Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:41, 14 февраля 2017

Күмәнді фарш

Өнімнің  қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында Қарағанды облысында ЖК К.М. Ермековтың «Транзит» дүкенінде бұрмалау белгілері бар, атап айтқанда дайындаушының орналасқан жерінің атауы, тұтынушылардан талап-арыздарды қабылдауға дайындаушы уәкілеттік берген адамның мекенжайы, өнімді сақтау шарттары туралы ақпараты бар таңбалауы жоқ «Туралған фарш» өнімі анықталды, бұл «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері» туралы Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 022/2011) талаптарын бұзу болып табылады.

Өнімге 2016 жылғы 25 мамырдағы  КО № КZ.3110309.23.01.00202 сәйкестігі туралы декларация берілген, оған сәйкес дайындаушы Жамбыл облысы, Тараз қ., Сенкебай к-сі, 3-үйде орналасқан ЖК  Ф.Э. Бердібаев болып табылады.

Сәйкессіздіктің анықталу фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізу кезінде көрсетілген объектінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің  бақылауында тұрмайтындығы анықталды.

Демек аталған жеке кәсіпкер шыққан жері белгісіз еттің жартылай фабрикаттарының жасырын өндірісін жүзеге асырады.

Бұл жағдайда аталған өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік беру мүмкін емес .

Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) аталған сәйкес келмейтін өнімді өткізуге жол бермеу бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Сондай-ақ, Комитет жағымсыз жағдайды және аталған тауарларды тұтынудан болатын салдарларды болдырмау үшін тұтынушыларға өнімді (тауарды) сатып алған кезде оның таңбасында дайындаушы атауының, орналасқан орнының (дайындаушының мекенжайы), дайындалған күнінің, жарамдылық мерзімінің және  сақтау шарттарының болуына назар аудара отырып, сақтық танытуды ұсынады.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=7089

0
390
0