Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:47, 24 июня 2016

АШМ: 2015 жылы бюджеттік субсидия көлемі 2,6 млрд теңгені құрады

2015 жылы бюджеттік субсидия көлемі 2,6 млрд теңгені құрады, деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің қоғам өкілдерімен есептік кездесуі барысында.

«Ішкі нарықты негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жағдайын талдау 2015 жылдың қорытындысы бойынша 80%-ды құрайды. Бұл ретте, күріш, қой еті, тауық жұмыртқалары, бидай ұны, нан бойынша қамтамасыз ету 100%-ды құрайды. Сонымен бірге, ішкі тұтынымдағы отандық өнімнің үлесі жекелеген тауарлар бойынша әлі күнге төмен деңгейде қалып отыр», – деді ол.

Министрдің айтуынша, өзін-өзі қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер өңдеуші кәсіпорындардың қант, құрғақ сүт, сары май мен қатты ірімшік өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға кеткен шығындарын өтеу арқылы шешіліп отыр. Мәселен, 2015 жылы бюджеттік субсидиялар көлемі шамамен 2,6 млрд. теңгені құрады.

«Жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны көбейді. Генофонның біртіндеп жақсаруы мен жануар өнімділігінің артуы байқалуда. Нәтижесінде, 2015 жылы 16 мың тоннадан астам ет пен ет өнімдері, оның ішінде 6,4 мың тонна тоңазытылған сиыр еті экспортталды», – деді А.Мырзахметов.

Кооперацияны дамыту шеңберінде сүт өндіру мен өңдеуді жоғарылату үшін 700 сүт қабылдау пунктін құру жоспарлануда. Бұл ауыл тұрғындарын айтарлықтай көлемде жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

 
0
440
0