Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
-6
11:08, 28 октября 2010

Чехов және Айқындық Капитандары

Blog post imageҰлы драматург биыл 150-ге толды. Бұл датаға орай мемлекеттік театрлар Антон Палычтың пьесаларын қоюға міндет көріп, «Шие бағы», «Шағала», «Үш апалы-сіңлілі» сынды қойылымдарды ұсынды.

Біздегі – «Шағала». Сюжетте әзіл болмаса да, автор оны комедия деп атаған, неге десеңіз, Чеховтың өзінен сұраңыз, ал біздікі тек болжау. Надандық, ақымақтық, маңғаздану мен жауапсыз махаббат, адасқан жандардың зары, суицид. Былай қарасаңыз, комедия ондай элементтерден тұрмайтын секілді. Трагедияның өзі – өкініш, аяныш пен ыза емес пе? Соған қарамастан, күзгі күндей жабырқаған, бақытқа орын таба алмаған комедия ғана нағыз үмітті сыйлай алады, - деп баяғы заманда, Чеховтан бұрын басқа драматургтар айтып өткен болатын. Ал орыс классигінің өзі бұл пьесадағы кейіпкерлерге

аяушылық білдірместен, шымылдықтың әр жағынан оларға күліп тұрғандай. Зілсіз. Жай ғана амалсыз күлкі. Бірақ мәселе жанр таңдауда емес, сахнадағы қойылымда. Әбігершілік пен қарбаласты көре тұра, нақты бағыты бар қозғалыстың жоқтығын елестетіп көріңізші. Бұл динамикалық схеманың әлсіздігі ме, әлде акценттердің дұрыс қойылмауы ма – айта алмаймын. Тек бұндай театр қай драматургтың пьесасын сахналаса да, Шоу не болмаса Ибсен, Шекспир не Беккетті сөйлете алмайды деп қорқамын. Себебі оларға атам заманнан аманат қылып сақтаған шаблондарға тиісуге болмайды! Осы жолы да: мыналар Оразбековтың «Бір түп алма ағашындағы» ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты Чеховтың «Шағаласына» еш өзгертпей әкеп қойған ба, - деп қалдым.

Меніңше, Треплевті қияли, жындыханадан қашып кеткендей, бұл дүниемен қош айтысуға асығып жүрген жазушы етіп, ал Заречнаяны соншалықты бишара қылып сахналау – орынсыз. Жалпы, классиканы үйтіп шайнап, ауызға салып беру деген театрға жат нәрсе. Осылайша оның мәні, маңыздылығы, бір ғасырға созылған өзектілігі бір мезетте жоқ болып кетеді. Оны аз көргендей, режиссер ұзақ диалогтар арқасында қойылымды үш сағатқа созып, пьесаның авторлық құқығын сақтауға бел буды – үтір-нүктесіне дейін сөйлемдерді сақтап, әр эпизодты қалдырмай көрсетті. Әр образға тоқталмаймын, бірақ Нинаның екі рет қайталап шыққан монологы, шынымен де, екі түрлі болып, сәтті шықты деп ойлаймын. Бұны ерекше айтып өткенім – актерлік шеберлігін өзімше бағалағаным, әсіресе «шағаланың» рөлін жас актриса ойнағанын ескерсек...

Режиссердің жұмысына тағы оралсақ, Треплев жаңа формаларды іздеп жүрген драматург, ол ескілік пен жалған сенімдерден арылғысы келеді, ал шешесі болса, оған «декаденшілсің» деп мазақтап, барлық шығармашылығын жоққа шығарады. Осы кезде шешесінің емес, режиссердің позициясы керемет сезіледі: «Шынымен де, жаңа формаларды қайтеміз»?

Бұл үмітсіз архаика да емес, бірақ... осы кезде Мопассан ұқсап Эйфель мұнарасынан қашып кеткенім жоқ, тек зеріктім.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Ешқай газетте жарияланбайтын жазба

-6
1434
0