Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:10, 15 июня 2016

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Қоғамдық кеңес алдында есеп берді

Баспасөз хабарламасы
15.06.2016ж. Астана қ.

DSC01038

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықпен есептік кездесу өткізу туралы 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің 2015 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы АӨК дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңес алдында есептік кездесуі өтті.

Есепті тыңдауға ҚР АШМ  өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары, «Атамекен» ҰКП, үкіметтік емес ұйымдар және бизнес өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов өз баяндамасында 2015 жылғы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту нәтижелері мен ағымдағы жылға арналған ведомствоның негізгі тапсырмалары туралы сөз қозғады.

2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,4 пайызға ұлғайып,  3,3 трлн. теңгені құрағаны ерекше аталып өтті.
Азық-түлік өнеркәсібінің негізгі капиталындағы инвестиция көлемі 28 пайызға ұлғайып, 55,9 млрд.теңгені құрады.

Республиканың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданды. Соның ішінде, шағын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бірігуіне, кедергілерді болдырмау үшін «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» жаңа заң қабылданды. Сондай-ақ, «Органикалық өнім өндіру туралы»  заң қабылданды.

2015 жылғы ауа райының қолайсыз жағдайына қарамастан 18,7 млн.тонна астық жиналды, ол 2014 жылғы деңгейден 1,5 млн.тоннаға артық.
Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша белгілі жұмыстар жасалды, мал шаруашылығы саласының өнімінділігін арттыру және генофонды жақсарту біртіндеп жолға қойылып келеді. Нәтижесінде, 2015 жылы 16 мың тоннадан астам ет және ет өнімдері, оның ішінде 6,4 мың тонна мұздатылған сиыр еті экспортталды.

Азық-түлік өнімінің көлемі 2014 жылмен cалыстырғанда 0,1 пайызға жоғары.
Бұл нәтижелер «Агробизнес – 2020» бағдарламасында қарастырылған АӨК мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру арқасында қамтамасыз етілді.  
«Алдағы кезеңде ауыл шаруашылығының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді өндіруді қамтамасыз ету, қолданыстағы қайта өңдеу кәсіпорындарының қуатын арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, импортты алмастыру үшін ішкі резервті барынша пайдалану қажет» – деп атап өтті ведомство басшысы өз сөзінде.

ҚР АӨК дамыту бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері Министрдің баяндамасын тыңдап және талқылап ведомстваның жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің төрағасы М. Трошихин АӨК мемлекеттік қолдаудың іс-шараларын жақсарту бойынша ұсынысын білдірді.
Тыңдаудың қорытындылары бойынша АӨК негізгі бағыттарын дамыту жөніндегі ұсынымдар берілген резолюция қабылданды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

 
0
533
0