Екі бакалавриат бағдарламасы бойынша ДСБА-ның (АССА) аккредитациясы

Құрметті студенттер! Сіздерге қуанышты хабарды жеткізгіміз келеді! Экономика Жоғары мектебінің «Қаржы бакалавры» мен «Есеп және аудит бакалавры» бағдарламалары ДСБА-мен (Дипломды сертификатталған...

Құрметті студенттер!

Сіздерге қуанышты хабарды жеткізгіміз келеді! Экономика Жоғары мектебінің «Қаржы бакалавры» мен «Есеп және аудит бакалавры» бағдарламалары ДСБА-мен (Дипломды сертификатталған бухгалтерлер ассоциациясы) аккредиттелді.

ДСБА –500 000-нан астам мүшесі мен студенті бар деп саналатын есеп бухгалтерлік есеп бойынша ірі және тез дамып жатқан халықаралық ұйымдардың бірі. 100 жылдан бұрын құрылған аталмыш Ассоциацияны  170-тен астам елде таниды, әрі құрметтейді. ДСБА біліктілігі кәсіби білімді, машықтар мен дағдыларды, сонымен қатар бухгалтерлік есеп саласындағы кәсіби құндылықтарды қамтамасыз етуге бағытталған. ДСБА біліктілігі қаржыгер мамандарға  табысты мансапты кез келген салада қалыптастыруға септеседі: олар мемлекеттік және жеке секторда, бухгалтерлік фирмада, шетелдік компанияда қызмет ете алады, не өз бизнесімен айналыса алады.


     

Оцените пост

0