место в рейтинге
  • 134708
  • 6
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Діни ақпараттың БАҚ-та жариялануындағы кейбір өзекті мәселелері

ХХІ ғасыр ақпарат пен технологияның қарыштап дамыған жаһандану дәуірі болғандықтан әлемдік кез келген жаңалықтар бұқаралық ақпарат құралдары (одан ары – БАҚ) арқылы үлкен жылдамдықпен тарау мүмкіндігіне ие.

Соңғы жылдар ішінде Сирия, Ирак, Йемен, Нигерия және т.б. елдердегі діни ахуалдың шиеленісе түсуі әлем назарын өзіне аударды. «Халифат» құрамыз деп ұрандаған Боко Харам, Хизб ут-Тахрир, Әл-Каида, ДАИШ (ад-Даулат ул-Исламийя фи ль-Ирак-и-уа аш-Шам – Ирак және Шам ислам мемлекеті (ИШИМ) террорлық ұйымдарының лаңкес әрекеттері жайлы жаңалықтар кез келген ақпарат құралдарынан табылады.

Қолға түскен христиан дін өкілдері мен язидтік сенімді ұстанушы адамдардың, шетелдік журналистер, мемлекет қызметкерлерімен қатар, қарапайым халықтың өлім жазасына кесілуі, қыз-келіншектердің күңдікке сатылуы, осы оқиғалар салдарынан босқындар санының артуы күнделікті БАҚ-та жиі жариялануда.

Мұндай ақпараттар әлбетте исламофобия феноменін асқындыра түсері анық. Франция және Бельгия елдерінде орын алған террорлық әрекеттердің аталмыш ұйымға қатысы бар екендігі батыс азаматтарының бойында ислам дініне деген жеккөрушілік сезімді оятып, көпшілік санасында «ислам – зорлық-зомбылық діні» деген ойды қалыптастыра бастады. ДАИШ-ке қатысты жаңалықтар мен ақпараттардың көптігіне әлем назарының ауғаны соншалық, өзге дін өкілдері тарапынан орын алған лаңкестік әрекеттердің халықаралық және басқа да БАҚ беттерінде ақырын шетке ысырылғандығы байқалады. Мысалы, Мьянмадағы аз санды ислам дінін ұстанушы рохинья ұлтының жергілікті буддистер тарапынан бірнеше жыл қатарынан зардап шеккендігі және 2015 жылы мыңдаған мұсылманның тірідей өртке орануы жайлы ақпараттар БАҚ-та елеусіз қалдырылды.

Таяу Шығыс елдеріндегі соғыс отының тұтанып, асқына түсуінің себебі саяси мүдде негізінде жатқандығы саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері тарапынан айтылып та жүр. Саяси мүдденің діни ахуал жағдайының ушығуын жамылғы етіп отырғандығы әлемдік саясат алаңында үлкен ойынның жүріп жатқандығын аңғартуда.

Бүгінгі таңда алпауыт елдер қарулы қақтығыссыз-ақ ақпарат арқылы белгілі бір мүддені көздеген идеологияны насихаттап, кез келген мемлекет тұтастығына қауіп төндіре алады. Осы орайда ислам діні құндылықтарын бұрмалай отырып, «жиһад» (дін жолында соғыс) ошағын қалыптастыру, шетін көзқарастарды кеңінен насихаттап, тарату және жақтас адамдар тартып, олардан әскери топ құру үрдісі үлкен қарқынмен жүргізілуде.

Шетін көзқарасты ұстанған, өздерін «мұсылманбыз, Алла жолында күресудеміз» деген содырлар ең алдымен мұсылмандарға, яғни діндес бауырларына қарсы соғысып жатқандығы, мұндай әрекеттердің ислам дініне қайшы екендігі жайлы халықаралық БАҚ тарапынан тиісті деңгейде жазылып немесе айтылып жатқан жоқ. Орын алған оқиғалардың шынайылығы ашып түсіндірілмегендіктен және бір жақты көзқарас салдарынан көпшілік санасында бұрыс көзқарас пен ұстанымның қалыптасуы алға қойылған мәселенің оң шешім табуына емес, керісінше ары қарай ушыға түсеріне ықпал етуі мүмкін.

