---
title: "7 күн"
description: "Сәлем,достар!Бүгін өте керемет күн.Неге дейсіз бе?Себебі,бүгін еліміздің жүрегі ,бейбітшіліктің қал..."
author: "azamat2000"
published: "2013-09-17T05:41:36+00:00"
modified: "2013-09-17T05:41:36+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/7-k-n-361720"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/7-k-n-361720/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 7 күн

> Сәлем,достар!Бүгін өте керемет күн.Неге дейсіз бе?Себебі,бүгін еліміздің жүрегі ,бейбітшіліктің қал...

Сәлем,достар!Бүгін өте керемет күн.Неге дейсіз бе?Себебі,бүгін еліміздің жүрегі ,бейбітшіліктің қаласы атанған,EXPO2017-ның ордасы болған жас Астананың 15 жылдық туған күні,әрі Елбасы,мықты саясаткер Н.Ә.Назарбаевтың туған күні.

![7 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/azamat2000/tXpolDN41QObFjTz3Uta5cUqVpmw4M.jpg)

Бұл күннің тарих сахнасында алар орны өте ерекше.Бұл күн-шілденің 6-сы.Жоспар бойынша біз бүгін Қорғалжын қорығына сапар шегуіміз керек.Ауа-райына байланысты , біз бүгін Астана қаласында болдық.Қалада шұбыраған халықты көрсеңіз ғой...Қала іші ән-думанға толы,барлық адам көңілді.Шынымды айтайын , Астананы жақсы көретін осыншама халқы бар деп ойламап едім!?Астананың қиыр-қиырына қыдырдық.

![7 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/azamat2000/M3c0KQE3R9gCOWAVlTZ4T4hHz0P716.jpg)

Мега,Ханшатыр,Керуен,Сарыарқа,Думан ...Айта берсең өте көп.Шетелден келген адамдар қаншама.Еңбектеген бала мен еңкейген қартқа дейін сұлу Астананың туған күнін қызықтауға келіпті.

![7 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/azamat2000/qaZMB633Ibqkg5r80foav6ebmNFV7P.jpg)

Ал біз кинотеатрға бардық,түрлі-түрлі ойын-сауық орталықтарында болып,Астананың туған күнін өзімізше тойладық.Қалада цирк,ән кештері секілді халықтың көңілін көтеретін думандар болды.Халықтың көңілі бір марқайып қалған болар.Бүгін менің Астанаға тілейтінім- мәңгі осылай жас қалпында қала бер,елімізді қуантып,ашық аспан төрінде мәңгі қалқы.Жасасын Астана!!!

---

Source: [https://yvision.kz/post/7-k-n-361720](https://yvision.kz/post/7-k-n-361720)