Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:32, 14 декабря 2016

Пресс – релиз Кашаган: ближайшее и перспективное будущее

13 декабря 2016 г.

г. Астана

На площадке Службы центральных коммуникаций состоялся лекторий Вице-министра энергетики РК Магзума Мирзагалиева, посвященный запуску месторождения Кашаган.

28 сентября 2016 года началась тестовая добыча месторождения Кашаган. В частности, открылись 3 скважины на острове «А» и началось подключение оборудования на острове «Д».

1 ноября 2016 года добыча на Кашагане вышла на коммерческий уровень более 75 тысяч баррелей нефти в сутки. В настоящее время проводятся работы с целью наращивания уровня добычи и его стабилизации на уровне 180 тыс. баррелей в сутки.

В рамках опытно-промышленной разработки месторождения Кашаган планируемая добыча до конца срока действия СРП (2041 год), составляет 308 млн. тонн нефти. Будет добыто 211 млрд. кубометров газа, из которых более 62 млрд. пойдет на внутренний рынок для обеспечения потребностей граждан и промышленности страны.

До конца текущего года планируется добыть до 1 млн. тонн нефти и 680 млн. м3 газа, в 2017 году – до 8,9 млн. тонн нефти и 5,6 млрд. м3 газа (по прогнозам МЭ РК). В последующих годах планируется нарастить добычу до 13-16 млн. тонн нефти и 9 млрд. м3 газа в год.

Кашаган – это крупный международный проект. Акционерами являются крупнейшие мировые нефтегазовые компании Италии, Голландии/Великобритании, США, Франции, Китая и Японии. При этом, крупнейшая доля в консорциуме принадлежит Национальной Компании «КазМунайГаз». Все вместе акционеры формируют компанию НКОК, которая является единым Оператором проекта.

Соглашение о Разделе Продукции было подписано 18 ноября 1997 года, и уже 5 лет спустя в 2002 году было объявлено Кашаганское Коммерческое Открытие – были найдены и подтверждены запасы углеводородов. Кашаган не один – он окружен месторождениями-сателлитами: Каламкас-море, Актоты, Кайран и Юго-Западный Кашаган, которые тоже представляют значительный интерес для разработки и эксплуатации.

«В рамках Соглашения добытая нефть разделяется на кост-ойл – нефть необходимая для компенсации расходов инвестора и его мотивации для дальнейшей разработки месторождения, а значит и инвестиций; и профит-ойл – та часть нефти, которая формирует доход инвестора и идет в бюджет Республики», - отметил Магзум Мирзагалиев.

По его словам, помимо профит-ойл Казахстан в будущем будет получать также все виды налогов, предусмотренных в СРП, и бонусы. Дополнительно, инвестор обязан выделять средства на социальные расходы, обучение казахстанских кадров, и, конечно же, инвестиции в развитие сопутствующих отраслей промышленности.

4 года проводились геолого-геофизические исследования Казахстанского сектора Каспийского моря Консорциумом «КазахстанКаспийШельф», 9 лет заняло строительство самого морского комплекса и 5 лет – строительство наземного комплекса. Дополнительно 3 года было потрачено на полную замену морских и наземных трубопроводов.

В настоящее время Кашаган находится на Этапе 1 – Опытно-Промышленная Разработка, характеризующимся добычей нефти в объеме 370 тыс. баррелей в сутки или 13 млн. тонн в год.

В рамках Этапа 1 построены Эксплуатационно-технологический комплекс и 4 буровых острова на море и завод «Болашак» на суше.

С начала действия СРП Подрядчик выплатил бонусов в размере 1,9 млрд. долл. Поступления в бюджет государства в 2017 году составят – 135 млн. долл.

Следующий год станет первым полным операционным годом Кашагана, и Республика продолжит получать свою долю от добытых ресурсов.

1 млн. 670 тыс. тонн нефти (доля Казахстана и АО «КМГ») будут переправлены через трубопроводы КТК до порта Новороссийск на побережье Черного моря.

В сеть газопроводов КазТрансГаз будет передано 1,1 млрд. кубических метров газа (доля Казахстана и АО «КМГ») для экспорта и внутреннего потребления.

По железной дороге будет транспортировано 230 тыс. тонн серы также на внешние рынки и для внутреннего производства.

Напомним, 7 декабря 2016 года в г. Атырау с участием Главы государства прошла официальная презентация одного из крупных месторождений в мире и первого морского месторождения в Казахстане – Кашаган.

Фото: Службы центральных коммуникаций

Баспасөз хабарламасы Қашаған жақын және перспективті болашақта

13 желтоқсан 2016 ж

Астана қ.

Орталық коммуникациялар орталығының алаңында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиевтің Қашаған кен орнын іске қосуға арналған лекторийі өтті.

