Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:52, 26 января 2017

Абайлаңыз, фальсификат!

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті өнімдердің, оның ішінде май-тоң май өнімдерінің қауіпсіздігі мониторингісінің 2016 жылғы нәтижелері айтылған, «Sputnik Қазақстан» ақпараттық агенттік және радиосының орталығында 2017 жылғы 26 қаңтарда өткізілген пресс-конференцияға қатысты.

Комитет төрағасының орынбасары Нұрқан Олжабайұлы Сәдуақасов елдің ішкі нарық айналымындағы өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі жағдайы, анықталған бұрмаланған қауіпті өнімдер саны және жүргізілген шаралар туралы әңгімелеп берді.

Атап айтылғандай, 2016 жылы Комитет 40796 өнім сынамаларын зерттеді, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес емес  5872 сынамалар анықталды немесе 14,4 % құрайды.

Сәйкес емес өнімдердің негізгі бөлігі тамақ өнімдеріне жатады, яғни   29164 зерттелген үлгілердің 3563 немесе 12,0%, оның ішінде 853 сүт сынамалары (8049),  76 май - тоңмай өнімдері (1801).

Ең көп таралған бұзушылықтар (65% астам) таңбалау бойынша кемшіліктер және тұтынушылар үшін дұрыс емес ақпарат беру болып табылады.

Екінші орында қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша талаптарды бұзу (бактерия тобының ішек таяқшасы, бактериялық зарарланудың жалпы көрсеткіштері, көгеру болуы) 21,0%, бұдан әрі, тұтынушыларды алдау фактілері, оларды жаңылыстыру (бұрмаланған өнім болуы) 14,0% болды.

Сәйкес келмейтін өнімдер анықталған барлық фактілер бойынша Комитет өндірушілерге хабарлама, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына Қазақстан тұтынушылық нарығының тиісті деңгейін қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы ақпарат жіберіліп  отырды.

Анықталған бұзушылық нәтижесі бойынша 53 шаруашылық субъектілерінің  қызметін тоқтата отырып, кінәлі тұлғалар 78,9 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айналымнан 25 тонна қауіпті, соның ішінде  бұрмаланған өнімдер алынып тасталды.

Өндірістің жасанды май-тоң май өнімдерін өндіру фактісі бойынша  «VKV Company» ЖШС-не және Алматы қаласының «Аяла плюс» ЖШС-не қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды, материалдар Алматы қаласының әкімшілік соттар қарауына берілді.

Мәселенің өзектілігін, тұтыну нарығындағы бұрмаланған өнімдердің болуын ескере отырып, Комитеттің зертханалық қызметті жаңғырту бойынша, оның ішінде зерттеудің жаңа әдістерін енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Комитеттің соңғы екі жыл ішінде жүргізілген жұмыс нәтижесі, елдің тұтыну нарығында сәйкес келмейтін өнімдердің жалпы санының төмендеуі, барлық өнімнің 2015 жылы 26 % - дан 2016 жылы - 14,4%,   және  тағам өнімнің 30% - дан 12% - ға төмендеуі болып табылады.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=6894

0
571
0