Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:47, 26 мая 2016

Сезімдер қозғалысы

Blog post image

Жер беті жыли бастаған сайын адам жаны салқынданып барады.

Оның тіршілік ету қызыметтері мен қызықтарын ұмытып қалғанына біраз күн боп қалды. Көзі бақырайып әлсіреген періштенің ақ сарайдан шықпағанына күн де қамыға түсті. Оның күлкісін жұлдыздар сағынып, құстар күтті. Бөлмесіне аса ілтипатпен кірген күтушісіне де назар аудармады. «Залда бәрі сізді күтіп отыр, өтінем, менімен жүріңізші» -деп қиыла сұраған сопақ бетке ол ұзақ қарады да төсегінен тұрды. Екеуі есікке қарай тартылып барады. Залда анасы, ағасы және туыстар мен қызыметшілері бәрі жиналып алыпты. Ол өзіне қарап тұрған жанның жүрегін езіп жіберердей сұлулығы мен сұлық сұлбасын зорға көтеріп келеді. Екі жаққа қатар тізілген дөңгелек бастыларды ол көре алмай кетті. Себебі дәл қарсы жағында оны басқа бір адам күтіп тұрған еді. Ол бүкіл жан дүниесімен селк ете түсті. Өздеріне демалыс жариялап жіберген кірпіктер мен қас- қабағы тынымсыз қозғалып кетті. Ол осыдан біраз уақыт бұрын белгісіз жағдайда қайтыс болған сүйген жігітінің сұлбасын анық көріп тұрды. Соңғы кездесулерінде киген киімімен тура сол болмысында оған қарап тұр. Қыздың жүрегінің лүпілі табанынан өтіп жерді сілкіндіре түсті. Сілкінген жерде домалақтар мен сопақтар сілейіп тұра берді.  Ол жігітке жақындады. Жігіттің жанында тұрған бөтен кісі сол сәтте оған кішкентай төрбұрышты зат (пулть) ұсынды. Ол оған назарын зорға бұрды. Алақанына түскен төртбұрыштыны түсінбей бөтенге қайта қарады. «Бұл роботты басқаратын пульт.» Қыздың көңіл -күйі дірілдеп қалды. Оның миы қозғалып болғанша артынан анасының дауысы шықты. «Періштем, бұны ағаң сен үшін арнайы жасатты. Біз сенен қатты алаңдаймыз, сенің қайта қалпыңа келгеніңді бәріміз күтіп отырмыз.»  Ауада қалқымай тура жеткен бұл сөздерді оның қу миы түсініп қойды да жаны қабылдай алмай текпіленіп жатыр. Алақанынан басын алып, қарсы алдына тұрған жігітке қайта қарады. Кірпік қақпастан өзіне қарап телмірген жігітке деген секунд бұрынғы ойы өзгеріп кетті. Ыстық сезімі соңғы рет шошынды. Жасқа толып мөлдіреген көздеріне жігіттің қалай тастай қатып шыдап тұрғанына сене алмай күйініп кетті де ішіне ыза құйылып түсті. Жынданған үмітке алданып қалған тұлғасын долы ашумен артқа бұрды. Соншама сенім мен биіктікті, іскерлікті, ол үшін бұрында ізгілікті сақтап тұрғандай көрінетін ағасына бетпе- бет келіп тұрды да сол пультті ұстатқан алақанымен бетіне бір тартты. Залда тұрғандар ауыз ашып сөйлей алмады. Ол елжіреп тұрған анасына да көңілін кетірген қабағымен қарады да бөлмесіне қарай жүгіріп кетті. Артында көңілсіздік пен сүйген жігіттің кірпіктері қағылмаған күйі қала берді.

Періштенің махаббаты жер бетіне жаңбырдай құйылып ластықты тазартуға, көңілдегі кірлерді кетіруге қанша тырысса да топырақ балшыққа айналып одан әрі қоюлана берді. Күні бойы балшыққа батып сүйген жігіттің топырағын құшақтап жатып алған періштені сүйрелегендей болып жүріп үйге әрең әкелді. Көктен де көзінен де қосарланып аққан жасқа әбден тұншыққан ол қызуы көтеріліп ауырып жатты. Әдетте бөлме есігін ешкім қақпастан кірмейтін еді. Ол қуарған жүзін есікке зорға бұрды. Оның кеудесін тірі уақыт соғып өтті.

