Айт қабыл болсын!

Асхат Еркімбай 2010 M09 8
1178
2
0
0

Айт сөзі - «мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді. Жиырма тоғыз күн ораза ұстап, ауыз бекіткен мұсылман баласы бұл күні әуелі айт намазына мешітке бет алады. Мешітте имамның уағыз-насихатын...

Айт сөзі - «мереке», «мейрам» деген ұғымды білдіреді. Жиырма тоғыз күн ораза ұстап, ауыз бекіткен мұсылман баласы бұл күні әуелі айт намазына мешітке бет алады.

Мешітте имамның уағыз-насихатын тыңдап, жамағат болып намаз оқиды. Намаз біткен соң мұсылмандар қол алысып, төс қағысып бір-бірін Айт мерекесімен құттықтайды, жақсы тілектерін айтады. Ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап жарасады. Ал әйелдер қауымы үйде қазан асып, дастарқан жайып, айттық шай әзірлейді. Көрші-қолаң бір-бірінің үйіне кіріп дәм ауыз тиеді, шаңырақ иесіне аман-саулық тілеп, айтпен құттықтайды.

Сондай-ақ, ұлық мерекесі ізгі істермен де атап өткен жөн. Мәселен, жақын-жұрағаттарға ерекше қамқорлық танытып, мүсәпір-мүскіндерге қайырымдылық көрсеткен абзал.

Айта кетейік, айт мерекесі Рамазан айынан кейін келетін - Шәууәл айында атап өтіледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз үмбеттерін шәууәл айында да ораза тұтуға үндеп, оның сауабының молдығын айтқан. Ол: «Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейін шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза ұстағанмен бірдей», - деген. Шәууәл айының оразасын сол айдың ішінде кез-келген күні ұстауға болады. Оны қатарынан үзбей немесе күндерін үзіп-үзіп ұстауға болады. Бірақ айт өтісімен кезекпен толықтай ұстау - абзал.

Қасиетті Рамазан Айт мерекесі құтты болсын! Айт қабыл болсын!

www.muftyat.kz


Оцените пост

0

Комментарии

0
Айт кабыл болсын, бирге болсын!
0
Ораза кабыл болсын.
Показать комментарии