Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:46, 07 декабря 2016

Рухорда. Үш жүздің басын қосқан Тараз. Естеліктер.

"Тараз" десе "Тарих" сөзінің қатар айтылуы бұл қаланың қазақ үшін қаншалықты маңызды екенін ұғынамыз. 2016 жылдың ең сәтті сапарлардың бірі - Тараз сапары болды. Әсіресе, 550-жылдық мерейтойдан кейін барғаным Тараздың көркімен, қазақтың тарихымен, жастардың өмірімен танысуға үлкен септігін тигізді.

350 мың халқы бар рухты орданың әуе кемесінен қарағанда үлкен мегаполиске ұқсайды. Биіктіктен қарағанда. Анығында, айналасындағы ауылдардың тым жақын орналасуынан осындай көріністер көз алдымызға келеді.

Blog post image

Ұшақтың терезесінен салынған бұл суретте үлкен ауыл белгіленген. Тараздың маңы ма деп топшыладым. Бірақ, өзі де болуы мүмкін.

Жап-жаңа әуежайға 10 деген баға бердім. Кіре берісінен жалтырап тұр, бәрінен де ұялы телефондарға қуат беруге мүмкіндік беретін электр көздері қуантты. Аэропорттан шыға берерде алдыңыздан осындай бір монумент шығады.

Blog post image

 

Бұл монументтің атауы және қайдан пайда болғанын білмеймін. Сірә, келген қонақтар бірден тарихи қалаға ұғынсын деп қойған шығар.

Blog post image

Осындай күйіз үйлер қаланың әр ауданында кездеседі. Қуырдақ, қымыз, бауырсақ - ең минималды меню. Негізі, санитарлық жағдайын түзетсе жап-жақсы идея. Тіпті, еліміздің әрбір қаласында осындай "кафелер" ашса игі дер ем, бірақ, қол жуатын, ыдыс-аяқ жуатын бөлмелер қарастырылмаған. Сондықтан, кірмедім ішіне.

 

Blog post image

Уақыттың тым кеш болғанына қарамастан базар жұмыс жасап тұр. Сағат 22.00 болуы керек еді. Сатушылардың басым көпшілігі жақын маңдағы ауыл тұрғындары-ау. Сөйлеген сөздерінен, киген киімінен қалалық деп айта алмадым. Өзбек бауырларымыз да кездесті.

Балық көптеп кездеседі. Қала тұрғындарының арасында үлкен сұранысқа ие. Blog post image

Уақыттың кеш болғанына қарамастан базардан адамдар табылды. Кешкісін қаптармен жауып кетеді.

Blog post image

Тараздың жарнамасында Бахтияр Артаевті кездестірдік. Чипсілерді елге таратып жүргенін білмеппін. Бірақ, Ресейден, Шетелден жарнамаға түсіруге азаматтарды шақырғаннан, "ағаңның досын" шақырған әлдеқайда тиімдірек қой.

Жамбыл бокс мектебінің мықтылығы баяғыда мойындалғаның білеміз. Ермахан Ыбырайымов, Болат Жумадиловтарды жарнама баннерлерінен кездестірмедім бірақ.

Blog post image

Етті чипстерден ауыз тиюге уақыт болмады. Бірақ келесід міндетті түрде сатып алармын.

Blog post image

Тараздық жігіттерді батыр дейміз. Ешкімнен де қаймықпайды. Тіпті мына балалар да "Нұр Отан" партиясының алдыңдағы алаңда ойнап жүр. Мұндайды тек Тараздан ғана көруге болады-ау.

 

Blog post image

Теңгенің ескерткіші. Тараз қаласында 2013 жылы орнатылған. Таразда орналасуы да бекер емес: еліміз ұлттық валютаға ауысқан кезде Ұлыбританиядан Тараз Ұлттық банкіне төл теңгеміз әкелініпті. Кейін еліміздің барлық аймақтарына таралған. Орта Азиядағы ең берік жерасты сақтау қоймасы да тарихи шаһарда екен. Биіктігі 4 метрлік стелланы қордайдың қызыл гранитінен жасаған, ортасындағы шеңберінің диаметрі - 120 см.

Боксерлер ғана емес, батырлардың да мекені Тараз деген. 2011 жылы 12 қарашасында жиһадизмді ұстанушы террористке қарсы операция кезінде 7 адам қайтыс болды, олардың 5-уі полиция қызметкерлері. Ғазиз Байтасов өзінің денесімен қарапайым халықты қорғап қалады.

Blog post image

"Бала кезде барлығымыз космонавт болуды армандадық. Ғазиз - милиционер болуды..." - дейді Халық Қаһарманының сыныптасы.

Blog post image

Ескерткіш жанындағы гүлдер.

 

Blog post image

Екінші күні таң атпай есектерге жолықтық. Солтүстіктен келген біздер үшін мынау бір шок жағдай болды. Суретке түсірмесен болмады.

Blog post image

"Көне Тараз" тарихи-мәдени кешеніне бет бұрдық.

Blog post image

 

Blog post image

"Көне Тарих" мәдени-тарихи кешенін жаңашаландырамыз деп артық кетіп қалған секілді кей жерлерде. Тіпті, тым жаңашаландырып жіберіпті. Мысалы, мына қақпаның тарихи "астары" бар болғанына күмән келтіремін.

Blog post image

Х-ХІ ғасырларға жататын жәдігерлер.

 

Blog post image

Ошақ.

Blog post image

"Көне Тараздан" Тектұрмасқа жол тарттық.

Blog post image

ХІV ғасырда Талас өзенінің оң жағалауында тұрғызылған кесене. Кесененің етегінде қаладан шығатын жерасты жолы мен өзен арқылы өтетін тас көпір болған. Кесенеді Сұлтан Махмұдхан жерленген, ол - қараханид әскерінің бас қолбасшысы болған деседі, ислам дінінің таралуына үлкен үлес қосқан.

Blog post image

Көптеген тарихи орындарда осындай жәшіктер кездеседі. Басында не үшін қойылғанын түсінбеген ем. Себебі, тарихи-мәдени кешендердің дамуына үкімет қаражаты бөлінеді. Ал мынау жәшіктер "ақша бер" деп сұрап тұрғандай. Мәселе "ақша сұрағанда" емес екен, баяғыдан садақа беріп үйренген қазақтар кесене басына ақша лақтырып кетеді екен. Осындай әдістер құдайға серік қоспаудың әдісі екен.

Тағы да бір мен түсінбеген дүние - ислам әлемінің ежелгі ғимараттарының жанында христиан дінінің атрибуттары сатылып жатқанын түсінбедім.

 

Blog post image

Бұл білімсіздіктен немесе шынымен де христиан дінінің өкілдері баратын жер. Христиан дінінің өкілдері аз кездесті бұл қалады. Өзге ұлт өкілдері де аз кездесті. Тараз қазақтардың қаласы. Батыр жігіттері мен қара көз қыздардың көптігіне таң қаласың.

Бұл қалада үш күннен көп уақыт өткізе алмайды екенсің. Келсен "Самарқанның" көк шайын, киіз үйдің қымызынан дәм татпай кету мүмкін емес. Дін мен дәстүрді үйрену үшін таптырмас орта. Мен көрген Тараз осындай.

0
1671
0