ҚР IT САЛАСЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН Е-КОММЕРЦИЯНЫ ДАМЫТУ

Medina Ray 2017-2-16 02:56
267
0
0
0

Бүгін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетінің төрағасы Мұрат Әбенов, ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев...

Бүгін "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында ҰКП Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетінің төрағасы Мұрат Әбенов, ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, Қазақстанның IT компаниялар қауымдастығының Төралқа Төрағасы Нұрлан Исин және ҰКП жанындағы Стартап және IT-экожүйені дамыту бойынша кеңес төрағасының орынбасары Мағжан Мәдиевтің қатысуымен брифинг өтті.

"Атамекен" ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев Мемлекет басшысының "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Жолдауындағы IT-технологиясын дамыту бойынша берілген тапсырманы бизнес қоғамдастықтың жүзеге асыруға дайын екенін атап өтті. Сонлдай-ақ, ҰКП IT саласындағы жас өкілдердің қатысуымен стартап және IT-экожүйені  дамыту бойынша кеңес құрылғанын хабарлады.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының IT саласын, қаржылық технологияларды, сандық сервис пен Е-коммперцияны дамыту бойынша шаралар қарастырылды. Сонымен қатар, Серпін Медиа орталығының өкілі тарапынан Kundelik.kz сайты және мектеп оқушыларын жоғары сыныптан бастап кәсіпкерлікке баулу мәселесі көтерілді. Эльдар Жұмағазиев пен Мұрат Әбенов брифинг спикерлерінің айтуынша, бұл жоба 2019 жылдан бастап толық жүзеге асады. Бұған қоса, пилоттық жоба ретінде кәсіпкерлікке ынталандыру Шығыс Қазақстан облысының білім мекемелерінде ағымдағы жыл бастау алған.

СМО ақпарат


 

Оцените пост

0

Комментарии

Чтобы написать комментарий нужно войти в систему