Елімнің жүрегі

Кали Аубакиров 2016 M08 29
426
1
1
0

Негізінен Астанамызда, әлемдегі басқа қалаларда сияқты әлі де болса, шешілмеген мәселелер жеткілікті. Бірақ кейбір қалаларда, біршама даму тарихы бар болса, бізде 18 жыл ғана болып отыр.

ІІ бөлім

Негізінен Астанамызда, әлемдегі басқа қалаларда сияқты әлі де болса, шешілмеген мәселелер жеткілікті. Бірақ кейбір қалаларда, біршама даму тарихы бар болса, бізде 18 жыл ғана болып отыр. Салыстыру негізінде қарастыратын болсақ, елорданың да, өзіне тән артықшылықтары баршылық. Дегенмен, «Көш – жүре түзілер», - дана халқымыз демекші, Астанада шешілетін мәселелер жеткілікті.

Тура жазық дала ортасында, үлкен қала (мегаполис сыңды) қасиетті болмаған мекенді, жаңадан салып, бой түзеп шығу да бірсыпыра жұмысты қажет етеді. Соның негізінде, жасалған жұмыстар да көзге көрініп тұр. Бірақ жан-жақты зерттеп, ұтымды әрекеттер ұсыну сияқты жайттар жеткілікті. Соның бірі – жол инфрақұрылымы.

І бөлімде жазылғандай, Астана – туған жерім болуына байланысты, барлық мәселелер көз алдымда пайда болып, кейбіреулері шешілмей жүр. Атап айтақанда, жолдағы көліктер саны күнен-күнге өсіп келеді. Оның өзінің де себептері жеткілікті. Ал көліктер саны өсуіне байланысты, жолдағы қозғалыс та нашарланып жатыр. Өйткені, жол қозғалысын ұйымдастыру жұмысы төмен деңгейде. Жуырда ғана, «Astana LRT» мекемесі пайда болып, қоғамдық көліктерге қарасты мәселелерді өзіне қаратып, шешу жолдарын ұсынып, жайлап енгізіп жатыр. Мысалы, негізгі 4 көшенің жол бағытын бір жақты жасап, жол кептелісі мәселесін шешуге арналған әрекет енгізді. Қала бойынша, көптеген көшелерге автобустарға арналған, жолдан бір бөлігін бөлу арқылы, сияқты жаңашылдықты да енгізген болатын. Одан не керек, барлық автобустарды бірдей стандартқа салып, бірегей жұмыстар атқарылып жатыр. Аялдамалардың да сыртқы безендірілуі және жалпы салынуы бойынша стандарттар жасап, іске асырып жатыр. Әрине, барлық аталмыш жұмыстар мен бастамалар, жергілікті басқару органы – әкімшіліктің қолдауы мен жетекшілігімен іске асырылып жатыр. Көптеген жаңалықтары, халықты қуантып, көңілдерінен шықты деген сенімдемін. Бірақ, елдің ойы және де әрине өзімнің азамттық көзқарас тұрғысынан қарағанда, кейбір жасалған әрекеттер үлкен сұрақтар туғызып, күмән тудырып отыр. Жаңа салынған аялдамдалардың өзі, қаншама жауапсыз сұрақтар туғызады.

Сурет 1 – Астанадағы орнатылған және әлемдегі қолданыстағы аялдамалар (интернет желісінен)

Қолдағы бар мәліметтерге сәйкес, 2015 ж. сала бастаған, бір аялдаманың құны 10 млн тг (35 мын доллар) асып кетеді. Әрине, ішінде адамға қажетті және ыңғайлы болатындай жағдайлар жасалынған. WI-FI, қыста – жылыту және ақпараттандыру жүйесі сияқты аргументтер халықты көңілінен шығып, біраз адамдарды қуантып жіберген. Себебі, шынымен қаламызда ауа-райы қоңыржай болуына байланысты, бір мезетте ауа-райы бұзылып, күрт суық немесе ыстық болып қалуы ықтимал. Осындай кезде, аталмыш жаңа аялдамалар адамдарға ыңғайлы болуы үшін, қажетті болып келеді. Шын мәнінде, жазғытұрым уақытында, салқындату құрылғылары, өзінің функцияларын толық атқарылмауына байланысты, халық арасанда шу шығарып, наразылық тудырған болатын. Бірақ та, оның бағасын есіне алған кезде шашын тік тұратынына сеніммен айтуға болады. Себебі, салыстыра қарастыратын болсақ, Красноярск қаласында, тура осындай аялдамалар салынып, олардың құны 200-300 мын рубль (4500 доллар) құраған болатын. Қазіргі таңда, қала бойынша осындай судай жаңа 35 аялдама салынып қойған, жалпы 85 аялдама шамасында салыну жоспарланып отыр. Олардың саны бюджеттен бөлінетін немесе инвесторлардың бөлінетін қаржыға байланысты өзгеруі мүмкін.  Әрине, жалпы екі ел және екі қала арасында айырмашылық әлдеқайда үлкен. Дегенмен, халықтың менталитеті де әр түрлі болып келеді. Себебі, кеше ғана орнатылған аялдамаларға, біздің белгілі бір азамттарымыз бұзақылық жасап, бірнешеуіне зиян келтірген болатын. Нәтижесінде жауапқа тартылып, басқаларға үлгі болатынына сенімдімін.

