Масадан құтылудың 5 жолы!

Medina Ray 2016-7-23 01:50
297
0
0
1

Елестетіңізші... Жазғы маусым, шуақты күн, демалыс, мұздатылған коктейль, шезлонг, жағалау... Кенет жағымсыз дыбыстар: дзз... дзз... дзззззззззззззззз... Барлық ләззәтті бір мезетте жойып жіберетін...

Елестетіңізші... Жазғы маусым, шуақты күн, демалыс, мұздатылған коктейль, шезлонг, жағалау... Кенет жағымсыз дыбыстар: дзз... дзз... дзззззззззззззззз... Барлық ләззәтті бір мезетте жойып жіберетін масалар қайта-қайта мазаны алады. Дегенмен, мұңаймаңыз! Қосқанатты құбыжықты маңайыңызға жуытпайтын 5 әдіс бар. Бастайық...

1. Құс шие ағашын майдалап турап, дененің ашық жерлеріне жағыңыз;

2. Қалампыр, анис, базилик, эвкалипт, эфир майларын(бір стақан суға 5-10 тамшы тамызып) денеңізге жағыңыз;

3. Бузин бұтақтарын бөлмеге қою арқылы барлық масаларды төркіндеріне жібересіз;

4. Кедр майының иісі тек қана масаларды емес, оның мұртты ағайындарын да(тарақан, шыбын, т.б.) жойып жібереді;

5. Егерде сізде электрлі фумигатор сұйықтығы тәмәмдаса  лақтыруға асықпаңыз. Бос көпіршікке эвкалипт экстрактін құйсаңыз масалар сіздің үйіңізге баратын жолды мүлдем ұмытады.

Жоғарыда аталған кеңестерді орындасаңыз, қансорғыштармен біржола қоштасасыз. Сәттілік!

Оцените пост

1

Комментарии

Чтобы написать комментарий нужно войти в систему