Тірі уақыт: Өзінің егізіндей мінсіз жаратыла қойған сұлулықты көрді. Іші бауырымен таныды. Бүкіл әлем шулап, мәз -мейрам боп кетті. Ол төсегінен ыршып түсіп, жігітті бас салып құшақтағысы келді.

Өлі уақыт: Бірақ ол өзіне жақындап келе жатқан қимылсыз көздерден сүрініп қалды. Жігіт оның алдына келді де қолындағы Рафаэлло тәттілерін көрпесінің үстіне қоя салды.

Тірі уақыт: Жігіт екеуі Рафаэлло тәттілерін таласып жеп отыратын. Қыз өткеннен есін жия алар емес. Кеудесінде сезім біткен қайшыласып кетті.

Өлі уақыт: Жігіт терезе жақта тұрған күйсандыққа барды да пернелерді ақырындап баса түсті.

Тірі уақыт: Оған күйсандықта ойнап тұрған өздерінің жарқын дауыстары естіле бастады. Толықтай көтеріліп кеткен сезімдердің толқынысын миы баса алар емес. Өзінің ойға айналып кеткен түрін сілкіп алып, орынынан тұрып кетті. Қатты ашу итеріп, күйсандыққа жетіп барып зорға тоқтады. «Бұған тиіспе, кет!» деген дауысы дірілдеп әрең шықты. Робот жігіт оның бұйрығын қабылдады. Есікке қарай бет алды. Ол тағы жалғыз қалды.

Оны бөлменің іші әбден жалықтырып жіберді. Терезеден түскен күн сәулесі мен құстар оны аулаға қарай дамылсыз шақырып тұрды. Ол әлі аяқтай қоймаған кітабін құшақтап далаға шықты. Үш қабатты ақ сарайдың ауласын періштенің өтініші бойынша ертегідей гүлдер мен жануралар бағы етіп салынған және бассейнның жанында дем алуға арналған арнайы тамаша, жайлы әткеншек те бар еді. Ол сол тербелмелі орындыққа кеп отырды. Айналасына назар аударғысы келген жоқ, әлдебір өткенді еске түсірердей жерлерге қараудан қорқып отыра берді.

Өлі уақыт: Робот жігіт оның артынан келді де әткеншекті тербете бастады.

Тірі уақыт: Ол сол бейненің өзіне жымия қарап орындықты тербетіп, екеуінің әзілдесіп отырған кезін елестетті. Ол осыншама ұқсастықта қайталанып жатқан өткенінің мазағынан қалай құтыларын білмей күйініп кетті. Үлбіреген жүзін ыстық жасы күйдіріп отыра берді.

Өлі уақыт: Жігіт икемсіз қолдарымен оның бетіндегі жасты сүртті. Оның бойын бір салқындық ұрып өткендей болды. Денесі тоңып кетті де аяқтары жылы көрпесіне қарай асықты.

Арада тағы да көңілсіз күндер өтіп кетті. Ол бүгін өткен оқиғадан кейін алғаш рет университтегі сабағына келген. Ол өзін адамдар  шексіз аяп тұрғандай сезінді. Алдаусыратуға тырысқан бүгінгі оқу уақыты да бітіп қалды. Жерге қона алмай жайнап, сөздер мен күлкілер оны қоршап алып жүретін уақытының таусылып қалғанына достары түгіл өзі де таңғалады. Қанша тырысса да езуін тарта алмай ақ қойды. Университет ауласынан шыға қалғанда сол баяғы жүргізушісін көрді бірақ бұл жолы жанында робот жігіт бірге тұрды. Өзіне асқан табынышты қызымет тағы басталып кеткендей көрінді және ол бұдан әбден жалығып біткен еді.

«Мен робот екеуміз жаяу барғым келеді. Сіз кете беріңіз, үйге дейін небәрі үш аялдама ғана ғой, сондықтан алаңдамай жүре беріңіз.» Өтініш емес бұйрықтай естіліп тұрған сөздерге табынышты қызымет иесі қарсы келе алмады. Робот жігіт екеуі жолға шықты. Университет ауласынан бір көшеден кейін балмұздақ сататын дүкен орналасқан еді. Ол бұл араны сағынып қалғандай аса асығыстықпен кірді. Өзіне біреуін құйдырып алда да артында тұрған жігітке «Жейсізбе?»,- деп әдейі сұрады не дағдылы сөзі аузынан шығып кетті.

Тірі уақыт: «Жоқ, мен жігітпін ғой, балмұздақты қыздар жейді.»,- деп егізі одан үнемі бас тартатын да қасында еріп жүре беретін.

