Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:38, 11 января 2017

Бақытжан Бұқарбаймен сырласу

Жұрт көп мақтайтын дүниеге көзім жетпегенше сенбейтін жаман (әлде жақсы ма?) бір мінезім бар. "Абай жолын" қолға алғанда, Ремарктың кітаптарын қолға алғанда сондай сенімсіздікпен қарайтын едім, Карнегидің кітаптарын оқымай қойғаным да сол жұрттың аса мақтауынан. "Күміс кітапқа" да сыни көзбен қарадым. Астанаға түсті деген соң "Мегадағы" "Меломанға" бардым. Бағасы да айтқандай өзгеріссіз 1090 теңге.

Негізі, бұл бір жуан, ұзақ кітап деп ойлаған ем, қолыма әдемі, жұқа кітапты ұсынғанда тіпті сенімсіздікпен қарадым. 
Бақытжан мырзамен шынайы сырластық. Оның кітапқа деген құрметі, кітапқа деген махаббаты Сізді де әр парағын, әр жазғанын бағалауға шақырады. Бұрындары ойланбаған "кітаптың бағасы", "қалай таңдау керек" деген сұрақтардың жауабын алдым.

"Абай жолын" оқығанның маңыздылығы мен "қазақ әдебиетіндегі фанатиктер" жайлы бұрындары да ойланатынмын, әсіресе, "Абай жолын оқымасан қазақ емессің" дегендерді жек көруші ем, автормен ойымыз да бір жерден шығады осы сұраққа келгенде. Иә, жастарға сыни көзқарас жетіспейді осындайда. Бизнес кітаптар мен бүгінгінің "біліми" кітаптарына келгенде де ойымыз ортақ.

Сұхбаттасымның жұбайы да аса кітапқұмар екен, осы орайда, отбасы құрғанда әйеліңізбен кітап оқыңыздар, бала көргенін жасайды деген жерін түртіп қойдым. Болашақ жарыма да көрсетемін.

Бұл кітапты Фархаттай кітапқұмарлар да оқуы тиіс, жазу стиліне, құрылымына назар аудару үшін. Бұл кітапты кітап оқымайтындар да оқуы тиіс: жігерленеді, Бақытжандай болуға ұмтылады.

"Күміс кітапты" оқып, Бақытжан мырзаның мінезін, табиғатын ұғынамыз. Кей жерлерінде сырын тым көп ашып қойғанындай болады. Бірақ, бұл оқырманға деген сыйластығы мен сенімділігінен шығар.

Жә, кітаптың өзінен менің сөзім аспай тұрғанда аяқтайын осымен. Осы жерге дейін жетсеңіз лайк басып, коммент қалдырып, кітапты қашан сатып алуға баратыныңызды айтыңыз.

 
0
526
0