Yvision.kz
kk
  • 0
    14:34, 17 апреля 2024

    "Менің PR-ға деген құштарлығым:үйлесімділік және қоғаммен байланыс"

    Қарым-қатынас пен өзара әрекеттесу өмірдің кез-келген саласында шешуші рөл атқаратыны бәрімізге мәлім.Қазіргі уақытта PR мамандығы барған сайын сұранысқа ие және қызықты бола бастады. Мен үшін PR тек мамандық емес, бұл үйлесімділік өнері және әртүрлі аудиториялармен ортақ тіл таба білу.

    Мені PR - ға қызықтырған бірінші нәрсе-оның динамикасы мен әртүрлілігі. Әрбір жоба жеке көзқарасты, стратегияны және шығармашылық ойлауды қажет етеді. Бұл салада жұмыс істеу ешқашан жалықтыруға мүмкіндік бермейді, өйткені ол күн сайын жаңа қиындықтар мен міндеттер әкеледі. Менің жұмысымның басты аспектілерінің бірі-қоғамдық пікірге әсер ету және клиенттер үшін жағымды имидж құру мүмкіндігі. Өнімді, қызметті немесе қоғамдық бастаманы алға жылжыту болсын, PR маған өзгерістердің катализаторы болуға және қоғамда оң өзгерістер жасауға мүмкіндік береді. Менің мамандығымды қызықты ететін тағы бір аспект-үнемі білім алу және өзін-өзі жетілдіру. PR әлемінде әрдайым жаңа технологиялар, трендтер мен әдістер пайда болады және табысты маман болып қалу үшін үнемі дамып, жаңа нәрселерді үйрену қажет. Бірақ мен үшін PR-дағы ең құнды нәрсе-әртүрлі адамдармен және қауымдастықтармен қарым-қатынас орнату мүмкіндігі. Жұмыс барысында мен әртүрлі мәдениеттердің, кәсіптердің және өнердің адамдарымен кездесемін және бұл мен үшін әлемді байыту мен түсінудің ерекше тәжірибесіне айналады.

    Қорытындылай келе, мен үшін PR-бұл жай ғана мамандық емес, құмарлық пен өмір салты. Осы салада жұмыс істей отырып, мен өз әлеуетімді іске асырып қана қоймай, қоғамдық пікірді қалыптастыруға және әлемде оң өзгерістер жасауға өз үлесімді қосамын.

    0
    405
    0
  • 1
    04:18, 18 апреля 2024

    Конгресс США в субботу рассмотрит законопроект о помощи Украине на $61 млрд

    Спикер Палаты представителей Майк Джонсон заявил, что «весь мир наблюдает» за тем, будут ли США поддерживать своих союзников за рубежом.

    Законопроект о дополнительном финансировании для Украины, представленный спикером Палаты представителей США Майком Джонсоном, предлагает выделить Украине 60,84 млрд долларов для поддержки в противостоянии российской агрессии, включая 23,2 млрд долларов на восполнение оружейных запасов США.

    Джонсон ранее пояснил, что законопроект о дополнительном финансировании Украины предусматривает отход от безвозмездной передачи вооружений и включает структуру займов.

    Законопроект о помощи Украине будет рассматриваться отдельно от помощи Израилю и союзникам США в Индо-Тихоокеанском регионе, в отличие от первоначального варианта, одобренного Сенатом (верхней палатой Конгресса). На поддержку Израиля предлагается выделить $26,38 млрд, а на нужды Индо-Тихоокеанского региона $8,12 млрд.

    Голосование по каждому из четырех законопроектов (три уже представлены законодателям, а четвертый, касающийся противодействия России, Китаю и Ирану, будет внесен в Палату позже сегодня), как ожидается, состоится в субботу вечером.

    Палата представителей таким образом прислушалась к требованиям ультраправых сторонников Трампа о том, чтобы рассматривать эти законопроекты отдельно.

    Но окончательный продукт, как пишет CNN со ссылкой на источники, знакомые с ситуацией, будет объединен в один большой пакет, который будет отправлен для утверждения в Сенат, поскольку на этом настаивают демократы в качестве условия своей поддержки.

    1
  • 0
    15:36, 17 апреля 2024

    Тегімді менің сұрасаң…


    Жер ортақ, ел ортақ, тіл ортақ, тек ортақ. Шынымен, жасырары жоқ көпұлтты, көптілді мемлекетте өмір сүріп жатырмыз қазір. Зайырлы мемлекет екеніміз рас. Алайда, бостандыққа қол жеткізгенімізге 30 жылдан аса уақыт өтсе де, өз ұлтымыз өзгенің дегенінен шыға алмай келеді. Қанға сіңген әдет дейміз бе, әлде орыстың отаршылдығын алға тартып, кеңестік кезеңнің кесапатынан арыла алмай келе жатқандаймыз әлі күнге дейін. Әріден кетпей бүгінгі күнге назар салсақ. Кейбірі ойланар, кейбіреуіне бәлкім бәрібір – өз ата-тегінің дұрыс жазылмауы. Бізге көршілес мемлекеттердің бүгінде өз жазуы, өз тілі, өз мәдениеті қалыптасқан. Ал, біз анадан бір ұрлап, мынаның кебінін бір киіп осы күнге дейін өмір сүрудеміз. Оған дәлел, солтүстік-батысымыздан орын алып жатқан алпауыт мемлекет Ресейдің әлі күнге дейін үзбейтін сабақтастығы бар Ол – тілі. Тіпті, өз тілін бүкіл әлемге кіргізіп үлгерген де мемелекет. Қазақстанда орыс тілі ресми тіл ретінде қолданылады. 2021 жылғы деректерге қарағанда Қазақстанда халықтың 53 пайызы ғана қазақша сөйлеп жаза алады. Бұл туралы Алтынбек Нухұлы айтқан болатын. Енді өзінің ойлай беріңіз, еліміздің жарты бөлігін орысша ойлап, орысша жазатын адамдар алып отыр. Демек, олардың фамилиялары да ов, ев деген тіркеске жалғанғаны анық емес пе? Расымен біз әлі күнге орыстардың құлы емеспіз бе деген сұрақ мазалайды осы тұжырымнан кейін.

