2016 жылғы 20 қыркүйекте Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесуі өтті.

АДР РК 2016 M09 20
65
0
0
0

Іс-шара барысында тараптар мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылы туралы өзекті мәселелерді талқылады. Н.Ермекбаев өз сөзінде Қазақстан православ шіркеуінің қоғамымызда бейбітшілік пен...

Іс-шара барысында тараптар мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылы туралы өзекті мәселелерді талқылады.

Н.Ермекбаев өз сөзінде Қазақстан православ шіркеуінің қоғамымызда бейбітшілік пен келісімнің нығаюына қосқан үлесінің маңыздылығын, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы жемісті үнқатысуды дамыту жайлы атап өтті.

Сонымен қоса, Министр қоғамның руханиятын арттыру, елге, халыққа деген сүйіспеншілікке, ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптарды құрметтеуге тәрбиелейтін шынайы рухани құндылықтарды түсіндіру, сондай-ақ халықтың бойында дін атын жамылған радикалды идеологияларға қарсы тұратын иммунитетті қалыптастыру Қазақстандағы діни бірлестіктердің маңызды міндеттерінің бірі болып табылатынына тоқталып өтті.

Кездесу барысында діни қатынастар субъектілерінің барлығы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын сақтауы маңызды екендігіне баса назар аударылды.

Оцените пост

0