Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:10, 10 января 2017

Сізге таныс 3 жағдай. «Эдгар По көлеңкесі» кітабынан

Эдгар По - американың Балтимор қаласында дүниеге келіп, небәрі 40 жасында өмірден өткен американдық романтизмнің өкілі.

Ол өмірден белгісіз жағдайда өтті. Бірі - алкогольдік ішімдікке масайғаның айтса, енді бірі оны у беріп өлтірген деседі. "Марқұмды" жерлеуге санаулы адам келген, алайда, ең қызығы - оның "зияратына" жыл сайын белгісіз бір адам келіп тұрады екен. 2009 жылға дейін осы жағдай қайталана берген.

Бұл кітап жұмысы жоқ, уақыты көп, детективтерді жақсы көретін адамдарға арналған. Тым ұзақ, әрі оқиғалар желісі шаршатып жібереді. Бірақ, басты кейіпкер секілді бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын "қырсықтарға" арналған десем, қате айтпаспын. Кітаптан не түйдім?


1. Адам өз ісіне ешбір қиындыққа қарамай сену керек дейді. Кітаптың басты диллемасы да сол - бастаған ісіңді ешбір айналадағы жағдайға қарамай тастамай аяқтау керек дейді. Ол енді мінезге де байланысты. Сонымен қатар, ессіз де болу керек-ау.


2. Ер адамға қиналған сәтінде жарының (сүйгенінің) қолдауы, досының қолдауы, адамдардың бір жылы сөзі қаншалықты маңызды екенің білесіздер ме?! Ойынан айнып қалуға жақындаған шақта осы бір жақсы сөз, жақын адамыңның сенімі ісіңнің дұрыстығына, жолыңның қанша қиындыққа тап болғанына қарамастан алған беттен қайтпауға итермелейтін жалғыз күш екенің автор жақсы көрсетеді.


3. Қоғамның ойы мен адамның ойы арасындағы айырмашылықты анық көрсететіндей. Иә, біздерге жау болған "жұрт не айтадының" шекпенін кимеген жігіттің жеткен жолы мен мазалаған сұрағына жауап алғаны қуантады. Өмірі мазалайтын сұрақтың шешімін дер кезінде тапқан адам қандай бақытты десеңші?! Бастысы, қоғамның не дейтініне қарамастан, сол сұрақтың жауабын табуға ұмтылды. Осы бір қайсарлықты, осы бір қабілетті адамға берсе ғой, шіркін...

Бұл кітапты оқу керек пе? Иә, егер уақытыңыз көп болса, немесе ұйқыңызды бөлуге дайын болсаңыз. 
Бұл кітапты оқымасам болады ма? Иә, себебі, осындай тектес детективтер көп деп ойлаймын

 
0
386
0