Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
06:00, 15 февраля 2017

БОЛМАЙТЫН ЕЛДІҢ БАЛАСЫ БІРІН БІРІ «ҚАТЫН!» ДЕР немесе ҚАЗАҚ БІРІН БІРІ «КӨРЕАЛМАЙДЫ»!!!

Қай ұлт болмасын енді жұлдызы жана бастаған жəне супер танымал əртістерін қуана қолдайды. Мəселен, Ресей əншілерінің ютуб, инстаграм т.б желідегі комментарийлерін оқысаң кілең "Мы гордимся тобой!", "Ты просто шикарна!", "И голос, и стиль - все сочетается! Тебе такой образ идет!", "Голливуд отдыхает!" т.с.с. пікірлер байқайсың. Ал отандық эстрадамыздың комментерін көрсең барлығы негатив, қолдау түгілі бір жылы лебіз білдірмейді: "Е мынау жетісіп қапты!", "Дауысы түк жоқ!", "Масқараа, киініп алғанын қара!", "Қашан баЙға тиесің? Кемпір болдың ғо е!", "Сені Пəленшенің күйеуімен көріпті ғой, намысың қайда! Кет, Қазақстаннан!", "Дым жарияламай-ақ қойшы, еш нəрсе жараспайды саған!", "Таныс арқылы келген еді, көтеріліп кетіпті ғой" т.б. сұмдық пікірлерді оқисың.

Қазаққа не жетпейді осы? Қай саланың болмасын мəдениеті өзгеріп отырады, заманға қарап аяқ басқан жөн. Егер ескінің патриоты болсақ, бəріміз шапан жауып, сәукеле киіп жүрейік! Адамның ішінде не толы болса, сыртына сол шығады... Егер біліміңіз жеткілікті болмаса, түсіне алмасаңыз көзіңізді жұмып ары қарай өтіп кетіңіз. Міндетті түрде біреуге күйе жағып кету керек пе? Данышпан болып 24 сағат əртіс аңдығанша, таза ауа жұтып, өзіңізге қызықты дүниелермен айналысыңыз. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН,  Болатын елдің баласы бірін бірі БАТЫР дейді...

1
990
1