2016 жылғы 21 қыркүйекте Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Қазақстанның Бас раввині Ешая Когенмен кездесуі өтті.

АДР РК 2016 M09 21
73
0
0
0

 

Кездесу аясында тараптар мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мен діни бірлестіктердің қызметі туралы өзекті мәселелерді талқылады.

Іс-шара барысында министр қоғамдағы рухани құндылықтарды, бейбітшілік пен толеранттылықты қалыптастырудағы, сондай-ақ Қазақстандағы дінге сенушілердің өркендеуге, бірлік пен ынтымақтастыққа ұмтылысын қалыптастырудағы діннің рөлін атап өтті.

Сондай-ақ, Н.Ермекбаев діни қатынастар субъектілерінің барлығы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын сақтауы маңызды екендігіне баса назар аударды.

Өз кезегінде Қазақстанның Бас раввины дәстүрлі дін қызметшілері мемлекетпен сындарлы сұхбат құруға әрдайым дайын екендігін жеткізді.

 

Оцените пост

0