Кейбір дерек көздеріне жүгінсек, 2016 жылдың алғашқы тоқсаны ішінде шамамен 2200 діни ақпарат жарияланған екен. 2014 жылы дін тақырыбына қатысты 3650 ақпарат жарық көрсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 5071 санын көрсеткен. Демек, дін тақырыбындағы ақпараттар мен жаңалықтар топтамасының арта түсуі қоғамдағы дінге қатысты мәселелердің өзектілігін көрсетіп қана қоймай, қоғамдық, мемлекеттік, әлемдік көзқарасты қалыптастыруда БАҚ рөлінің жоғары екендігін аңғартуда.

Дегенмен, БАҚ өкілдері тарапынан жіберілген кейбір қателіктер мен олқылықтар халықтың діни ақпарат пен жаңалықтарды бұрыс түсініп, қоғамда резонанс қалыптастыруы мүмкін. Мысалы, «Намазға жығылмағаны үшін баласын құрбандыққа шалды» («Аltaynews.kz») деген тақырыптағы жаңалық Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) тарапынан үлкен сын тудырған болатын. Мүфтият өз мәлімдемесінде: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықты дініміздің беделін түсіру, мұсылмандар жайлы жағымсыз пікір қалыптастыру мақсатында қасақана таратылған қауесет сөзді негізсіз жаңалық ретінде жариялаған ақпарат құралдарын айыптайды және мұндай өрескел әрекетке жол бергендерді олардың ар-намысына қалдырады», - деп жауап берген болатын.

Тақырып атауларын бұрыс қою фактілері мұнымен шектелмей, «Насилие в Коране!!!» («Zona.kz»), «Мировой джихад планируется в 2017 году» («Диапазон», 19.08.2015), «Мұсылман-гей...» («Nur.kz», 21 іп.09.2015), «Иисус одобрил бы однополые браки» («Tengrinews.kz», 08.07.2015) «Ақтөбеде кәпірлерді қырып, халифат құруды армандағандар сотталды» («Nur.kz», 05.20.2016), «Дінтанушылар қазақ жігіттерінің арасында гейлердің көбейгенін айтып, дабыл қақты» («Nur.kz», 17.20.2016), «Алматыға Қазаннан құдай анасы бейнесі жеткізілді» («Nur.kz», 16.20.2016), «Mercedes мінген мас дін иесі полициядан қашқан» («Serke.org», 18.09.2015) секілді жаңалықтар топтамасынан көрініс тапқан.

Кейбір журналистер «жиһадшы», «шейіт» сынды термин сөздердің мағынасын жете түсінбей, орынсыз қолданып жатады. Мысалы, кейбір БАҚ беттерінен «Жанкешті жиһадшы мешітте өзін өзі жарып жіберді» деген тақырыпты кездестіруге болады. Шындығында, бейбіт адамдардың арасында өзін өзі жарып жіберуші адам – жиһадшы емес, ол нағыз қылмыскер, лаңкес.

Сол сияқты, «шейіт» деген терминнің мағынасы да ислам дінінде «өмірін дін жолына арнаған, Отанына қызмет етуші» дегенді білдіреді. Отанын қорғау жолында өз өмірін қиған адамды «шейіт» деуге болады. Ал кейбір журналистер өзін және басқа бейбіт халықты қасақана өлімге қиған адамдарды шейіт деп жүр.

Қазақ журналистері ғана емес, халықаралық журналистикада да «исламшы» деген терминнің құлаққа сіңісті болғаны белгілі. Мәселен, «исламшы лаңкес», «исламшы экстремист» сынды тіркестер.

