, нашар; 
12. «Таскөт» - менсінбеген адамға қолданылатын мазақтау сөзі; 
13. «Көк инені көтіне түртпейтін» (мәтел) қолынан түк келмейтін адам; 
14. «Көтінің басына келтіру» - тым қысқа көйлек кию; 
15. «Көтін қыстыру» -біреуді қорқытып, тәубасына келтіру. 
16. «Көтіне бұрыш қыстыру» - біреуді қорқытып, тәубасына келтіру; 
17. «Кес көтіңді» - «Ал енді не істейсің» немесе «істеріңді істе»; 
18. «Көтін ашу» - сырын ашу, әшкерелеу; 
19. «Көті жер иіскемеу» - дем алмау, дамыл таппау; 
20. «Көт шаш» - шашы ортасынан бөлінген. 
21. Біреуге көтқұман болу - мәймөңке болу 
22. Бұралық сөз бұтыма, көлденең сөз көтіме (мәтел) - Әңгіме-өсекке мән бермеймін 
23. Көті тұрмады - Бата алмады, қорқып қалды 
24. Көтіне қыстырмау - Елемеу 
25. Көтінде жоқ, көсеумен қамшылайды - Өзінде жоқ нәрсемен мақтану 
26. Көтергені құрсын-ау, көтіме қолын тыққан соң - Бүйткен көмегі құрысын, міндетсінетін болсаң. 
27. Ол үшін де көт керек, көтке бес келі ет керек - Ол үшін де өжеттілік пен ұятсыздық керек. (наглость) 
28. Бір көттен шыққан - Аталас бауыр 
29. Көтен төлеу - артық төлеп қою 
30. Көтен ақы - Жезөкшелерге беретін ақша 
31. Көңіл сыйса, көт де сыяды - Сығылысып отырғанда айтатын сөз 
32. Көті бүрісу - қорқып отыру 
33. Көт терлету - Ауыр еңбекпен айналысу 
34. Көтін ашып күлу - табалау 
35. Көтінен бал ашу - Өтірік болжам жасау

Оцените пост

2

Комментарии

0
> «Көтский» - онша емес, нашар

Вот не знал)) Теперь буду знать))
0
спасибо))) наднял настроение на весь день)))
0
надо бы значения на русский перевести)
0
За слово попа?00
Показать комментарии