    Фамилия жөнінде тағы да, түріктердің тікелей ұрпағымыз дейміз. Алайда, қазақ деген мемлекет құрғанымыз тағы бар. Түріктердің бүгінде ұлттық өмір сүру бағыты бар. Біріншіден, жазуы бар. Орыстың не шет елдің кірме сөздерінсіз, кирилицаны иеленбеген, өзіндік жазу дағдысын қалыптастыра алған ел. Ал, фамилия жөнінде “оғлы” жалғауы жалғанса, оның түрік екенін бірден байқаймыз. Осы секілді ұлттық фамилиясы қалыптасқан мемлекеттер қаншама, мысалы О, Те, Ни, Пак сынды қысқа ғана фамилия кәріс ұлтына тән болса, дзе, швили жалғаулары грузинше ұлы, қызы деген мағынаны бере алады. Ал бізде ше?


    Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің 1996 жылдың 2 сәуіріндегі №2923 Жарлығының 1-тармағында:
«Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы тиіс. Бұл ретте әкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері қосылып, бірге жазылады» делінсе, «Неке және отбасы туралы» заңның 28-бабында: «Тууды тіркеу кезінде ұлты қазақ азаматтардың аттарын, әкелерінің аттарын және тектерін мына төмендегі үш мүшелік антропонимдік белгілеу жүйесі: аты, әкесінің аты, тегі бойынша дұрыс жазуға және айтуға назар аудару керек. Мұнымен қатар азаматтардың қалауы бойынша қазақтардың тектері мен әкелерінің аттарын жазу кезінде қазақ тіліне жат – ов, – ев, – ова, – ева, – ин, – и, – ины, – на, – овна, – евна, – ович, – евич жұрнақтары алынып тасталып, олардың орнына «ұлы, қызы» жалғаулары бірге қосылып жазылады» делінген. Қаулы бар, алайда орындаған үкімет бар ма? 96 жылдан бері 27 жыл өтсе де, 2 танысымның әйтеуір біреуінің фамилиясына ов жалғауы жалғанған. “Өз аты-жөнімді қалай жазсам, өз еркімде” дейтін адамдардың да саны аз емес, Қазақстанда. Алабажақ фамилияны иеленіп, не ұлтын, не жынысын, не кімнің ұрпағы екенін білмейтін халге жетеміз бұл түрімізбен. Ал, соңғы жылдары баспасөз беттерінде аты-жөн жазудың 20 ға жуық түрі табылған екен. Бұл тек газет-журналдарда деп есептесек, таныс емес қазақ деген атамның балаларының фамилиясы қалай болуда?