Сонымен қатар ақпаратты безендіру барысында техникалық кемшіліктердің жіберілмеуі де назарға алынуы тиіс. Мысалы, «Мечетям Казахстана рекомендовали заключать брак только после ЗАГСа» («tengrinews.kz») деген ақпаратта бетін қара орамалмен бүркеген қыздың суреті қойылған. ҚМДБ-ның заңсыз некенің, қазір көп айтылып жүрген «талақ» мәселесінің дұрыс шешімін табу үшін жасаған жақсы бастамаларының бірі халыққа осындай әдіспен жеткізілген.

Аталмыш ғаламтор сайтында «Имамы морально готовят выпускников к сдаче ЕНТ в Актобе» деген атаумен жарияланған ақпараттың безендіруінен «суицид» деген сөзді көруге болады. Мұндай суретті қою барысында оқырман түсінігіне психологиялық тұрғыда кері әсер етуі мүмкін екендігі ескерілмеген. Санамалай берсек мұндай ақпараттар легі тізбектеліп кете береді.

БАҚ-та жарияланатын ақпараттарда жай көзге қарапайым көрінетін қателіктер халық арасындағы діни сауаттылық деңгейін көтеруден бұрын, діни білімі төмен оқырманның ойын шатастырып, бұрыс көзқарастарды қалыптастыруы әбден мүмкін.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті жанынан Әдістемелік кеңес құрылған болатын. Әдістемелік кеңес отырысы барысында:

– журналистер қауымының тақырыптар атауын дұрыс қоя білуі;

– діни термин сөздер мен ұғымдарды дұрыс қолдану;

– ақпараттың нақтылығы мен шынайылығына көз жеткізу;

– діни ақпараттар мен жаңалықтардың сапалы жазылуы мен халыққа сапалы түрде жеткізілуін ескеру сынды мәселелер үнемі талқылануда.

Ал жоғарыда аталған кейбір олқылықтар діни емес БАҚ-та орын алуда. Сонымен қатар кейбір блогерлердің зайырлы бағыттағы басылымдарда қызмет еткендерімен, әлеуметтік желілер мен өзге де ғаламтор беттерінде ислам дінін уағыздайтындығы байқалады. Зайырлы басылым журналистері елдегі діни ахуалға жан-жақты талдау жасап, халыққа дін саласындағы өзекті мәселелерді дұрыс жеткізе білсе құба-құп болар еді.

Бүгінгі таңда отандық журналистика саласында діни бағытты ұстанатын «Иман», «Ислам және өркениет», «Шапағат-нұр», «Рахмет самалы», «Нұр» сынды басылымдар мен «islam.kz», «muslim.kz»,  «muftyat.kz» ғаламтор сайттарының қалыптасқандығын көреміз. Республикамыздың барлық аймақтарында ҚМДБ-ға қарасты облыстық немесе аймақтық деңгейдегі діни сайттар қызмет етуде.

«Қазақстан» ұлттық телеарнасында діни және зайырлы көзқарас пен тақырыпты ұштастыра білген «Иман айнасы» бағдарламасы, «Асыл арна» телеарнасы қызмет атқарып келеді. Сонымен қатар «Көкжиек», «Хикмет», «Мұсылман», «Ғибрат», «Кәусар-саяхат» мұсылман баспалары тарапынан бірқатар діни әдебиеттер шығарылуда. Осы орайда кейбір баспалардың белгілі бір діни көзқарастар мен ұстанымдарға негізделгендіктерін ескерген жөн.

Халықаралық және отандық БАҚ-тар арасында ақпарат алмасу әрекеттерінің сөзсіз орын алатындығы белгілі. Дегенмен, отандық БАҚ-тың егемен еліміздегі татулық пен бірлікті, ынтымақ пен тұрақтылықты жан-жақты насихаттаудағы рөлінің жоғары екендігін, журналистер қауымы арқылы қоғамдық пікір, талғам, көзқарас қалыптасатындығы ескеріле отырып, ақпараттарды, әсіресе діни ақпараттарды таратуда бірқатар мәселелер негізге алынуы тиіс.

