1 Мынадай адам шынымен бақытты:
Ол құдайсыздар кеңесіне бармайды,
Күнәкарлар жолымен де жүрмейді,
Мазақтаушылармен бірге отырмайды.
2 Қайта, ол Жаратқанның тәліміне қуанады,
Күні-түні сол туралы ойланады.
3 Ол су жағасындағы ағашқа ұқсайды:
Сол мерзімінде жемісін береді,
Жапырақтары кеуіп те сембейді,
Не істесе де, ол табысқа жетеді.
4 Ал құдайсыздарда солай болмайды,
Олар жел ұшырған қабыққа ұқсайды,
5 Құдай сотында ақтала алмайды,
Әділдер қауымында орны болмайды.
6 Әділдің қамын Жаратқан ойлайды,
Ал құдайсыздың ізі де қалмайды.