2016 жылғы 28 қыркүйекте Қашаған кен орнында тестілік өндіру басталды. Атап айтқанда, «А» аралында 3 ұңғыма ашылды және «Д» аралында жабдықты іске қосу басталды.

2016 жылғы 1 қарашада Қашағанда өндіру тәулігіне 75 мың баррельден астам коммерциялық деңгейге шықты. Қазіргі уақытта өндіру деңгейін арттыру және оны тәулігіне 180 мың баррель деңгейінде тұрақтандыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру шеңберінде Өнімді бөлу туралы келісімнің қолданыс мерзімінің (2041 жыл) соңына дейін жоспарлы өндіру 308 млн. тонна мұнайды құрайды. 211 млрд. текше метр газ өндірілетін болады, оның ішінде 62 млрд. ел тұрғындары мен өнеркәсіптің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ішкі нарыққа жіберіледі.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 1 млн. тоннаға дейін мұнай және 680 млн. м3 газ, 2017 жылы –8,9 млн. тоннаға дейін мұнай және 5,6 млрд. м3 газ өндіру жоспарлануда. Одан кейінгі жылдарда өндіруді жылына  13-16 млн. тонна мұнай және 9 млрд. м3 газға дейін өсіру жоспарлануда (ҚР ЭМ болжамы бойынша).

Қашаған – ірі халықаралық жоба. Оның акционерлері – Италия, Голландия/Ұлыбритании, АҚШ, Франция, Қытай және Жапонияның мұнай-газ компаниялары. Бұл ретте консорциумның ірі үлесі «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына тиесілі. Акционерлердің барлығы бірігіп, жобаның бірыңғай операторы болып табылатын НКОК компаниясын құрайды.

1997 жылғы 18 қарашада Өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылды. Сосын 5 жылдан соң, 2002 жылы Қашағанның Коммерциялық Ашылуы жарияланды –  көмірсутегінің қорлары табылып, расталды. Қашаған жалғыз емес, оны Қаламқас теңіз, Ақтоты, Қайран және Оңтүстік Батыс Қашаған сияқты сателлит кен орындары қоршайды. Бұлар да игеру және пайдалану үшін елеулі қызығушылық туғызады.

«Келісім шеңберінде өндірілген мұнай екіге бөлінеді: біріншісі -  кост-ойл, ол инвестордың шығындарын өтеу және кен орнын одан әрі игеру мақсатында оны ынталандыру үшін қажет; екіншісі - профит-ойл, ол инвестордың кірісін қалыптастырады және Республика бюджетіне өтеді»,- деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, Қазақстан болашақта профит-ойлдан басқа Өнімді бөлу туралы келісімде көзделген салықтардың барлық түрлерін және бонустарды алатын болады. Бұған қоса инвестор әлеуметтік шығыстарға, қазақстандық кадрларды оқытуға қаражат және өнеркәсіптің ілеспе салаларын дамытуға инвестициялар бөлуге міндетті.

«ҚазақстанКаспийШельф» консорциумы 4 жыл бойына Каспий теңізінің қазақстандық секторына геологиялық-геофизикалық зерттеу жүргізді, теңіз кешенін салуға 9 жыл және жер үсті кешенін салуға 5 жыл жұмсалды. Теңіз және жер үсті құбырларын  толық ауыстыруға қосымша 3 жыл кетті.

Қазіргі уақытта Қашаған Тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру  І кезеңінде, ол тәулігіне  370 мың баррель немесе жылына 13 млн. тоннамен сипатталады.

І кезең шеңберінде Пайдалану-технологиялық кешені және теңізде 4 бұрғылау аралы, құрылықта «Болашақ» зауыты салынды.

Өнімді бөлу туралы келісім қолданыла басталғаннан бері Мердігер 1,9 млрд. долл. мөлшерінде бонус төледі. Мемлекет бюджетіне түсім 2017 жылы 135 млн. долл. құрайтын болады.

Келесі жыл Қашағанның бірінші толық операциялық жылы болып саналады және Республика өндірілген ресурстардан өз үлесін алуды жалғастыратын болады.

1 млн. 670 мың тонна мұнай (Қазақстан және «Қазмұнайгаз» АҚ үлесі) КТК құбырлары арқылы Новороссийск портына дейін Қара теңіз жағалауына жеткізілетін болады.

ҚазТрансГаз газ құбырлары желісіне экспорттау және ішкі тұтыну үшін 1,1 млрд. текше метр  газ (Қазақстан және «Қазмұнайгаз» АҚ үлесі) жіберілетін болады.

Темір жол арқылы сыртқы нарыққа және ішкі өндіріс үшін 230 мың тонна күкірт тасымалданатын болады.

2016 жылғы 7 желтоқсанда Атырау қаласында Елбасының қатысуымен әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі және Қазақстандағы алғашқы кен орны – Қашағанды ресми таныстыру өткендігін естеріңізге саламыз.

Фото: Орталық коммуникациялар орталығының

0
420
0