Әлеуеті мықты бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі күні әлемде қалыптасып отырған ахуалдың, соның ішінде діни ахуалдың күрделене түсуін назарға ала отырып, көпшілік қауымға діни ақпараттар мен жаңалықтарды дұрыс жеткізе білулері үшін дінтанушы-сарапшы штатын ашса деген ойдамыз.

Отандық ақпарат құралдарының бірқатары шетелдік ақпарат көздеріне сілтеме жасайтындығы қалыпты құбылыс. Дегенмен, діни ахуалға қатысты кейбір шетелдік ақпараттар мен жаңалықтар бір қарағанда бейтарап көрінгенімен, теріс діни идеология мен саяси мүддені көздейтіні байқалады.  Осы орайда дінтанушы-сарапшы мамандардың көмегі қажет деп білеміз.

 

Алмурзаева Бибігул Нұрлыбайқызы, ҚР МСМ ҒЗТО Исламды зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері

 
АДР РК DinGovKz
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
30 июня 2016, 15:45
443

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

О проститутках, ЗППП и других сексуальных страстях

У меня обширный сексуальный опыт, и я этим не хвастаюсь. Будь у меня возможность, променял бы это всё на одного партнёра. Но так как с личной жизнью не заладилось, а секс я очень люблю, то приходилось изворачиваться.
bez_prav
18 окт. 2017 / 18:01
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2896
  • 32
Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж». Часть 2

Я знал дату свадьбы. За неделю до свадьбы в соцсети "Вконтакте" на все мои последние фото, был проставлен лайк с её профиля. Сердце забилось сильнее. В душе загорелась наивная, крошечная надежда.
Dominator-kz
17 окт. 2017 / 15:41
Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Льготное кредитование для молодежи Алматы. Не хоромы, но для начала неплохо

Если вам нет 35 лет и у вас нет своего жилья, то есть интересная гос.программа. Нишевая программа - молодые семьи Алматы до 35 лет, семья - это как минимум 2 супруга без детей.
DanaJarlygapova
19 окт. 2017 / 16:21
Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

Мой парень – «тиран». Почему я вступила в такие отношения?

История из моей жизни. Я вспоминаю эти отношения и сама не могу понять - как так произошло? А дело в том, что вы и сами не заметите. Это наступает плавно и динамично.
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 14:17
Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Доверяют ли граждане Казахстана полицейским? Социальный опрос

Борьба с оборотнями в погонах идёт не один год, но без особого эффекта. Это даёт повод подробнее поговорить о нашей полиции и её проблемах. Как относятся к полицейским казахстанцы?
voiceQZ
20 окт. 2017 / 18:42
  • 1920
  • 36
«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

«Автобусная неделя». Выдержит ли аким Шымкента давку в общественном транспорте?

Аким Шымкента Габидулла Абдрахимов нашёл решение накопившихся проблем городского транспорта. Все ключевые работники акимата некоторое время будут сами ездить на автобусах.
openqazaqstan
18 окт. 2017 / 10:53
  • 1770
  • 32
Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Сказ об офисных планктонах. А какой работник ты?

Я проработала во многих компаниях и повстречала очень много разных интересных людей. Исходя из моих наблюдений, могу описать несколько категорий работников. Может, речь пойдет о ком-то из вас…
Altynai_JA
18 окт. 2017 / 17:51
  • 1697
  • 14
Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

Аркадий Волож привел в Казахстан «Яндекс.Лицей». Плакать или радоваться?

"Яндекс.Лицей" зашел в казахстанские школы. План - учить бесплатно программированию, формировать себе кадры и выйти на мощность 10 тысяч школьников в год.
Zhumanova
18 окт. 2017 / 8:36
  • 1551
  • 12