    Ал, бұл мақаланы жазудағы негізгі мақсат қандай? Тек деген сөздің өзі арғы ата бабамыздың кім болғанын көрсетері хақ. Ал сол ұлтымыздың кім болғанын білдірер де біздің “тегіміз” яғни фамилиямыз. 4 түрлі объектінің басын құрастырған заңымыз ата-тегімізді айқындай ма? Осы тұрғысында алдыңғы апта өткен сабағымыздың негізгі тақырыбы да осы болмақ. Миға шабуыл болған кенеттен қойылған сұрақтың жауабына абдырап қалғанымыз да бар. Біреудің құлы екенін айқындайтын орыстың “ов, ова” деген сынды жалғауды біз әлі күнге дейін өз тегімізде қолданып келеміз. Бұл бірінші. Екіншіден, қазақша тегі деген түсініктен де ары асып кете алмағанымыз да айқын. Ал бұл сөздің негізгі мағынасы - арғы ата тегімізді пайымдайды. Егер біз тегі деген тіркеспен өз фамилиямызды астастырсақ, біз атамыздың алдынан шығып, оның тегі екенімізді көрсетіп кетеді. Бірақ, бұл ойды алып тастап, өз тегін осылай жазып жүргендер де біршама. Ал үшіншіден кімнен екені белгісіз еш жалғаусыз тегімізді де жазатын болдық. Осы текке келісе отырған едік студенттермен, алайда ағайдың қойған сұрағынан кейін де күдік ұялағаны рас. Ол сұрақ : “Жақсы, бұл сенің фамилияң енді жынысы кім?” деді. Шынымен журнал бойынша жазылған тегімізде Фамилиямыз бар да атымыз қысқартылған. Оның не ұл не қыз екені белгісіз. Сонымен, төртіншіден, тек кімнің ұлы не қызы екенін білдірер тіркестерді де заңнамаға енгізген. Бірақ ол келесі ұрпаққа жалғаса ма? Осы тұрғысында Замансөз пәнінен беретін Сағатбек ағайымыздан сұрағанда “Шығармашыл адамдар секілді біз де өз тегімізді былайша үлгіде келтіруіміз керек, яғни аты, әкесінің аты соңынан тегі кетсе”-, деген ұсыныс тастады ағайымыз. Алайда, мемлекеттік құжаттардың стандартын бұзатынымыз анық. Енді бұл сабақты қортындылай келе, ағайымыз өз мақаласында мынадай ұсыныс тастапты. “Фамилия аяқталған, нақты мағына беретін сөзден жасалуы тиісті. Қазақ тіліндегі Шығыс септігінің жалғаулары «тан», «тен», «дан», «ден», «нан», «нен» деп тақ-тұқ етіп тұрған жоқ па? Мұндай септікті орыс тілінде таба алмайсыз”. -деген екен. Яғни менің аты жөнім келесідей жазылуы тиіс дейді ағай: Жұмаштан Сара Нұркелдіқызы. Басында құлаққа үрпідей тиген бұл сөздер, кейіннен үйреншіктіге айналғаны рас. Ал, белгілі журналист Қанат Әуесбай, Әуесбайдың Қанаты деп жұртқа танылып жүр. Өзінің фамилиясын дұрыс көрген журналист, бұл тұжырымын қайдан алынғанында жеткізді. Дың» нұсқасын өзім ойлап таптым деуден аулақпын. Менен бұрын бұл жалғауды Алаш­тың зиялылары қолданған. Мә­селен, қазақтың айтөбел ақыны Қасым Аманжол «Өзім туралы» өлеңінде: «Аманжол Ра­қым­жанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын» деп тебі­ренеді. Кейінгілерден Әбдіраштың Жарасқаны да аты-жөнін атаудың осы формасын қо­­лай көрген. Сол дайын нұсқаны пай­даланушы ға­намын. Алғашында «Әуесбай­дан Қанат» деп айтып көрсем деп ой­лағанмын. Бірақ «Әуесбайдың Қанаты» болу мағы­насы жағы­нан әдемі үйлесім тап­қасын осы нұсқаға тоқтадым. -, деген елі өз сөзінде. Осы ойға тоқтала келе, фамилия мәселесі әлі де алға жылжыры хақ. Өз ұлтымызды айқындайтын тегімізді қалай ұлттық фамилияға айналдырамыз деген сұрақ көкейде тұратыны да рас. Алайда, тек сұраумен жүре беру де әбестік. Сондықтан журналист ретінде тек айтып қана қою жеткіліксіз, іске көшу керек дәл қазір.


    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ , Журналистика факультетінің 3 курс студенті: Жұмаш Сара

    Жетекші: Н.Б.Рушанова , аға оқытушы

    0
    121
    0
  • 0
    17:57, 17 апреля 2024

    Электронды кітап тиімді ме ?

    Қазір мыңдаған таралыммен шығатын кітаптардың шығарлымы едәуір бәсеңдеді . Бұрынғыдай кітапхананың кітап сөрелерінің босауына қарағанда келуші оқырман азайған .

    21 ғасырда технологиялардың дамуы цифлық әлемге үлкен жол ашты . Оған қоса күделікті өмірде білімді нығайтатын кітап та жаңа кеңістікке көшті . Электронды кітаптар . Әрине бұл адам баласының өмірін әлде қайда жеңілдетеді. Оған себеп болатын бірнеше фактілер де бар . Қазірде кітаптарды жиі қолданатын смартфон , планшеттер арқылы оқи аламыз. Тіпті электронды кітаптарды тегін жүктеп , оңай сатып та алуға болады. Электронды кітап экологияға , қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі. Оған бірден бір себеп қағазды және электр энергиясын тұтынуды азайтуы. . Ең басты жетістіктерінің бірі бұл физикалық тұрғыда көп орын ала қоймауы. Мәселен , кішкентай ғана смартонда талай томдармен жазылған кітап та сиып кетеді . Оқырмандар бірнеше ауыр кітаптардың орнына барлық қажетті кітаптарды сақтайтын бір сморофонды ғана пайдалана алады. Бұдан бөлек тап осы сандық кітаптарды аудио түрінде тыңдауға да болады.

    Артықшылықтарына қарамастан, электрондық кітаптар міндетті түрде барлығына сәйкес келе бермейді. Электронды кітап аудиториясы әдетте жас буын мен орта жастағы адамдарды қамтиды.

