Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
12:44, 18 сентября 2016

Әскер ауыл балалары үшін «әлеуметтік лифт» бола алады ма?!

Жақында сенат депутаты Дариға Назарбаева жедел әскери қызметті 2 жылға ұзартуды ұсынды.

Blog post image

«Ең бірінші неден бастаймын?! Егер қорғаныс туралы айтатын болсақ, Үкіметте біз жастардың ісін көтерген болатынбыз. Мектеп бітірген жастар арасында колледжге де, жоғары оқу орындарына да түспейтіндер көп. Олар жұмыссыз қалады. Осы тұрғыда статистикалық мәліметтер өте нашар. Жыл сайын мектеп бітірген 24 мыңға тарта түлек еліміздің не экономикалық, не әлеуметтік кеңістігіне ене алмауда. Мен келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскерилерді қысқартып, жедел әскери қызметке қабылданатындардың санын көбейтуді көтергім келеді. Жастар әскерде міндетін атқаруға мүмкіндік беру керек. Жаңа мамандықтарды меңгеріп алар еді»

Осы мәселе бойынша үш жағдай есіме түседі. Барлығы өз ауылымның жігіттері жайында.

Blog post image

1. Имантай 
Имантай деген ағам 2005 жылы (болу керек) әскерге кетіп, оралған соң үйленді. Ұзақ уақыт жұмыс таба алмады, Павлодарда дүкенде істеді, өз ісін бастамақшы болды, отбасы құрған соң ауылға келіп мал бақты. Ал осыдан 3 жыл бұрын келісім-шарт бойынша әскерге кетіп, қазір Қапшағайда, балалы-шағалы бақытты өмір сүруде. Бұрыңғыдай таршылық дегенді білмейді. Айтпақшы, 2 жыл әскерде болғандықтан бірден келісімге тұрды. Еш қиындық тудырған жоқ.

2. Айдос 
Айдос деген бір азамат (ол да Имантай секілді Әжібайдың жиені) бір жылдық әскерге барып, оралған соң Павлодардағы әділет колледжіне оқуға түсті, тәртіп сақшысы болып жұмысқа тұрды. Колледж бітірген соң, Алматыдағы ІІМ академиясына сырттай оқуға түсті. Осылайша қазірдің өзінде отбасысын асырап, жақсы табыс табуда.

3. Асқар 
Менің ағам, белнемерем. Осыдан екі жыл бұрын әскерден оралып, Айдос секілді милицияға қызметке кірді. Шүкір, қазір өзінің де жағдайы жақсы, ата-анасы мен інілеріне де, қарындасына да қамқор болуда.

Blog post image

Бұл - әскер, шынымен де, ауыл балалары үшін "әлеуметтік лифт" қызметін атқара алатынының көрсеткіші. Дариға Назарбаева да осыны айтып отыр, ауылда қамшы ұстаған бақташылар табылады, ал қару ұстаған ел шекарасын қорғар азаматтар елге қашан да керек.

Енді, екі жыл бойынша ойымды білгіңіз келсе, мен бұған дейін талай адамнан "әскерге бару керек пе?!" деп сұрадым. Бір жылға барғандар "бос уақытыңды өлтіресін" дейді жиі, ал екі жылдық өмірді көрген ағаларымның ешқайсысы олай айтқан емес. Бұнда да бір табиғи сәйкестік бар сыңайлы...

Айтпақшы, келесі бейсенбі облыстық әскери коммисиядан өтуге барамын. Шүкір, Дариға Назарбаева айтқан 24 мың экономикалық жүйеден тыс жастардың қатарынан емеспін. Жоғары білімім де, жұмысым да, қоғамға тигізер пайдам да бар (секілді). Алайда, Конституциядан адам биік емес...

P.s: осылай, жексенбі сайын, бас босағанда сып-сырьезный жазбалар салып отырамын. Үйрене беріңіздер)).

 
2
1149
0