Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:43, 05 июня 2016

Сарыағаштық шаруалар Ресейге 137 тонна қарбыз жөнелтті

Сарыағаш ауданының диқандары алғашқы өнімдерін қыр асыра бастады. Мәселен, аудандағы Бозай ауылдық округінің шаруалары еліміздің солтүстік өңірлерін есептемегенде, таяуда көршілес Ресей мемлекетіне 137,1 тонна қарбыз жөнелтті.

Еккен өнімді саудалап, қаржы көзіне айналдыру мәселесі ауданда жақсы жолға қойылған. Ол үшін Сарыағашта логистикалық орталықтар мен темір жол желісі күндіз-түні жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күннің өзінде онда қарбыздан басқа ерте пісетін жемістер – өрік, шие, құлпынай, қараөрік пен көкөніс өнімдері сатылымға шыққан. Мұнан бөлек, алдағы он күн көлемінде ерте пісетін картоп, қауын базар сөрелеріне шығады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, биыл Сарыағаш ауданында 77460 гектар жерге ауыл шаруашылығы өнімдері егілген.

Источник: https://strategy2050.kz/news/35758/

 
0
232
0