Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:03, 21 января 2017

«Алмас қылыштың» Павлодарға келгендігі туралы (ойдан шығарылған әңгіме)

Елнұр бұл жұмысқа келгенде "қазаққа пайдам тиеді-ау" деп ойлаған. "Алмас қылыш" шыққан кезде қуанғаны да сондықтан, халыққа өткенін көрсетіп, осы бір "орыстанған" қаланың қаракөздерінің рухын көтеру мақсат қып алған. Құралы - "Алмас қылыш" әрине. Алайда, зерттеу жүргізіп, бұл қаланың қазақтары өз тілдеріндегі фильмдерге қаражат бөлуге дайын еместігін көрсетті. Оларға ютубтан көре салу артық. Күрсінді. Бір нәрсе жасау керек болды. Кез-келген әлемді өзгерткен идеялар секілді, қазақты өзгерткен идея кездейсоқ келді.

Сәрсенбінің кеші бәйбішесін бір жерге шақырғысы келген Нұрлан интернеттен "Алмазный мечь" болатынын көреді. Алайда, бәйбішесі орысша түсінбейді. Отау құрғалы отыз жылда жұбайы балаларымен де, немерелерімен де тек қана қазақша сөйлескен. Тарихты сүйетіні тағы бар, бұл фильмді шағын қалаға қашан келеді деп күтіп жүрген бәйбішеге экс-әкім қалайда сыйлық жасағысы келді. Иә, адам қартайған сайын романтикалық әрекеттері үлкен мейірімге тола бастайды екен. Жас келген сайын жарыңа жасар сыйлыққа да бар жүрегін, бар сезімін аямайды. Қайтсем де Павлодарға қазақшасын әкелуім керек деген қорытындыға келеді.

- Ассалаумағалейкум?! - call-орталыққа соғылған бұл қоңыраудан телефонды алған қыз абдырап қалды.
- Елнур, возьми пожалуйста трубку, там на казахском старик какой-то звонит! - деп жаңағы қыз телефонды Елнұрға жазды.
- Алло, Алло, кім бұл екен?! - деп ақсақал тағы да дауыс шығарады.
- Ассалаумағалейкум, аға, айта беріңіз, есімім Елнұр! - деді маркетолог жігіт.
- Балам, "Алмас қылыштың" қазақ тілді нұсқасын біздің қалаға қашан әкелесіңдер? Сайттарыңда жоқ екен. Әлде, бұл аймақта қазақтар жоқ деп ойлайсыңдар ма? БІлсеңдер, 700 мың халықтың 500 мыңы Малайсары мен Баян батырдың ұрпағы. Айналайын, ағаңның сөзін ал. Көрсетші. Әлде, Рүстемге хабарласайын ба өзім?
- Аға, әрине келеді, жоқ, хабарласпаңыз, аға! - деп Елнұрдың ойына бір жақсы идея келді, - Аға, ертең-ақ әкелеміз, сағат 20.00-де. Күтіңіз! - деп ақасақалмен қоштасты.
Бойына қан жүгіріп, Елнұр "Батыр Молл" басшылығына келіп, бірден өз ұсынысын айтты. Басшылығынан келісім алған соң, телефонындағы ватсапқа кіріп, хат жаза бастады:

"Алмас қылыш" фильмінің Павлодарда қазақша нұсқасы жоқ екен деген соң режиссерге хабарласқанбыз. Режиссер қазақша, орысша нұсқалары барлық кинотеатрларға жіберілгендігін айтты. Сөйтсек, бар екен. Кинотеатрлар бәрібір қазақша ешкім көруге келмейді деп тығып отырыпты. Осыған байланысты дау айтқан режиссерға кинотеатр өкілдері: "Жәрәйді ертең қазақша қойып көрейік, бірақ, қазақтар көруге келеді деп ойлайсың ба" -деген көрінеді. Бүгін сағат 20:55-те "Батыр мол" СО-дағы к.театрда "Алмас қылыш" фильмінің қазақша нұсқасы қойылады. Егер көрермен келмесе ертең алынып тасталады. Сондықтан, барлықтарыңызды көруге шақырамын.
0
608
1