Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:19, 26 мая 2016

«АНК» АҚ көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін АӨК субъектілерін 4,6 млрд. теңге көлемінде қаржыландырды

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

26 мамыр 2016 жыл                                     Ақмола облысы

BAM_1524

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Республикалық бюджет қаржысы, Ұлттық қор қаражаты және бюджеттен тыс қаржы есебінен, Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау мақсатындағы іс-шаралар аясында 940 ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне көктемгі егін және күзгі жиын терім жұмыстарын жүргізу үшін 43 млрд теңге қаржы бөлді. Бұл сома биылғы жылы диқандардың 2 млн. гектардан аса егіс алқабында көктемгі егіс және күзгі орақ науқанын жүргізуіне мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін Ақмола,  Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне уақтылы несие берілді.

Корпорация несие серіктестіктерін қорландыру аясында жыл басынан бері көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 372 агроөнеркәсіп кешені субъектілерінен келіп түскен құны 4,6 млрд.теңгенің өтінішін қаржыландырды.

Бұдан өзге, биылғы жылы Корпорация қаражаты есебінен Оңтүстік Қазақстан облысындағы  фермерлер «Ырыс» ЖШС шағын қаржы ұйымы мен «Максимум» ЖШС аймақтық инвестициялық орталықтарынан көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржыға ие болды.

Ауылшаруашылығы тауар өндірушілері алған қаржысы арқылы жанар-жағармай материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу үшін қосалқы бөлшектер мен материалдарды, минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға және өнімді отырғызу мен жинау бойынша өзге де қажетті шараларды уақтылы жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

«ТНС-Агро» ЖШС бизнес анықтамасы:
Директоры – Қазбеков Айбек Қадыржанұлы

Ақмола облысының Аршалы ауданында орналасқан «ТНС-Агро» ЖШС, 2011 жылғы 28 желтоқсан күні тіркелген.  Негізгі қызметі – егін шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеумен айналысады. Шаруашылық Берсуат ауылдық округімен шектеседі. Жалпы жер аумағы –  31 319 га, оның ішінде егістік алқап көлемі – 13 069 га, шабындық жер – 16 804 га, және өзгесі  – 1 446 га.

Шаруашылық бүгінде қажетті материалды-техникамен (трактор, егін жинайтын комбайндар, ауыл шаруашылық жабдықтары) жабдықталған Серіктестіктегі жұмысшы саны 50 адам.

«ТНС-Агро» ЖШС  2013 жылғы 22-ші ақпаннан бері «Аршалы» несие серіктестігінің қатысушылары құрамында.

Анықтама:
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – аграрлық саланы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіпкешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы индустриаландыру және әртараптандыру. «ҚазАгро» Ұлтық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.

   
0
333
0