Соңғы бірнеше жылда, жалпы республика бойынша, ауа-райы күрт өзгеріп бара жатқан көрінеді. Астананың өзінде 90–шы және 2000 жылдарда қыс қарқыраған суық болып, қар мөлшері мен аяз деңгейі болжамданған шеңберінде болатын. Өз жөнімен көктем келіп, ары қарай жаз бен күз. Демек жыл мезгілдері табиғаттың заңдылығына байланысты кезекпен ауысып, барлығы өз деңгейінде болатын. Ал қазір, қыс жылынып, жаз суып бара жатыр. Осы жаздың өзінде, бір шамалы ғана, бірнеше күн жылы болып тұрғаннан кейін, тек жаңбырлар ғана жауып жатыр. Түп тамырында ауа райының қолайсыздығынан Астана мен Алматы, Италияның Венециясына айналып, қаланың ішінде тек кемемен жүзу қалған сияқты. Себебі, жаңбыр мөлшері әлдеқайда көп болған. Әрине, мүмкін неше түрлі циклон немесе соған ұқсас табиғи жайттар әсер еткен де шығар. Дегенмен, соның нәтижесімен күресетін қаланың күші жеткіліксіз.

Сурет 2 – Елорданы жаңбырдан кейін су басуы (жалпы қолданыстағы интернет желісінен)

Сонда, қаланы жоспарлаған кезде, нөсер жауынның суы ағылып кететін канализациясын бірден салынбауынан болып отыр. Жоспарлау кезінде, жетік қарастырмай, бүгінгі таңға үлкен мәселе тудыртып жатыр. Қаланың жаңа орталығы – Есілдің сол жақ жағалауы болсын, сол сияқты оң жағалауда да, нөсер жаңбырдан кейін судың мөлшері, халыққа біраз қиындықтар мен ыңғайсыздық туғызатынын атап өту керек.  Аталмыш мәселемен күресудің тиімді жолдарын, Астанадағы жаңа әкімшілік ойлап тауып, ұсынатынына үміттенейік.

Қаладағы, енгізілген жаңалықтардың бірі – бір жақты жол жүру ережесі. Барлық негізгі көшелерге енгізілмегенмен, қазірдің өзінде біраз қиындықтар туғызған болатын. Себебі, кейбір сәттерде жол кептелісі бірнеше шақырымға созылатының естен шығармау қажет. Сонымен қатар, қажетті мөлшерде көлік тұрақтары болмауына байланысты, халық амал жоқтан жолдың жиегіне қою әдетке айналдырған болатын. Өтйкені басқа амалдары да жоқшылық. Сәйкесінше, жолдың жиегінде тұған көліктер, жол қозғалысына қосымша қиындық туғызады.

Сурет 3 – Астанадағы жол кептелістері (интернет желісінен алынған)

Мәселен, осы жайттармен қоса, жол жиегіндегі кейбір бағдаршамдардың және жол жүру белгілерінің бірегей стандартқа сай болмауы. Нәтижесінде, қаладағы жолдық инфрақұрылым саласын әлі де болса, біраз өзгерту қажет. Ең бастысы, қарапайым халықа ыңғайлы болып, соның негізінде өзгерістер енгізілуі шарт.

 

Оцените пост

1

Комментарии

0
ҮҮҮҮйййй.......!!Ана су қорқынышты екен ...... бірақта кеш емес әлі бана Бейжиң ды алып айтсақ ,тарихы деген жатр ғой соның өзінде су астында қалып жатад .
Показать комментарии
Дальше