    Көптеген оқырмандар үшін қағаздың иісі, беттердің текстурасын сезіну және кітапті парақтау әрекеті оқу ләззатының ажырамас бөлігі болып табылады. Ал сандық кітап қолға алып оқыған кітаптай әсер қалдырама деген ой туады. Электронды кітапті ұзақ уақыт оқу жалпы адамның көз жанары үшін өте зиян болып табылады. Дегенмен қағаз кітапті оқыған кезде жарықтың жеткіліксіз болмауы да денсаулыққа зиян дер едім. Көп жағдайда электронды кітаптар басып шығарылған аналогтарына қарағанда арзанырақ. Бұл оқуды оқырмандардың кең ауқымына қолжетімді етеді.Электронды кітапті бір уақытта 50 ден аса адам оқи алады. Алайда цифрлық теңсіздік дамушы елдерде маңызды мәселе болып қалуда. Электрондық құрылғылар мен интернетке қол жеткізу қаржылық немесе инфрақұрылымдық шектеулерге байланысты көптеген адамдар үшін қолжетімсіз болып қала береді. Бұл электронды оқырмандарды пайдалана алатындар мен пайдалана алмайтындар арасында алшақтық тудырады. Электрондық кітаптар электронды желіге кіруді қажет етеді, бұл электр қуаты немесе сенімді интернет қосылымы болмаған кезде қиындық тудыруы мүмкін. Қағаз бетіндегі кітаптан артықшылығы – мәтінді әр түрлі енгізуге болады. Мәтінді іздеу, ескертпелер қосу, қаріп өлшемін және экранның артқы жарығын өзгерту сияқты функциялар, бұл әртүрлі типтегі пайдаланушылар үшін оқуды жеңілдетеді. Кейбір адамдар үшін құрылғыдағы хабарландырулар немесе басқа қолданбалар әртүрлі алаңдаушылықтарға байланысты сандық кітапті оқуға зейін қою қиынырақ болуы мүмкін. Қағаз кітаптарды оқу дәстүрі күшті және сапалы басып шығаруға қатты мән беретін Жапонияда кейбір адамдар электронды кітаптардың танымалдылығының артуына байланысты баспа кітаптарына сұраныстың төмендеуіне алаңдаушылық білдірді. Олар мәдени мұраның жоғалуына және басылым сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін деп қауіптенеді. Технологиялар мен интернетке біркелкі емес қол жеткізу себебінен цифрлық теңсіздік проблема болып қала беретін Үндістанда кейбір адамдар тобы, әсіресе ауылдық жерлер мен аз қамтылған отбасылар, гаджет жетіспеушілігіне байланысты электрондық кітаптарға қол жеткізе алмауы мүмкін.

    Меніңше дәстүрлі қағаз кітаптары электронды аналогтармен алмастырылмайтын дүние деп санаймын .


    Автор : Туреханова Аяжан Ертайқызы

    Жетекші: Н.Б.Рушанова, аға оқытушы

    undefined

    0
    121
    0
  • 0
    15:38, 17 апреля 2024

    Тарихы терең басылым

    «Тарихты білмей болашақты болжау қиын».Талай дүлділдерді ұясынан қанаттындырып ұшырған,көлі мен ауасы жанға дауа ,менің туған жерім Торғай өлкесінің тарихы тереңде жатқаны бәрімізге мәлім.Қазіргі таңда Қостанай облысына қарасты бұл ауданның әл-ауқаты көз қуантарлық.Ахмет Байтұрсынов,Міржақып Дулатұлы,Шоқан Уалиханов,Ыбырай Алтынсарин сынды қазақ даласының қазығын қаққан ел азаматтарыда осы мекеннің суын ішіп,топырағын басып өскен азаматтар.Сол кезеңде осы кісілердің өмірі мен қызметін,ел арасында кең көлемде талқыға түскен мақалаларын жариялап отырған-Торғай газеті.Баспасөз тарихында таза қазақ тілінде жарық көрген ең алғашқы басылым Тургайская газетадан бастау алған.1879 жылы Орынборда ресми органы шығып,1895 жылдан бастап Тургайская газета деген атпен бөлімі шығарылды.Ғұмыры 15 жылға созылған бұл басылымда ғылыми ,мәдени,саяси,әдеби жанрдағы мақалалар жарық көрген. «Басшысын таптаған ел азады,Жолдасын таптаған ер азады»демекші,Тургайская газетаға жетекшілік еткен аудармашы,Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссияның тұрақты мүшесі Балғымбаев Ғабдолғали төрағалық еткен.1866 жылы сәуір айының жиырмасыншы жұлдызында Торғайдан шамамен 50-60 шақырым жердегі Тұзды ауылында дүние есігін ашқан Ғабдолғали Балғымбаевтың басқару қасиеті өте жоғары деңгейде болған.Оқу округінің алты мәрте ағарту саласындағы қажырлы қызметі үшін алғыс алған.Тек ғылым мен білім саласында ғана емес,өзінің дене шынықтыру,еңбек тәрбиесінде де ойып орынын қалдырған ұлағатты тұлға.Өмірінің соңғы жылдарына дейін халықты сауаттандыруға зор үлесін қосқан.Жалпы біздің саясат үшін газеттің,баспасөздің атқарар қызметі орасан.Оған осы «Тургайская газета»дәлел десем артық айтқаным емес.Газетте жарияланған мақалаларға шолу жасайтын болсақ...Әлеуметті көтеруге өзіндікүлесін қосқан Торғай газетінің №58 санындағы бір мақалада Торғай губерниясы бойынша «Қызыл крест» бастығы Ардашев ұйымдастыруларымен кедейлерге берілген көмек туралы айтылған.Және газеттің осы санында қазақ даласындағы орман шаруашылығын басқару туралы ,атап айтатын болсақ білімді маман Ысқақовтың тағайындалуы туралы мағлұмат берілген. Бұдан біз сол кездегі Торғай газетінің орасан ,зор ауқымдағы тақырыптарды оқырман назарына еркін жеткізе алғанын байқаймыз. Он бес жылдық ғұмыры бар Торғай газетінің тарихы жас ұрпақ назарында мәңгі жатталмақ.



    Аякөз Досымханова

    ҚазҰУ , Журналистика факультеті 3 курс


    Жетекшісі: Н.Б.Рушанова , аға оқытушы

    0
    120
    0
  • 0
    18:01, 17 апреля 2024

    Собаки vs Бывшие

    Pedigree выкатили дейтинг-приложение для поиска собак, которая поможет забыть вашего бывшего.

