Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
3
14:06, 04 ноября 2016

NEO

Airbus A320NEO – бұл Airbus компаниясының тарфюзелажды ортамагистральді жолаушылар тасымалдаушы ұшағы. Бұл ұшақтар 2010 жылдан бастап құрастырылуда, ал бірінші көрсетілім 2014 жылы болған.
Blog post image
A320neo ның алғашқы операторы болып әлемге әйгілі Lufthansa болды, ол әлемдегі ең бірінші A320neo ұшағына 2016 қаңтардың 21де қол жеткізді.
Blog post image
Классикалық А320CEO дан біріншіден жаңартылған қозғалтқыштарымен, өзгертілген қанат ұштарымен және жолаушыларға ыңғайландырылған салонымен ерекшеленеді.

A320NEO – екі түрлі қозғалтқыштарымен қамтамасыз болуы мүмкін, олар – CFM International LEAP-1A немес Pratt & Whitney PW1100G. Жаңа қозғалтқыштар бұрыңғыларға қарағанда 16 пайызға үнемді, және A320neo ұшу қашықтығы 950километрге ұзарды. A320neo ұшақтарында қанат ұшындағы Sharklets стандарттық құрамында болады. Осы шарклеттер 3,5  пайыз отынды үнемдеуі дәлелденген. Airbus компаниясының бас директорі айтуынша, Pratt & Whitney PW1100G қозғалқыштарын ұшақтарға орнату, эксплуатациялық шығындарды 20% үнемдейді.
Blog post image
Blog post image
Планер құрылымы 95 пайызы базалық моделімен бірдей, алайда салмағын және отын шығысытарын бұрыңғы көрсеткіштерден кем болмауы үшін, ол жаңартылған композиттік материалдардан және түрлі алюминий қоспаларынан жасалған

Airbus айтуынша A320neo ішінде жүк қоймасы жолаушылардың ыңғайына бола ұлғайтылып, ал шу деңгеі бір шама төмедетілген. A320neo ның ең ұзын нұсқасында бұрыңғы жоғары жайлылық деңгеінде орындықтар саны 236ға дейін ұлғайтылмақ.
Blog post image
NEO ұшақтар түрлері A319neo A320neo және A321neo болмақ.
Blog post image
Жақында Қазақтын Ұлттық әуетасымалдаушы компаниясының ұшақтар қатарына, айтып кеткен А320neo ұшағы қосылмақшы. Ресми тапсыру барысын, Франциядағы Тулуза қаласында орналасқан Airbus зауытынан, AlmatySpottingClub мүшесі, әріптесім Николай Устинов жариялайды.

Тыс қалмаңыз!

p.s. Өкінішке орай авторлық А320neo ұшақтарының сүреті болмағандықтан, ғаламтордан ұсындым. Егер сіз сүрет авторы болсаңыз, және бұл жерде жарияланғанына қарсы болсаңыз, маған хабарласуыңызды өтінемін.

3
1283
0