Өлі уақыт: «Жоқ, мен жігітпін ғой, балмұздақты қыздар жейді.», деген сөздер ешқандай үтір- нүктесіз, сезімсіз тек қайталанды. Ол бұндай жауап күтпеген еді. Қимылсыз көздерге біраз үнсіз қарап қалды да жүре берді. Жан -жақтан шығып жатқан түрлі дауыстар мен шулар, аяқ астындағы қиыршық жол бәрі олардың табандарында жәншіліп артта қала берді. Екеуара тыныштықты оның қалта телефонының шырылы бұзып жіберді. Анасының жайсыз шыққан дауысы оны үйге қарай аса қорқынышпен асықтырды. Басындағы бүкіл ойлар мен кеудесіндегі сезімдер көшеге шашылып қалды.

Ентігіп үйге жеткенде үлкен есіктен ағасын полиция көлігі алып бара жатқанын байқады. Артынан жүгіріп жетем деген ниетін келген анасы бұзып жіберді. Қызының әлі ешнәрсе түсіне алмай тұрған түрін аяп тұрса да, қысып бара жатқан жаңалық итеріп шығып кетті. «Періштем, ағаңды жігіттің өліміне қатысы бар деп алып кетті.»  Оған бұл сөздер неге екені бірдемде түсінікті бола қойды. Соңғы рет кездесулерінде егізі оған ағасы екеуінің арасында компания бөлісі үшін серіктестік келіспеушіліктер болып жатқаны туралы айтқан сөздерді миы сырқытып қайта оқып берді. Ағасының өзінің алдына неге кінәлі сезінгендігін және өзі үшін ақылға сыймайтын сыйлықты жасағанының себебін енді түсіне бастады. Ой жұмысы бәрін анықтап шешкеннен кейін енді бойындағы сезімдер соғысып кетті. Аяғы биіктікке қарай тартты. Үйлерінің артқы жағындағы бір көшеден кейін орналасқан жеке меншіктегі ойын -сауық кешенінің жетінші қабатына қалай тез жеткенін өзі деп байқамай қалды. Қаншама уақыт бойы ішінде болып жатқан арпалыстар енді әрі қарай өмір сүруге қауқарсыз етіп өзін бір бұрышқа лақтыра салғандай сезінді. Жоқ, ол енді ешнәрсе сезінгісі келмейді. Сезімдер шаршатып бітті. Бұның бәрінен енді биіктіктен төменге құлап бара жатқан сәтінде бір жолата құтылғысы келеді. Алақандарына, аяқтары мен денесіне қарай берді, өзінің қандай жаратылыс екенін алғаш рет көргісі келді. Батып бара жатқан күнге қарап тағы көзінен жас ақты. Алақанымен сүртті де жағылған суға қарап бұл не зат екені туралы алғаш рет ойлады және кеудесін қысып бара жатқан сезім дегенді ұстап алып көргісі келді. Бірақ ол тек өзінің аяқ қолдары мен көзінің қиығы жеткенге дейінгі денесін ғана көрді. Биіктіктің ұшына қарай жақындап келе жатты. Төменге құлап түскенде ғана іштегі барлық сезімдер жарылып шығардай көрінді, сол уақытта оларды ұстап алып аямай соққылағысы келді. Төменді көрді, денесі алдыға қарай босап бара жатқандай еді, артынан келген бір күш оны ұстап алды. Төменге емес, өзіне қарай тартты. Ол ешқандай ой мен сезімнің құшағына кетпестен өзінің қалай қарай құлағанынына енді көзі жетті. Оның денесі  роботтың  қаттылығын сезді. Бұрын ғажайып ыстық күш беретін бұл құшақтан енді салықындық ұрады.

Бұл ерекше салқындық оның жанын жұтып жібергендей денесін бір дүлей қара құйын билеп алып кетті. Темірді өзі жетіп үлгірмей қалған қара жерге қарай итерді. Адамның ниетін түсінуге әлі қуаты жете қоймаған темір жігіт ешнәрсе байқамастан артқа шегіне берді. Өзіне кірпік қақапай қарап тұрған жігіттен ерекше ыстық, сұлу, өткеннің бейнесін қайта көріп қалды да есі оны жұлмалап жіберді. Ол өзінің сол бір ыстық бейнені итеріп тұрғанын не салқын темірді құлатқалы тұрғанын ажырата алмай бойындағы қан тамырлары тарылып кетті. Ол сезімдер қозғалысында адасып қалды.

0
2341
0