Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:17, 20 декабря 2016

Пресс-релиз по итогам заседания коллегии Министерства энергетики РК

13 декабря 2016 года состоялось очередное заседание коллегии Министерства энергетики Республики Казахстан с участием государственного инспектора Отдела государственного контроля и организационно-территориальной работы Администрации Президента Республики Казахстан.

На повестке дня заседания коллегии рассматривались следующие вопросы:

1. О завершении конверсии исследовательского реактора ВВР-К на топливо с низкообогащенным ураном и дальнейших перспективах развития, по которому выступил представитель Республиканского государственного предприятия «Институт ядерной физики».

Реактор введен в эксплуатацию в 1967 году и используется для производства радиоизотопов, радиационного испытания материалов и компонентов, нейтронно-активационного анализа и научных исследований. По итогам работ по конверсии ВВР-К удвоена плотность потока нейтронов, обновлены системы управления и защиты, радиационного контроля, аварийного охлаждения, бесперебойного энергоснабжения, а также обеспечен запас топлива на 15 лет работы.

По итогам обсуждения даны рекомендации по дальнейшей работе.

2. О реализации проекта «Строительство интегрированного газохимического комплекса в Атырауской области - Первая и Вторая фаза» по производству полипропилена и полиэтилена на территории специальной экономической зоны «Национальный индустриальный нефтехимический технопарк», по которому выступил представитель Товарищества с ограниченной ответственностью «Объединенная химическая компания».

Начало строительства интегрированного газохимического комплекса запланировано на 1 квартал 2017 года, ввод в эксплуатацию запланирован на 3 квартал 2020 года. Реализация данного проекта обеспечит годовое производство полипропилена в размере 500 тысяч тонн и полиэтилена в размере 800 тысяч тонн.

Был обсужден ход реализации проекта, озвучены проблемные моменты и даны рекомендации по дальнейшей работе.

3. Были подведены предварительные итоги деятельности Министерства по основным направлениям, в том числе по достижению и реализации стратегических целей и задач, использованию бюджетных средств, оказанию государственных услуг, рассмотрению жалоб и заявлений граждан, степени открытости Министерства, управлению персоналом, применению информационных технологий, исполнительской дисциплине, исполнению актов и поручений Главы государства, правовому обеспечению. Даны поручения по усилению работы по данным направлениям.

Пресс-служба МЭ РК

 

ҚР Энергетика министрлігі алқа отырысының қорытындылары бойынша баспасөз хабарламасы

2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі мемлекеттік инспекторының қатысуымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кезекті алқа отырысы өтті.

Алқа отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. Төмен байытылған уран отынына ССР-Қ зерттеу реакторы конверсиясының аяқталуы және одан әрі даму перспективалары туралы. Бұл мәселе бойынша «Ядролық физика институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілі сөз сөйледі.

Реактор 1967 жылы пайдалануға берілді және радиоизотоптарды өндіру, материалдар мен компоненттерді радиациялық сынау, нейтрондық белсендіргіш талдау және ғылыми зерттеулер үшін қолданылады.

ССР-Қ конверсиясы жөніндегі жұмыс қорытындылары бойынша нейтрондар ағынының тығыздығы екі есе арттырылды, басқару және қорғаныш, радиациялық бақылау, апат жағдайындағы салқындату, үздіксіз энергиямен жабдықтау жүйелері жаңартылды, сондай-ақ 15- жылдық жұмысқа отын қоры қамтамасыз етілді.

Талқылау қорытындылары бойынша алдағы жұмыс жөнінде ұсыныстар берілді.

2. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында полипропилен мен полиэтилен өндіру бойынша «Атырау облысында біріктірілген газ-химиясы кешенін құру – Бірінші және Екінші фаза» жобасының жүзеге асырылуы туралы. Бұл мәселе бойынша «Біріккен химиялық компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі сөз сөйледі.

Біріктірілген газ-химиясы кешені құрылысының басталуы 2017 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған, пайдалануға беру 2020 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған. Осы жобаның жүзеге асырылуы 500 мың тонна көлемінде полипропиленнің және 800 мың тонна көлемінде полиэтиленнің жылдық өндірісін қамтамасыз етеді.

Жобаның жүзеге асыру барысы талқыланды, күрделі кезеңдер айтылды және алдағы жұмыс бойынша ұсыныстар берілді.

3. Министрлік қызметінің негізгі бағыттары, соның ішінде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету мен оларды жүзеге асыру, бюджеттік қаражатты пайдалану, мемлекеттік қызметтер көрсету, азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау, Министрлік ашықтығының деңгейі, қызметкерлерді басқару, ақпараттық технологияларды қолдану, атқарушылық тәртіп, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау, құқықтық қамтамасыз ету бойынша алдын ала қорытындылар жасалды. Осы бағыттар бойынша жұмысты күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

0
398
0