    В анкете нужно ввести черты характера, которые вас бесят, и сервис подберет питомца — полную противоположность.

    Если приложение для знакомств — то только такое.

    undefined

    0
    120
    0
  • 0
    15:24, 17 апреля 2024

    Жақсы кино мен жаман киноның айырмасы

    Кино өнердің ең қымбат түрі. Оның үлкен ақшаға түсірілуі даусыз, әрі заңды. Бірақ әңгіме қандай ақшаға емес, қалай түсіргенінде. Егерде жақсы түсірілсе, қандай ақша кеткені маңызды емес. Талғамға талас жоқ деп қоямыз, дегенмен соншама қаржыға түсіріліп жатқан кинолардың деңгейін, сапасын, түсіне білу өте маңызды. Енді осы жерде сұрақ туады. Жақсы кино мен, жаман киноның айырмашылығы қандай? Кино миллиондаған халыққа ұнап, касса жинап жатса, ол жақсы кино деген сөз ба? Ол тек, жақсы тәсілдермен түсірілген кино. Ал шын мығынасында кино бұл – тұтас әлем, өмір. Онда тыныс тіршілік, табиғилық, әр сөзінде қарапайымдылық пен үлкен философиялық мән қатар жүретін, сондай бір мәдени, мағнауи нәрсе болуы керек деп ойлаймын.

    Сұраққа әлі ораламыз. Алдымен Қазақстан кино тарихын бір шолып өтейік. Сонау кеңес одағындағы ұлттық мүддемен идеологияның арасында, арбаны да, атты да өлтірмей түсірген киноларды айтпағанда, тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 136 толықметр, 73 қысқа метр, 258 деректі фильм түсірілген. Деректі мен қысқа метрден бөлек, 136 толықметрлі киноның өзі біршама. Бірақ халық көңілінен шыққан, тамсанып таңданып көретін кинолар тізімі өте аз. Қазақ киносы десе, көзімізге ақша жеу, өтірік локация мен өтірік актерлар елестеп кете беретіні де, жайдан жай емес. Яғни кино бізде солай қалыптасқан.

    Бірақ, оны басқа да арнаға бұрғысы келгендер болған. Бірақ халық оларды да, киносын да қабылдамаған. Авторлық бағытты айтпағанда, Ақан Сатаев бастаған топ өкілдері де біршама жұмыс жасаған. Ол уақытта (яғни 2005 – 2013 жж) фильмдерден, бөлек деңгей байқалады. Қазіргідей киноиндустрия бизнеске айналмаған, керісінше мәдениет қалыптастыру бағытында жұмыс жасағандай. Әрине бәрі жақсы, не бәрі жаман деп айту қиын. Бірақ Ермек Тұрсынов, болмаса Сергей Дворцевойдың, Ақан Сатаевтің фильмдерінен сондай бір леп келеді. Яғни фильмдер идеяға құрылған. Мағына мен мәнге толы болатын. Мысалға Ермек Тұрсынов бір сөзінде былай дейді. “Шал фильмі, шалдың қасқырмен алысуы жайлы емес. Егер ойланып қарасаң, Шалдың өзінің туып өскен жерінде адасып кетуі логикаға симайды. Бұл қазақ қоғамындағы Шалдардың, яғни үлкен буын өкілдерінің адасуы жайында. Фильмде орта буыннан да үміт жоқ. Үміт тек Шайтанбекте. Яғни өскелең ұрпақта/ дейді. Немесе қойшының өмірі, арманы аса нәзіктік пен табиғилық қатар сезілетін Дворцевойдың “Тюльпаны” да, елеусіз қалған картиналар қатарын толтырады.

    Ал авторлық бағытта Эмир Байгазин, Адилхан Ержановтар қазақ киносының келесі бір деңгейін көрсеткендей болды. Бірақ ол фильмдерде өз кезегінде аса танымал болып, касса жинап, ел аузынан тастамайтын картина болды деу қиын. Әрине авторлық бағытта оған дейін де, ол кезде де, кейінде режиссерлар бар, бірақ мен білетін, көріп жүргендерімді жазғанды жөн көрдім. Айтпағым, қазақ киносында, киноның мәдени, құндылыққа толы, мәнді болуы сияқты бағытқа бірнеше рет талпыныс жасаған. Әлі де жасауда. Бірақ халық оны қабылдай алмады. Сөйтсек оларға күлкі керек екен. Яғни комедия. Күлген адам бір босап қалмай ма? Елімізде өмір онсыз да қиын.

    Халық кинотеатрға барып, бір күліп жеңілдеп мәз болысу кезеңі жайлап 2016 жылдарда сезіле бастады. Оған дейін комедия жанрнда, Нуртас Адамбай ТВ сериалдар мен кинолардың бір шетін көрсеткен. Халыққа ұнады. Артынша Нұрлан Қоянбаев бастаған, артында жүздеген продюссер мен режиссерлар, одан қалса ақшасы бар әнші мен блогерлерге дейін есіл дерті кино болып кетті. Олар дәл бір жауыннан кейінгі саңырау құлақтай бытырлай бастады. Продюссер, режиссерды былай қойғанда, актерлардың өздері кино түсіріп кетті. Бірақ ол киноларға баға беру қиын. Әрине ол комедия болғасын солай болуы керек. Бірақ, ақша табам, хайп жасаймын деп кино саласын төмендетіп алды. Міне сол мәселе. Бұл, шет елмен салыстырып қарайтын нәрсе емес. Әр елде, киноға әртүрлі ақша бөлінеді. Сол ақша, жетер жеріне дейін жетсе, мүмкін жақсы кинолар шығар еді. Бізде жақсы комедиялар бар. Олардың жақсы болуының бірден бір себебі, ол белгілі адамдардың қалтасынан шыққан ақшаға түсірілген соң, орнымен кетеді. Ықылас бөлінеді. Яғни мемлекеттік тапсырма, міндетті кинолардан біршама жеңіл болады. Ал мемлекет уақыттан да, ақшадан қысатындай болып көрінеді.

