Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
01:24, 24 августа 2016

ГРАНД ӘЛЕМ ТРАНСПОРТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ 5-ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ

Blog post image

Транспорт саласында бес жылдан артық басшылық еткен Миербеков Дәурен Мұхитдинұлы бүгінде өз ісінің майын ішкен білікті кәсіпкер. 2011 жылы туризм саласында оқуын тәмамдап, еңбек жолын бастайды. Ердің атын еңбек шығарады демекші, тынымсыз тіршілік етіп, жеткен жетістігінен жеміс көріп отырған Дәурен Мұхитдинұлымен сұхбаттасудың сәті түсті.

– Дәурен, 5-жылдық мерейтой құтты болсын! Жалпы осы компания жөнінде толығырақ айтып берсеңіз? Бүгінде «Гранд әлем» жұмысы қалай жүріп жатыр?

– Біздің компания Қазақстан территориясында ашылған тұңғыш транспорттық компаниялардың қатарында. 2011 жылы туризмді бітіріп бірден жеке бизнес бастауды көздедім. Бұл салада жүрген таныстарым да, жақындарым да қолдады. Бүгін «Гранд әлем» транспорттық компаниясы 6-санатты автокөлікті жалға беру қызметімен айналысады. Эконом, бизнес, премиум, жол талғамайтын көлік, автобус, минивен және шағын автобусты  ірі фирмалар, жұмыс орындар, қала қонақтары және тағы да басқа пайдаланушыларға ұсынамыз. Сондай-ақ, еліміздің алпауыт қалаларында да филиал іске қосып жатырмыз. Тұтынушылар саны күн санап артуда. Бұл біздің компаниямыз үшін үлкен жетістік, еңбегіміз елеусіз қалып қоймағанына дәлел деп білемін.

– Басқа аймақтарды қалай қамтисыздар? Ол қай қалалар?

– Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды қалалары. Ол жақта да біздің персоналды менеджерлер бар. Жоғарыда аталған қалалардың біреуінде келісімшартқа отырған клиент басқа нүктелерде қағаз толтырып әуре болмайды, сол келісім қағазымен 1 жыл көлемінде қызметімізді пайдалана алады. Бұл компанияның басты ерекшелігі.

Blog post image

– Компания қызметін бұқараға ұсыну жолында қандай әдістер қолданасыз?

– Әрине, ең негізгі жол – интернет. Қазір ғаламторға кірмейтін жан жоқ, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін барлығы бір смартфоннан ұстап алған. Бұл бизнес үшін өте қолайлы. Айтады ғой, «интернетте жоқ адам – бизнес әлемінде жоқ» деп, сондықтан бұл әдіс барлық кәсіпкерлер үшін қолайлы деп ойлаймын. Жуырда www.rentavto.kz сайтын іске қостық. Бұл біз үшін алға басқан үлкен қадам. Кез-келген клиент осы сайт арқылы онлайн-тапсырыс толтырып, біздің қызметімізбен пайдалана алады. Автокөлік жалға беруден бастап, той кортежі, аудармашы, трансфер, экскурсия т.б. қызметтерді қолданылады.

– Сайт жөнінде кішігірім айтып өтсеңіз?

– Әрине, біздің сайт www.rentavto.kz толықтай қазақи үлгіде жасалды. Логотиптен бастап дизайны мен имидж-брендингіне дейін ұлттық ою-өрнектер мен орнаменттер қолдандық. Қазекемнің мәдениеті терең, ұлттық нақыштағы оюларға бай. Бұл кездейсоқ қабылданған шешім емес, арнайы мақсатпен көзделген іс. Кез-келген тапсырушы мейлі турист болсын, не басқа біздің ұлттық стилімізге әуестеніп қарайтыны анық. Бізден көп компаниялар үлгі алғанын қалаймыз.

– Кәсіпкер болу кез-келген адамның қолынан келеді ме?

– Кәсіпкерлік қабілет адамға бала күнен бітеді. Яғни, жастық шағында кездейсоқ табыс тапқан, соны әрі қарай дамытқан сәттен басталады. Күн санап қызығушылығы артып, ойын іске асыру жолында көп еңбек етеді. Балалығымда менде де осындай қызығушылық болды. Ата-анам мен туыстарым қиялыма қанат жалғады. Бүгінде мен бірнеше жұмысты қатар алып жүруді жоспарлап отырмын. Кәсіпкерлік арнайы шекарамен белгіленбеген, оған шектеу жоқ. Егер адам шын көңілімен қызығушылық танытып, бар ынтасымен кіріссе – оның арманы жүзеге асады. Кәсіппен айналысқысы келетін жастарға берер кеңесім, қандай да жұмысты бастау үшін пәлен-түген қаражат керек деп жалтақтау қажет емес, бастапқыда кез-келген тауарды әкеліп-сатып, ғаламторды жақсы меңгеріп, қай сайттарда аталмыш тауар қажет сонда өзін ұсыну да жеткілікті. Бірінші қоңырау да өзін көп күткізбейді, бастысы клиент өзгеге кетпей тек сіздің тауарыңызды алуды қамтамасыз ету керек. Есте сақтаңыз, әрбір қоңырау маңызды!

