Suraq.kz — сұрақ пен жауап сервисі

Бекежан Кембаев 2016 M05 31
1152
1
5
0

1-ші маусымнан бастап ең белсенді және жақсы жазатын Suraq.kz қолданушылары мобильді бірліктермен марапатталады.

Сәлем!

Қазақ тіліндегі контент көлемін арттыру үшін біз қазақ тіліндегі Suraq.kz атты сұрақ пен жауап сервисін ашуды жөн көрдік.

Бұл сайттың пайдаланушыларын ынталандыру үшін біз сыйлық жүйесін енгіземіз. 1-ші маусымнан бастап ең белсенді және жақсы жазатын Suraq.kz қолданушылары мобильді бірліктермен марапатталады.

  • 5 000 бірлік: ай соңында 1-ші орында болатын пайдаланушыға;
  • 3 000 бірлік: ай соңында 2-ші орында болатын пайдаланушыға;
  • 2 000 бірлік: ай соңында 3-ші орында болатын пайдаланушыға;
  • 1 000 бірлік: ай соңында рейтингте 4-10 орындарда болатын пайдаланушыларға.

«Топ-10» 31 маусымда бекітіледі. Осы уақытқа дейін сіздер блог-тұғырымыздан сыйлық алу үшін, Suraq.kz сайтындағы аккаунтыңыздың танымалдылығын жақсарта аласыз. Бәсекелестік жоғары болатындықтан, белсенді болуға кеңес беремін! Ж)

Бұл қызық күресте барлықтарына табыс тілеймін!

Сіздің eBek, Yvi.kz блог-тұғырының даму директоры

P.S. Ережелер, сайыс механикасы мен сыйлық алу шарттары жайлы осы жерде оқуға болады.

 

Оцените пост

0

Комментарии

1
Сайтқа кіріп байқағаным; қазақ тіліндегі контентті арттыруға бел буғаныңызда, сөздердің дұрыс жазылуын қадағалау жөн болар еді.
Показать комментарии
Дальше