    Бірақ соңғы 2 жылда, Айсултан, Қуаныш, Айторе, Диас,Мұрат есімді жаңа режиссерлар, КОМЕДИЯ деп аталатын кинолар легін біршама тежеп, жаңа жанр алып келді. Осылардың ішіндегі Куканың(Қуаныш Бейсеков) “Дәстүр” фильмін алып қарайықшы. Кино 200 000 000 теңгеге тұсіріліп, 1 000 000 000 тан аса касса жинады. Қоянбаевта миллиард жаңартқан, бірақ бұл комедия емес, хоррор, драма сосын барып комедия. Немесе Мұрат Есжанның Оян қазақ фильміде, киноның осындай да болатынын көрсетті.

    Енді сұраққа оралайық. Жақсы кино несімен жақсы? Сөзсіз кассаға қарап қалған ештеңе жоқ. Ол көбінесе маркетингтің жеңісі. Ал жақсы кино меніңше, өлмейтін кино. Қашан көрсең де, қалай көрсең де жан дүниеңмен, іштегі сезімдеріңмен ұштасатын, мақала басында айтқандай, тірі, табиғи кино. Егер маған, әлемнің киномандары мен киносыншылары ұсынған кинолары ұнамаса, әңгіме ол киноларда емес, менде. Яғни оны түсінбей жатқан мен. Дәл осы тұста шиеленісу байқалады. Сонда, халық түсінбеген киноның барлығы, мен айтқандай жақсы кино ма? Әрине жоқ.

    Осы тұрғыда, киносыншы, актер Сұлтан Алтынбайға сұрақ қойдық. Ол былай дейді,

    Кино әртүрлі болады. Жанрдан бөлекте, жоғары жанрлар (сверх жанр)болады. Ол шынымен түсініксіз кино. Андрей Тарковский мен Стэнли Кубрик есімді екі режиссердің мысалымен келтірейін. Кубрик 1975 - 90 жылдары ең кассовый режиссер болған. Кинолары арт хаус жанры. Қызығы сол замандағы американың деңгейі қабылдай алған. Бірақ дәл сондай деңгейдегі Тарковский олай бағаланбаған. Халықтың деңгейі көп нәрсе шешіп кетеді. Иа, ешкім түсінбеген, бір сөзбен айтқанда онша емес киноларда бар. Оны киноны түсінетіндерден сұрау керек. Түсінбесең, бірақ сезсең көре беру керек түсінгенше.

    Қазақ киносы даму үстінде. Солай болуы да керек. Бірақ халықта қалыспаса, мүмкін әңгіме басқаша болар ма еді. Кино жасаушылар мен, көрушілердің келесі легі үлкендердің олқылықтарын қайталамаса екен деймін.


    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультетінің 3 курс студенті:Закиров Омар

    Жетекші: Н.Б.Рушанова , аға оқытушы

    0
    117
    0
  • 0
    20:00, 17 апреля 2024

    Құқықтық сауаттылық

    2023 жылдың 8 желтоқсанында Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев “Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс- қимыл жоспары туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Жоспарда ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету, адамның қылмыстық сот төрелігі, азаптаулардың жазасы мен алдын алу және қатыгез қарым-қатынас саласындағы құқықтары, кәсіпкерлік қызметтегі адам құқықтары т.с.с​ міндеттер көрсетілген. Осындай жаңа заң немесе ондағы өзгертулермен толықтыруларды бақылап және оларды қаншалықты игеруге тырысасыз? Жалпы қазақстандықтар құқықтық жағынан қаншалықты сауатты? Алдымен құқықтық сауаттылық дегеніміз не содан бастайық.

