Қызылорда облысында ескірген тифлотехникалық құралдар заманауи гаджеттерге ауыстырылатын болады

Айнаш Ануарбек 2016 M11 30
550
0
0
0

2017 жылы ескірген сурдо және тифлотехникалық құралдар заманауи электронды гаджеттерге ауыстырылатын болады, деп хабарлады жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Аманжол Ал

2017 жылы ескірген сурдо және тифлотехникалық құралдар заманауи электронды гаджеттерге ауыстырылатын болады, деп хабарлады жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Аманжол Алдажаров Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен мүгедектер мәселесі жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы барысында.

Мүгедектерді оңалту орталығына мүмкіндігі шектеулі жандарға «Локомат» локомоторлық терапия орталығы алынып, соның нәтижесінде 46 мүгедек кресло-қораптарын, 63-і қосалқы балдақ, таяқтарын тастады. Сондай-ақ арнайы жол белгілері орнатылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тегін тасымалдау үшін «Инватакси» көлік қызметі қарастырылған.

Қызылорда облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Оспанов мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа бейімдеу жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Оларға облыстағы спорт нысандарында дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері тегін көрсетіледі. Бұдан бөлек, «Мұз айдыны» спорт кешенінде отырып ойнаушыларға арналған волейбол, жеңіл атлетика және пауэрлифтинг бөлімдері жұмыс істейді. Спортшыларды жаттығуға тасымалдау үшін 2014 жылы микроавтобус алынды. Бұдан бөлек, аймақ спортшылары Паралимпиада және өзге де шараларға қатысады. 50 спортшыға спорттық киімдер мен құрал-жабдықтар сатып алынды.

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов мүгедектерге арналған көлік құралдарымен қамтамасыз етуге қолданылатын шаралар жөнінде баяндама жасады. «Қорқыт ата» әуежайында ұшаққа жеткізетін көлік, арбалар және ұшақ салонында арнайы орындар қарастырылған. Теміржол вокзалында арнайы автотұрақ, нашар еститіндерген арналған индукциялық панель, кезекші оператормен байланысуға арналған қоңырау және өзге де құрал-жабдықтар орнатылған.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері мүгедектікке алғаш рет өткендерге композициялық медициналық қызмет көрсетіледі. Егер бұрын азаматтар мүгедектік туралы анықтама алу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне, ал әлеуметтік көмек алу үшін зейнетақы мен жәрдемақы төлеу орталығына бару міндеттелген болса, қазір оларға медициналық-әлеуметтік сараптама орталығына өтініш жазса жеткілікті. Жыл басынан бері композициялық қызмет түрін 1073 адам пайдаланды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту туралы жол картасына толықтырулар мен өзгерістер енгізуге және мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды әрі қарай жалғастыруға тапсырма берді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

Оцените пост

0