– Қиындықты қалай жеңесіз?

– Кәсіпкерлікпен айналысқан кезеңдерді ескере отырып айтар болсам, кез-келген қиындықтың өзіндік шкаласы болады. Көрсеткіш қиындық сатысына жоғарыласа, кризис сызықшасы біресе төмен, біресе жоғары болады. Яғни, қиындық бірден көп болуы мүмкін, немесе керісінше. Қандай да жағдайда «тірі болсақ қиындық мықты етеді». Біздің компания үшін бұл серпін береді, жағдайдан шығу үшін түрлі  әдістерді қолданып, жаңа жоспар құрамыз. Бізде де мұндай ауыр кезеңдер болды. Бастапқыда біресе қаражат жетіспеді, біресе уақыт жағынан, әзер үлгеріп жүрдік. Дегенмен, бірнеше ай өтіп персоналдар саны көбейіп, проблемалардың басы шешіле бастады. Енді ашылған кезде компанияда 5 мәшине мен 3 қызметкер болды. Оның біреуі өзім. Күні-түні күресіп, қиындыққа мойымай осындай дәрежеге жетіп отырмыз. Мұнымызға шүкіршілік етеміз. Қандай ауыр іс туындамасын, бастысы: қиындыққа бой бермеу керек!

Blog post image

– Қандай да бір жағдайға тап болған кезеңнен үзінді айтып берсеңіз? Және де ол қиын сәттен қалай шықтыңыздар?

– Бірде Бұрабайға жол тартқан шағын автобус трассада істен шықты. Ішінде балалар да болды. Біз жедел рекация беріп, артынан басқа автобус пен керек-жарақ жолдадық. Алаңдатқаны далада аяз, -37 градус. Дегенмен, 15 минуттық жерде болғаны бізге кішкентай болса да үміт берді. Нәтижесінде автобус ішіндегі барлық адам аман-есен Бұрабайға барып келді. Барлық техника кез-келген уақытта істен шығуы мүмкін, сондықтан автотранспорт саласын мұқият жұдырықта ұстап отыру өте маңызды.

– Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

– Арнайы бір бағытта жұмыс жасайтын жетекшілерге көңілді басқа арнаға бұрып, тынығып, жаңа қызығушылық, жаңа ой мен әсер алу үшін бос уақыт қажет. Менде мұндай сәт жиі бола бермейді. Негізі отбасыма көп уақыт бөлгім келеді... Әдетте достарыммен бас қосып, инттелектуалды ойындар ойнағанды ұнатамын. Шахматқа әуеспін, спортпен шұғылданамын, гитара шертемін.

– Отандық және шетелдік әншілерден кімдерді тыңдайсыз?

– Батырхан Шүкеновтың әндері, Нұрлан Өнербаевтың шығармалары ұнайды. Шетелдіктерден Астудио, Би-2, Битлз топтарын тыңдаймын. Сондай-ақ классикалық музыка да жүрегіме жақын. Караокеге жиі барып тұрамын.

Blog post image

– Алдағы уақытқа жоспарыңыз қандай?

– Біріншден, аймақатар базасын кеңейту, жыл басында қойылған жоспарларды іске асыру. Келесі бағыт – агромаркетинг саласы. IT-технологиялары арқылы халықаралық аренаға шығу мүмкіндігі. Үшінші кезекте тұрған – ЭКСПО-2017ге дайындық. Елімізде ЭКСПО сынды үлкен іс-шара өткізіліп жатқаны қуантады. Біздің мемлекетіміз 4-жылда бір рет өтетін  негізгі ЭКСПО конкурсына қабылданбағаны өкінішті. Өткен жолы негізгі ЭКСПО шарасы Миланда болды, кезекте 2020 жылы Дубайда өткізіледі. ЭКСПО көрмесі отандастарымызға, әсіресе кәсіп саласына зор мүмкіндік тудырмақ. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевты да, мемлекетімізді де қолдай отырып, табыстың жаңа көкжиегін бағындырмақпыз.

– Әңгімеңізге рақмет!

Мадина АБДУКАДИРОВА

 
1
885
1