    Құқықтық сауаттылық-бұл құқықтың негізгі принциптері мен нормаларын, сондай-ақ оларды іс жүзінде қолдана білуді білдіретін ұғым. Әлемде құқықтық сауаттылық барған сайын маңызды бола түсуде, өйткені қоғам заңдар мен ережелерді талап ететін оқиғаларға толы. Құқықтық сауаттылық отбасы мүшелері отбасы шеңберінде де, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы түсінікке ие болудан басталады. Мәселен тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау құқықтары, сонымен қатар бала күтімі және мінез-құлық ережелерін сақтау міндеттері кіреді. Елімізде мектеп, жоғарғы оқу орындарының оқу бағдарламасында құқық және күнделікті өмірде қолдану бойынша пән мен курстар бар. Демек жасөспірім кездің өзінде әр азаматта заңға қатысты базалық ақпарат болатындай мақсат қарастырылған. Бірақ неліктен әлі күнге дейін құқық бұзушылық елімізде көп қайталанады? Әр отбасында балаға құқық туралы таныстырғаннан бөлек әлеуметте заң тілін қиын көріп, оны тіпті немқұрайлы қарап оқымайтын да ересектер жеткілікті. Иә, мүмкін құқықтық мәтіндер күрделі шығар, құжаттарды түсіну оңай болмас, әсіресе арнайы заң білімі жоқ адамдар үшін. Дегенмен сауатты азаматтар құқық бұзылушылықтардан аулақ бола алады, өйткені олар заң шеңберінде қалай әрекет ету керектігін біледі. Біздің қарапайым халық кейде алдына берілген ресми құжаттардың өзін толық оқымай қол қоя салатынын білеміз. Ондағы шарттар мен ұсыныстар, ақшаға қатысты тұстарды қалт жіберіп, артынан үлкен түсініспеушіліктер орын алып жатады. Сол алдыңыздағы қағазды мұқият және бірнеше қайтара оқып барып шешім қабылдасаңыз соның өзі сіздің заң және құқықтық сауаттылығыңыздың алғашқы белгісі болар ед(і). Өз еліңіздің немесе аймағыңыздың негізгі заңдары мен ережелерін зерттеңіз. Конституциямен, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік заңнамамен танысыңыз деп айтқым келеді. Адамдар заңдар мен процедураларды білмегендіктен әділетсіз әрекеттердің немесе олардың құқықтарының бұзылуының құрбаны болған жәйттарды жиі көріп жатамыз. Мәселен, құқық қорғау органдарының дұрыс жұмыс істемеуі, жұмыс берушілердің заңсыз әрекеттері немесе тұтынушылардың құқықтарын бұзу. Ақыры үлкен айыппұл немесе өтемақылар төлеу қажеттілігі туатын жағдайлар, тіпті өмір бойына абақтыға қамалып әділетсіздікке душар болудың ғажап еместігі.

    1995 жылы Кристин Банч есімді ағылшын азаматы 17 жылдан астам уақытқа түрмеге отырғызылады. Оған үш жасар баласын өртеп өлтірді деген айып тағылған еді. Ақиқаты мәлім Кристиннің отбасы берілмей соңына дейін баруға тырысты. 2006 жылы оның туыстары жаңа адвокат жалдап, сот процесінде өртеу туралы айғақтар дұрыс емес деген қорытындыға келген үш медициналық сарапшыны шақырды. Жаңа сот ісі ашылады, себебі 1995 жылы сотта айыптаушы тарап кейбір маңызды құжаттарды жасырғаны анықталды. Төреші өз шешімін өзгертпей әйел 2012жылға дейін түрмеде отырды, содан кейін барып жазадан құтылды. АқырындаКристинге тағылған айыптар 2012 жылы Рождестводан сегіз күн бұрын алынып тасталды. Осыған ұқсас әлемде тіркелген жағдаяттар жетіп артады. Ал өз елімізде бұндай оқиғалар қаншама? Тіпті өз құқығын қорғау үшін адвокат жалдауға болатынын сот процесіне араласа алатынын білмеген азаматтар бар.

    2017 жылы “Еуразия” бірінші арнасымен қазақ журналистикасына еңбегі сіңген ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлы “Заң сөйлесін” деп аталатын бағдарламаны көпшілікке ұсынды. Жобаның мақсаты – халыққа заң ережелерін түсіндіру, заңға сай қандай құқықтары мен мүмкіндіктері бар екенін ұғындыру, белгілі бір даулы мәселелерден заңға дұрыс жүгіне отырыпқалай шығуға болатынын көрсету болды. Ұлттық арнадағы “Таңшолпан” бағдарламасында да “Заң және біз” деген адвокат, адам құқығы жөніндегі сарапшы Айман Мұратқызы тізгіндеген жақсы айдар бар. Көпшіліктен онлайн әртүрлі заңға қатысты сұрақтармен мәселесін жазған хаттар келіп түседі. “-Заңды білмейміз, қорқып тергеушінің айтқанын істедік, әділетсіздікке тап болдық” деген небір жазбаларды оқиды. Жүргізуші мәселеге сараптама жасап, шешу жолдарын айтып кеңес береді. Бұндай бағдарламалар елімізге көптеп керек деп ойлаймын. Айтарлықтай пайдасының тигеніне де сенімдімін.

    Құқықтық сауаттылықты зерттеу, бекітілген бойда жаңа заңдармен танысу, көлікте отырып радиода айтылған заң ақпараттарына құлақ түріп отыру үздіксіз процесс болу керектігін ұмытпағанымыз дұрыс.

    “Кез келген тәуелсіз Қазақ елінің азаматы өзінің заңымен таныс болмаса, түптің түбінде заң онымен танысады!”

    Нұртілеу Иманғалиұлы.

    Айгерім ЕСЕНГЕЛДИЕВА,

    Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    журналистика факультетінің 3-курс студенті

    Жетекшісі: аға оқытушы Н.Б.Рушанова

    0
    113
    0
  • 0
    14:05, 17 апреля 2024

    Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті.

    12 сәуір 2024 жылы Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен "Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға шетел ғалымдары мен отандық ғалымдар ,оқытушы профессорлар баяндама жасады.Аталған іс-шараға АҚШ, Ұлыбритания,Бельгия,Польша,Түркия, Қытай, Ресей ғалымдары мен бұқаралық коммуникация саласының зерттеушілері, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.Конференцияға қатысушылар журналистиканы халықаралық деңгейде дамыту бойынша ғалымдар мен мамандардың ғылыми нәтижелері мен тәжірибелік жұмыстарын талқылады.

    ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының оқытушысы: Құтпанбаева Ж.Б.


    undefined

    0
  • 0
    12:58, 17 апреля 2024

    Жеңілістен де мән тапқан қазақ қайда ?!

    «Бәйге берем жеңілген балуанға да

    Адалдығы сезіліп тұрар болса!» Т. Айбергенов

    Қаратаудың жотасы көз тартқанмен, бір мезетте биіктеп-аласарып кетер жаратылысы футбол тағдырының, одан үміт күткен елдің ішкі күйін елестетеді. Жасыл желек торының төбесіне тиіп, арқанымен төмен ылдилаған допты көрсе қазекең бар тілегін ортаға тастап, үміт атты асаумен шабады-ау кеп. Егер, құрама гол соққан, қуаныштан атқақтап бір бұрышқа зулаған сәтін сыйламаса халқымыздың үміті «қазақтың добы қайда барасың-дап?!» бірден сөнеді-ау сірә.

    Еуропаның төріне табан тигізіп, қос ойын өткізген(Грекия,Ликсембург) қазақ футболшыларының күйі қандай болды ?

    Алғашқы он минутта дөп тиген пенальти олардың мысын басты. Әйтседе, спортшының іштегі ерік-жігері мен жүйке-жүйе мықтылығы осындайда сырт тебуі керек емес пе?! Демек бұл спортшыларымызға еңсе түссе тез жинақталатын психологиялық дайындық қажеттігінің дәлелі.

    Іріктеу сынына дейінгі бір апта ішінде қандай пікірлер айтылды?

    «Бұрын мұндай шешуші кездесулердің алдында бойымызда қорқыныш, үрей болатын. Ал қазір біртүрлі бір сенім бар. Бұл сеніміміздің қаншалықты орындалатынын білмеймін. Тек, екі жылдың ішінде құраманың осыншалықты прогресске жеткеніне қуаныштымыз. Еуропа чемпионатының екі қырынан кейін Германияның төбесі көрініп тұр…» Есей Жеңісұлы

    «Бізде «Евро-2024»-ке қатысуға мүмкіндік бар. Бірақ, ол үшін іріктеу матчтарын жеңуіміз керек. Алайда Қазақстанның бүгінгі құрамасына сенбеу мүмкін емес. Біз топта басты фаворит болып саналатын Словакия құрамасын екі рет, Әзербайжанды бір рет, сондай-ақ тарихта алғаш рет белорусьтерді жеңдік. Біздің жігіттерге сәттілік серік боларына қатты сенемін, дегенмен, «Евроға» шығу өте қиын болады. Қазіргі таңда Магомед Адиевтің командасы жанкүйерлеріне үлкен сенім сыйлады, бізде бәрі ойдағыдай болады, бәрі де мүмкін деп есептеймін», - деді комментатор Петр Воликов

    Күллі жұрт үміт артып, дәл осындай сарында ой тастады. Тек осы сенім мен қолдау жеңіліс тапса да бірге қалуы керек еді-ау…

    Жарқырап шыққан сарыға жабыла кетті тағы да…

    Спорт табиғаттың жаратылысы- ай мен күн іспеттес. Екі бөлек болуымен өмірді кербез етіп, қарама-қарсылығымен тіршілікке мән беріп тұр. Спортта жеңіс һәм жеңілісімен мәнді. Сонысымен прогрессті. Жүлдесіз қайтқан сәтте сын айтылуы керек. Бірақ орынды болуы тиіс. Бұл нәрсені қаншалықты ескердік?!

    Әлеужеліде тараған айқай сөздер, белгілі адамдардың орынсыз әңгімесі, күлкі келемежге салғаны, кеше ғана «біз біргеміз» деген жанкүйерлердің теріс айналуы жүректі дір еткізеді… Осындайда Несіп ата Жүнісбайұлының мына бір сөзі еске түседі. « Жүлдеге деген өлермендік жарыстың қадірін кетіреді, жарысты ұйымдастырушының беделін де түсіреді, ең жаманы әлгі ортақ қуаныш болар бастаманың тамырына балта шауып тынады» Ережесіз белдесу кітабынан.

    Айып алаңдағы айыбымызды даттаумен өзіміз ашсақ сырттан келер пікірдің сиқы кейінде осы болады. «Бірінші ойын маңызды. Қазір мен тек Қазақстан туралы айтып отырмын. Біз жоғары дегейде ойнап, ойыншылардың дайындығын сақтап, алаңда бар күшімізді салуымыз керек. Біз дайынбыз, Қазақстан туралы бәрін білеміз. Егер олар бірдеңе өзгертсе, менің таң қалатыным сөзсіз. Біздің бабымыз жақсы болуы керек!», – деді Футболдан Грекия құрамасының бас бапкері Густаво Пойет. (Ойынға дейін, Орда.кз сайтында жарияланған)

    «Тайжарыс» деп сеніміне селкеу түсірмеген, алға ұмтылған халық- қазақ емес пе еді? Ағаттық жібергеннің арқасын қағып, рухын қайрау да біздік қасиет еді.

    Ала доптың ағындай болған үміт, сенімімізді шың басынан түсірмейік ағайын!

    Авторы: Бишер Дильназ Марленқызы. ҚазҰУ журналистика факультетінің 3-курс студенті.

    Жетекшісі: Н.Б. Рушанова, аға оқытушы.

    0