Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:44, 10 сентября 2010

Қой бизнесі

 

Blog post image Демалысқа ауылға барған едік. Інішек қой қырқып отыр екен. “Жүнін қайда өткізесіңдер?” десем, “Білмеймін” дейді. Содан сол ауылдың азаматтарынан сұрастырсам, келісі 300 теңгеден Қытайға өткізеді екен. Кейін сол өз қойымыздың жүнінен тоқылған киімді Қытайдан сатып алып жүргенге ұқсаймыз.

Қой жүні нарығына қатысты ресми мәліметтер қарастырып көріп едім. Кезінде Радиода істегенде арнай хабар дайындаған екенбіз. Сондағы деректерді ұсынып отырмын.

Мәжіліс депутаты Амангелді Момышевтың мәліметінше, Қазақстанда 19 миллиондай қой бар.

«Әр қойдан шамамен үш-төрт келі жүн қырыққан күннің өзінде, жылына 80 мың тоннадай жүн жиналады. Сонда бір қойдан шамамен, 100 теңгенің жүнін алсақ, қазынаға 1 жарым, 2 миллиард теңге мөлшерінде табыс түседі» дейді депутат.

Оның пікірінше, елімізде жүн өндірісі және оны қайта өңдеу кластерлерін құру шаруасы қарастырылмаған. Жергілікті жерде жүн сатып алу жұмысы дұрыс ұйымдастырылмағаннан кейін, малшы-шаруа атаулы пайдаға аспаған жүнді жағып-өртеп жіберуде.

Біраз жылдан бері жүн мен тері біздің елде керексіз дүниедей далаға тасталуда. Тек биязы жүнді жиып, Қытайға өткіземіз. Ал бұл ел ішінде жиналатын барлық жүннің небәрі 10 пайызын құрайды.

Мамандар «аймақтарда жүнді сатып алу және қайта өңдеу кәсіпорындарының басын біріктіретін кластер құру қажет» деген пікір айтуда. Ол үшін бастапқы кезеңде үш-төрт миллион доллар қаржы керек.

2007 жылғы деректер бойынша, «Мал өнімдері корпорациясы» 1 256 тонна жүн сатып алған. 2008 жылы – 1 727 тонна. Бұл көрсеткіш 35 пайызға артық. Сатып алынған өнімдердің ішінде жұмсақ және жартылай жұмсақ жүн үлкен сұранысқа ие. Ал қатты және жартылай қатты жүнге сұраныс ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да төмен.

Қазақстандағы мал жүнін сатып алатындардың дені шетелдіктер. Елімізде мақта-мата өндірісі дамымағандықтан қойдың жүнін қарапайым халық Қытайға өткізуде. Бұрындары бұның бағасы 30-40 теңге болар деп ойлғанмын. Сөйтсем, қазір қойдың жүнін мен барған Алматы облысы, Ақжазық ауылында 300 теңгеден, ешкінікін 500 теңгеден өткізеді екен.

Австралиялық бір қойдан 3-4 келі жүн алынады. Ал қазақ қойынан орташа есеппен екі келі жүн алынады. Австралияғы жуылмаған жүннің бір келісі 6 АҚШ долларына дейін барады. Ал Қазақстанда оның бір келісі бар жоғы бір долларды құрайды.

Мәліметтерге қарағанда, елімізде биязы жүн өндіру өндірісі 1990 жылдармен салыстырғанда, 8 еседей төмендеген. Ал бүгінде ол 7 мың тоннаға құлдыраған. Егер қазір асыл тұқымды қойдың жалпы саны 904 мыңды құраса, оның 26 пайызы ғана – биязы жүнді қой.

0
1406
0